Болашаққа деген қандай да жарқын жоспарыңыз болса, неміс тілі сізге көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Неміс тілін үйрену арқылы сіз кәсіби әрі жеке өміріңіздің деңгейін жақсартуға мүмкіндік аласыз.
- © colourbox.com
Кәсіби өмірде: Өзіңіздің неміс тілді серіктестеріңізбен неміс тілінде сөйлесе алу іскерлік байланыстарыңыздың жақсаруына және табысты болуыңызға септігін тигізеді.
- Фото: Getty Images/Adam Gault
Әлемдік мансап: Неміс тілін меңгеру арқылы өз еліңіздегі және шет елдегі неміс фирмаларына жұмысқа кіру мүмкіндіктеріне ие боласыз. Неміс тілін жақсы меңгеру арқылы сіз әлемдік нарықта жүрген жұмыс беруші үшін таптырмас қызметкерге айналасыз.
- © Fotolia / corbisrffancy
Туризм және қонақ үй саласы: Неміс тілді мемлекеттердің туристері өте көп саяхаттайды. Олар өз демалыстарында басқаларға қарағанда көп қаражат шығарады. Олар үшін неміс тілді қызметкерлер мен гидтардың қызметін пайдалану ыңғайлы болмақ.
- Фото: PantherMedia / Darren Baker
Ғылым және зерттеулер: Неміс тілі әлемдегі ғылым саласындағы екінші маңызды тіл. Әлемде ғылым саласында Германия өзінің зерттеулерге қосқан үлестері және дамуымен 3 орынға ие, әрі шетел ғалымдарына көптеген стипендиялар бөледі.
- © Goethe-Institut/Bernhard Ludewig
Коммуникация: Медиа, ақпараттық және коммуникативтік технологиялар саласы дамуының бір талабы - ол көп тілділік. Көптеген маңызды вебсайттар неміс тілінде. Германия жылына жаңа кітаптарды басып шығаруда 86 мемлекет ішінде, Үндістан, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және Ресейден кейін, 6-шы орында келеді. Неміс тілін меңгерсеңіз мол ақпаратқа қол жеткізе аласыз. [Wikipedia, 2014]
- © Getty Images / Neil Guegan
Мәдени түсіністік: Неміс тілін үйрену дегеніміз неміс тілді мемлекеттердегі көп мәдениетті тұрғындардың күнделікті өмірі, армандары мен мақсаттары жайында мағлұмат алу.
- © Getty Images/Manuel Gutjahr
Саяхаттау: Неміс тіліңізді тек неміс тілді мемлекеттерге ғана емес, сонымен қатар, Европаның басқа мемлекеттеріне, әсіресе Шығыс Европаға саяхатыңыз кезінде тереңдете түсіңіз.
- © Goethe-Institut/Loredana La Rocca
Әдебиет, музыка, өнер және философия рахатын сезіну: Неміс тілі Гётенің, Кафканың, Моцарттың, Бах пен Бетховеннің тілі. Олардың туындыларын түпнұсқасында оқу немесе тыңдау арқылы нағыз рахатқа бөленіңіз.
- © Getty Images/Matthias Tunger
Германияда оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі: Германия мемлекеті Германияда білім алуға өте көп стипендиялар бөлінеді. Шетелдік жастар үшін арнайы жұмыс визасы және белгілі мамандықтарға арнайы жұмыс визалары бөлінеді.
- © iStock / Neustockimages
Алмасу бағдарламасы: Германиямен көптеген мемлекеттер арасында оқушылар және студенттермен алмасу жайлы келісімдер орнатылған.