Кеңес және көмек

Кеңес және көмек Фото: Goethe-Institut/Sonja Tobias

Неміс тілін оқыту бөлімі қазақстандық және қырғызстандық мұғалімдерге, мектептерге неміс тілі пәнін жүргізуге/ұйымдастыруға көмектеседі.
  • Кәсіби дайындықбарысында неміс тілі пәнінің оқытушыларына бір күндік немесе бірнеше апталық семинарлар ұсынылады.
  • Ұсыныстар мен материалдар неміс тілінің жарнамасыүшін
  • Ұсынылатын актуальді оқу құралдары.

Мұғалімдерге арналған кітапхана

Мұғалімдер мен оқытушыларға арналған кітапханада Германияда басылып шыққан жаңа оқу-құралдары, сондай-ақ методика-дидактикалық әдебиеттері Алматы қаласында тұратындарға абонементке беріледі.

Мұғалімдерге арналған кітапхананың жұмыс кестесі:
Сейсенбі: 14.00 сағ. - 17.00 сағ.
Бейсенбі: 14.00 сағ. - 17.00 сағ.
Жұма: 12.00 сағ. - 15.00 сағ.

Алдын-ала телефон шалыңыз, өзгерістер болуы мүмкін.
Тел.: +7 727 2798012
bsko@almaty.goethe.org

Неміс тілі саласындағы ынтымақтастыққа серіктестер іздейміз

Қазақстан Гёте-Институты Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстандағы тіл үйрету орталықтарымен табысты түрде ынтымақтаса қызмет етуде.
 

 Ынтымақтастық үшін алғышарттар:
  • Сіз екі жылдан бері неміс тілін шет тілі ретінде (DaF) әр түрлі деңгейде үйретудесіз.
  • Cабақты жүргізетіндер- білікті неміс тілі оқытушылары
  • Сіздің қалаңызда әлі Гёте-Институт серіктестері - тіл үйрету орталығы не тіл мектебі жоқ.
Егер Сіздердің Гёте-Институтпен  ынтымақтаса отырып жұмыс жасау ниеттеріңіз болса, онда бізге хабарласыңыз.  Біз қалауларыңызға орай мүмкіншіліктерді қарастыратын боламыз.   
Хаттарыңызды тіл үйрету орталықтарының үйлестірушісі Нелли Нефф ханымның мына электрондық адресіне  Nelly.Neff@goethe.de жолдаңыздар.

 

Жылдық жинақ Неміс тілі Қазақстанда және Неміс тілі Қырғызстанда

Жылдық жинақ Неміс тілі Қазақстанда және Неміс тілі Қырғызстанда

Қымбатты әріптестер,
  • Гёте Институт Kaзахстан (GI),
  • Бастама : Болашақ серіктес мектептер (PASCH),
  • Германия академиялық алмасу қызметі (DAAD),
  • Федеральды мекеме/ Шетелдегі мектептер бойынша Орталық мекеме (BVA/ZfA)
  • Қазақстандағы неміс тілі мұғалімдерінің Одағы (NDLVK)
  • Сол сияқты Қазақстандағы неміс тілі мұғалімдерінің Одағы (KDLV)
Неміс тілі Қазақстанда “ және „Неміс тілі Қыргызстанда “ жылдық жинақтардың көмегімен Неміс тілін шет тілі ретінде оқыту ісіне өз үлесін қосуға, Қазақстан және Қырғызстан неміс тілі мұғалімдеріне қолдау көрсетуге, сол сияқты осы елдердегі неміс тілін оқытуды жақсартуға бағыт алды. Бұл жинақтарда біздің жұмыстарымыз бен мақсаттарымыз туралы жазылған. Әдетте біздің қонақтар да сөз алады. Жинақта германиялық ұйымдар мен қонақтардың қызметі мен қызмет салалары да қамтылған. Сіздер, егер сұрақтарыңыз немесе сабақ бойынша кейбір ұсыныстарды жүзеге асырғыңыз келсе немесе қосымша материал іздесеңіз тікелей авторларға хабарласа аласыздар. Журналда сол сияқты сабаққа пайдалы ақпараттар да табылады, мүғалімдер әріптестеріне дидактикалық методикалық материалдарды ұсынады.

Rundbrief Deutsch in Kasachstan zum Download

(Bei Klick auf die Überschriften im Inhaltsverzeichnis öffnen sich die jeweiligen Artikel)
Deutsch in Kasachstan. Rundbrief Nr.23 2016-2017 (440 KB)

Rundbrief Deutsch in Kirgisistan zum Download

Deutsch in Kirgisistan. Rundbrief Nr. 11 (2 MB)

(Bei Klick auf die Überschriften im Inhaltsverzeichnis öffnen sich die jeweiligen Artikel)

Байланыс

Біздің желіні бақылап жүріңіз