Гёте-Институт этникалық немістер үшін Қазақстан және Қырғызстанның тілдік оқу орталықтарымен, серіктестермен тығыз ынтымақтаса отырып, неміс тілінің мектептен тыс тегін тілдік курстарын ұсынады. Шет тілдерін меңгерудің Жалпыеуропалық құзыреттілігіне сәйкес А деңгейінің тілдік курстары ұсынылады.
Неміс тілінің мектептен тыс курстары Қазақстан және Қырғызстанның этникалық немістеріне ғана емес, сонымен қатар басқа да неміс тілін үйренуге қызығушылық танытқандарға да ашылуы қажет. Тілдік курстарды өткізу үшін бір топта этникалық неміс өкілдері - тыңдаушылардың аз дегенде 40 % құрауы маңызды шарт болып табылады.
Гёте-Институт Қазақстан және Қырғызстанның тілдік оқу орталықтарымен, серіктестермен ынтымақтаса отырып, оқу құралдарын да ұсынады, неміс тілін оқытудың әдістемесі мен дидактикасы бойынша неміс қауымын оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін семинарлар ұйымдастырады.
Өтініш
Сауалнама
Ақпарат
Мұғалімдерге арналған ақпарат