BibToGo
Деректерді корғау

1. Жауапты тұлғалар

GDPR (Жеке деректерді қорғаудың жалпы регламенті) (әрі қарай "біз"):
Goethe-Institut e.V.
Oskar-von-Miller-Ring 18
80333 Munich, Germany
Phone: +49 89 15921-0
info@goethe.de 

Деректерді қорғау бойынша уәкілетті орган:
Datenschutzbeauftragte
Goethe-Institut e.V.
Oskar-von-Miller-Ring 18
80333 München
datenschutz@goethe.de

2. Тұтынушының аккаунты

Қосымшаны қолдану үшін «Goethe.de-де аккаунт» тіркеу қажет. Тіркеу үшін сіз енгізген деректерді (электронды пошта мен құпиясөз) өңдейміз. Бұл деректердің көмегімен Гёте-Институттың дербес ұсыныстарын пайдалана аласыз.Сонымен қатар, сіз келісім берген мағлұматтар: таңдалған ел мен тіл деректері қолжетімді болады.

2.1 Дербес деректер мен сіз жасаған контент
Goethe.de-де тұтынушының аккаунтын тіркеу барысында міндетті ақпарат ретінде тек біздің қызметіміздің жұмысы үшін немесе сізбен кез-келген шартты қатынастарды жүзеге асыру үшін қажет мәліметтер сұралады.

Сіз берген деректерді мына пайдаланушы келісім-шартты орындау аясында b DSGVO  6-шы бап, 1-ші бөліміне сәйкес жинаймыз және өңдейміз.
  • Goethe.de аккаунт жасау туралы өтінішті тексеру үшін
  • Сіз пайдаланатын тегін қызметтерді ұсыну үшін (блогтар, форумдар, комментарий жазу, өзін-өзі таныстыру, қауымдастықтар, чаттар және т. б.)
  • Сізбен жасалған келісім-шарттар бойынша, атап айтқанда, қосымшаның ақылы функцияларын пайдалануға қатысты міндеттемелерімізді орындау үшін.
Сіз өзіңіз туралы қосымша ақпарат бере аласыз, сонымен қатар фотосурет, блог жазбалары немесе форум түріндегі мәтіндер, талқылау жазбалары және т.с.с мазмұнды («пайдаланушы жасаған контент деп аталатын», «user generated content») орналастыра аласыз. Мысалы: сіздің фотосуретіңіз, мәтіндер мен блогтағы немесе форумдардағы хабарламалар, талқылау кезіндегі ілікпе сөздер және т.б.) Қандай деректер жиналатынын және қандай деректер міндетті немесе ерікті екенін тиісті енгізу формаларынан көруге болады. Біз f DSGVO 6-шы бабының 1-ші бөліміне сәйкес, платформамыздың әртүрлі алмасуларындағы ортақ мүдделерді қанағаттандыру үшін ерікті түрде ұсынылған деректерді өңдейміз.

2.2 Дербес маркетинг
Веб-сайт немесе интернет ұсыныстарды тұтынушыға бейімдеу үшін пайдаланушы аккаунтында көрсеткен деректерді маркетинг мақсатында пайдаланамыз. Мысалы, жеке басты бет немесе профиль бөлімі үшін сіздің сұранысыңызға қарай ұсыныстарды ұйымдастырамыз. Бұл деректер f DSGVO 6-шы бабы, 1-нші бөлімінің, 1-тармағына сәйкес тиімді маркетинг саласы бойынша ұсыныстарды оңтайландыру үшін басымдылыққа ие заңды мүдделерімізді қорғау үшін жасалады.

2.3 Пошта жарнамасы
Біз сіздің аты-жөніңізді, пошталық мекенжайыңызды, жарнама жасау мақсатымен, мысалы, пошта арқылы біздің өнімдеріміз жайлы қызықты ұсыныстар мен ақпараттар жіберу үшін пайдалану құқығын өзімізге қалдырамыз. Бұл біздің мүдделер тепе-теңдігі аясында басым болатын заңды мүдделерімізді қорғау үшін және тұтынушыларға f DSGVO 6-шы бабының 1-ші бөліміне сәйкес жарнамалық өтініштерге байланысты жасалады. Сіздің кез-келген уақытта жоғарыда аталған мақсаттар үшін жасалатын деректерді сақтау мен пайдаланудан бас тартуға құқығыңыз бар. Ол үшін  recht@goethe.de хабарлама жазыңыз.

2.4 Datenveröffentlichung
Егер сіз - a DSGVO 6-шы бабының 1-ші бөліміне сәйкес аккаунт тіркелу мақсатында  өзіңіз жайлы деректерді өңдеуге келісім берсеңіз, басқа пайдаланушылар мынадай деректерді көре алады, мысалы: аты-жөніңізді, пайдаланушы ретіндегі есіміңіз бен сіз жазған мәтіндерді, сонымен қатар, жазылған күні мен уақытын, сіздің және достарыңыздың топқа мүшелігін, сіз жасаған оқулық тізімін, файлдар, рейтингтер, қонақтар кітабындағы жазбаларды, мүшеге кірген мерзімді, жынысы мен онлайн-статусты.

2.5 Деректерді біріктіру
Егер сіз - бұрын Гёте-Институттың басқа да қызметтеріне дербес деректеріңізді ұсынсаңыз және a DSGVO 6-шы бабының 1-ші бөліміне сәйкес өз келісіміңізді берген болсаңыз, біз бұрын берілген деректерді қолданыстағы деректермен біріктіреміз. Бұл келесіде қсынылатын қызметтерге де қатысты: егер сіз бұдан былай Гёте-Институттың басқа да интернет қызметтерін немесе қосымшаларын пайдаланатын болсаңыз, біз оларға сіздің деректеріңізді  тұтынушылардың орталық дерекқоры арқылы ұсынамыз. Осылайша сіз деректеріңізді қайта енгізбей-ақ жаңа қызметтерді ыңғайлы пайдалана аласыз.          

2.6 Өшіру
Егер сіз 7 күн ішінде Goethe.de-тіркелгеніңізді растамасаңыз, тіркелу кезінде көрсеткен мәліметтер жойылады. Тіркеуді растасаңыз, төмендегі түсіндіктемеге сәйкес пайдаланушы аккаунты жасалынады. Goethe.de-аккаунтын және оған байланысты деректерді жою кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін. Ол үшін төменде көрсетілген байланыс арқылы хабарласу қажет немесе аккаунтыңыздың арнайы функциясын пайдалану керек.

3. Қосымшаны пайдалану

3.1 Сіз ұсынған деректер және реттеу
Қосымшада сіз оқырман билетінің нөмірін енгізе аласыз. Сонымен қатар, сіз келесі функцияларды қалауыңызға қарай реттей аласыз: тілді немесе Гёте-институтты таңдау, экран бетінде пайда болатын хабарламаларды жасыру, QR код сканері ретінде камераны пайдалану.

Қосымшаның қызметін қамтамасыз ету мақсатында, деректерді b DSGVO 6-шы бабының 1-ші бөліміне сәйкес келісім-шарт аясында жинаймыз және өңдейміз.

3.2 Пайдалану деректері
Қосымшаны пайдалану кезінде келесі деректер ескеріледі: соңғы әрекет, Goethe.de-гі пайдаланушының аты.

Қосымшаның қызметін қамтамасыз ету мақсатында, деректерді b DSGVO 6-шы бабының 1-ші бөліміне сәйкес келісім-шарт аясында жинаймыз және өңдейміз.

4. Деректер қауіпсіздігі

Жүйемізді сақтау мақсатында оған бөгден адамдардың қол сұқпауын алдын-алу үшін оның ішінде деректердің таралуын, өзгертілуін немесе жойылуын техникалық және ұйымдастыру шаралары арқылы қорғаймыз. Мысалы, Goethe.de-аккаунтын ашу және аккаунтқа кірген кезде SSL-шифрлау жүйесі қолданады.

5. Ihre Rechte und Kontaktmöglichkeit

Мүдделі тұлға ретінде сіз мына құқықтарға ие боласыз:
  • DSGVO 15-ші бабына сәйкес, өзіңіз жайлы өңделетін деректерді сұраттыруға;
     
  • DSGVO 16-шы бабына сәйкес, өзіңіз жайлы кез келген деректерді түзетуге немесе бізде сақталған жеке деректерді толықтыруға;
     
  • DSGVO 17-ші бабына сәйкес, болашақта өңдеуді талап етпейтін жағдайда бізде сақталатын дербес деректеріңіздің жойылуын талап етуге;
    • пікір білдіруге және сөз бостандығын пайдалануға;
    • заңды міндеттемелерді орындауға;
    • қоғамдық қызығушылық болған жағдайда немесе
    • сот талаптарын орындау және қорғауға;

       
  • DSGVO 18-ші бабына сәйкес, сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге шектеуді талап етуге;
    • өзіңіз енгізген деректердің дәлдігі дау тудырған жағдайда
    • өңдеу заңсыз, бірақ сіз оны жоюдан бас тартасыз;
    • бізге енді деректер қажет емес, бірақ олар сізге заңды талаптарды ұсыну, орындау немесе қорғау үшін қажет, немесе
    • Сіз DSGVO 21-ші бабына сәйкес өңдеуге қарсылық білдірдіңіз;
  • DSGVO 20-шы бабына сәйкес, сіз бізге ұсынған дербес деректеріңізді құрылымдалған, жалпыға қолжетімді және машинамен оқылатын форматта алуға немесе оларды сұратқан жағдайда басқа жауапты тұлғаға жіберуге;
  • DSGVO 77-шы бабына сәйкес бақылау органына шағымдануға құқыңыз бар. Заң бойынша ол үшін сіз, тұрғылықты жеріңіз, жұмыс орныңыз немесе біздің компанияның орналасқан жері бойынша штаб-пәтеріне хабарласа аласыз.
Егер сізде дербес деректеріңізді жинауға/өңдеуге/пайдалануға/ақпарат алуға/өңдеуді түзетуге, шектеуге немесе жоюға қатысты сұрақтарыңыз болса, дербес деректерді қорғау жөніндегі қызметкермен хабарласыңыз. (1-бөлімді қараңыз). Сонымен қатар, біз белгілі бір деректерді пайдалануға берілген келісімді немесе бас тартуды кері қайтару, деректердің тасымалдану құқығына байланысты сұрақтарыңызға да жауап береміз.

6. Қарсылық білдіру құқығы

Мүдделер тепе-теңдігі кезінде басымдылық танытатын заңды көз-қарастарымызды қорғау үшін, жоғарыда сипатталғандай жеке деректерді өңдейміз. Сіз бұл өңдеуге өтініш берілген уақыттан бастап, қарсы бола аласыз. Егер өңдеу тікелей маркетинг мақсатында жүзеге асырылса, жоғарыда айтылғандай кез келген уақытта осы құқықты пайдалана аласыз. Ал, өңдеу басқа мақсаттар үшін жасалса, нақты жағдайдың шыққан себептері болған кезде ғана қарсылық білдіруге құқығыңыз бар.

Қарсылық білдіру құқығыңызды жүзеге асырған соң, егер біз сіздің мүддеңізге, құқығыңызға немесе бостандығыңызға нұқсан келтіретін заңды себепті таба алмасақ, сіздің жеке деректеріңізді өңдеуді тоқтатамыз. Сондай-ақ, өңдеу заңды талаптарды қоюға, оларды жүзеге асыруға немесе қорғауға арналған болса, біз сіздің дербес деректеріңізді осы мақсаттар үшін өңдеуді жалғастырмаймыз.

Егер тікелей маркетинг мақсатында жүзеге асырылса, өңдеу жасалынбайды. Бұл жағдайда біз сіздің дербес деректеріңізді аталған мақсатқа қолданбаймыз.