ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
Гёте-Институт т. ұ., Оскар фон Миллер риң 18, 80333 Мүнхен
Телефоны: +49 89 15921-0, info@goethe.de („Гёте-Институт“) goethe.de веб-сайтын („Веб-сайт“) пайдалануға қатысты
МАЗМҰНЫ
- Қолданылу аясы және шарттың мәні
- Тіркелу және шарт жасасу
- Гёте-Институттың қызметі
- Пайдаланушының міндеттері мен өзін-өзі ұстау ережелері
- Міндетті орындамағаны үшін қолданылатын ықпалшаралар, платформадан шығару
- Пайдалану құқықтарының берілуі
- Кепілдік және жауапкершілік
- Шарттың жарамдылық мерзімі және күшін жоюы
- Пайдалану шарттарын өзгерту
- Құқық таңдау
- Дауды шешу
- Шартты қайтарып алу
1. Қолданылу аясы және шарттың мәні
Осы веб-сайттың дербес аумағын пайдалану үшін тиісті тіркеуден кейін «Пайдаланушы» мен веб-сайт операторы ретіндегі Гёте-Институт арасындағы қарым-қатынас төмендегі пайдалану шарттары бойынша реттеледі.
Шарттың мәні веб-сайтты ақпарат және қарым-қатынас платформасы ретінде тегін пайдалану («Қызмет»). Ақылы қашықтан оқу курстары тек Жалпы мәміле жасасу шарттарына сәйкес қана реттеледі.
2. Тіркелу және шарт жасасу
Дербес көрсетілетін қызметті пайдаланудың алғышарты алдын ала тіркелу болып табылады. Тіркелу кезінде пайдаланушы шынайы ақпарат беріп, Құпиялық саясатымен танысуы тиіс. Тіркелген соң, пайдаланушыға, растау үшін, сілтеме салынған электронды хат жіберіледі. Гёте-Институт пайдаланушының аккаунтын белсенді қылған сәттен бастап, веб-сайтты өтеусіз пайдалану туралы шарт күшіне енеді.
Пайдаланушы аккаунтына қолжеткізу құқығын үшінші тұлғаларға беруіне болмайды және аккаунт иесі ретінде, ол заңсыз пайдаланылса, жауапқа тартылады. Сондықтан ол аккаунтына кіру деректерін құпия ұстауға және оны үшінші тұлғалардан қорғауға міндетті. Пайдаланушының аты ретінде құқығы қорғалған сауда белгілерін не басқа жеке не заңды тұлғалардың атауларын пайдалануға болмайды.
3. Гёте-Институттың қызметі
Гёте-Институт пайдаланушыға осы пайдалану шарттарының аясында сайттағы материалдарды оқуға, жариялауға, сол сияқты өзге пайдаланушылармен бөлісуге рұқсат етеді. Осыған орай Гёте-Институт, өзінің техникалық және экономикалық мүмкіндіктеріне қарай, пайдаланушыға қауымдастық қарым-қатынас қызметінің түрлі мүмкіндіктері бар бір платформаны пайдалануға береді.
Қауымдастық қарым-қатынас қызметінің мақсаты – Гёте-Институттың білім беру және мәдени қызметі тұрғысынан ұсынатындарына қатысты тақырыптық-пәндік пікір алмасуға мүмкіндік беру. Гёте-Институт платформаны өз міндеттерінің аясында жүргізеді. Платформа жалпы пікір алмасу, пайдаланушылардың өздерін таныстыруы үшін не көңіл көтеруі үшін қызмет етпейді.
Цифрлық өнімді ұзақ уақыт пайдалануға бергенде, біз өнімді шартқа сәйкес күйде ұстау үшін, егер ол үшін
- қандайда бір орынды себеп болса,
- сіз артық шығын шығармайтын болсаңыз және
- біз сізге өзгерістер жайлы анық және түсінікті ақпарат беретін жағдайда.
Орынды себептерге цифрлық өнімді жаңа бір техникалық ортаға не пайдаланушылар санының өсуіне қарай бейімдеу үшін немесе басқа бір маңызды өндірістік-техникалық себептерге байланысты өзгеріс енгізу талап етілетін жағдайлар жатады.
Өзгерістің пайдаланушының қауымдастық қарым-қатынас қызметіне қол жеткізуіне не оның пайдаланушыға қолайлылығына тигізер әсері аз ғана болмаса, Гёте-Институт, пайдаланушыға өзгерістің әсер етуінен бұрын, тиісті мерзім ішінде электронды пошта арқылы өзгеріс пен пайдаланушының құқығы жайлы ақпарат жібереді.
4. Пайдаланушының міндеттері мен өзін-өзі ұстау ережелері
Тіркелу кезінде пайдаланушы тіркеу формулярына сәйкес өзі жайлы үнемі шынайы, өзекті және толық ақпарат беруге міндетті және өзіне қатысты Гёте-Институт пен басқа пайдаланушыларды жаңылыстыруына болмайды.
Сайтта материал жариялау арқылы пайдаланушы өзінің сол үшін қажетті барлық құқыққа ие екенін растайды. Пайдаланушының сайтта қоғамдық нормаларға не қолданыстағы заңға қайшы келетін материалдарды жариялауына не басқа пайдаланушыларға жіберуіне болмайды. Пайдаланушының әсіресе мынадай матреиалдарды жариялауына не басқа пайдаланушыларға жіберуіне болмайды
- жариялануы қылмыстық іс не қоғамдық тәртіпті бұзу болып табылатын,
- авторлық құқық, тауар белгісі құқығы не бәсеке туралы заңнамаға қайшы келетін,
- өзгелердің құпиялылық құқығын бұзатын (мысалы, жіберушінің келісімінсіз оның жеке чатқа жазғанын жариялау),
- адамды қорлайтын, шындыққа жанаспайтын, нәсілшілдік, адамды кемсітетін, кәмелетке толмағандарды бұзатын не порнографиялық мазмұндағы,
- Ішінде жарнамасы бар материалдар, оған астына не хабарлама ішіне жазылған ілеспе мәтіні бар не мәтінсіз графика немесе сілтеме де жатады.
Пайдаланушылар, оған қоса, үнемі жалпы әдептілік ережелерін («Желі этикетін») сақтауға, бір-біріне сыйластықпен қарауға тиіс және олардың қызметті басқа пайдаланушыларды не үшінші тұлғаларды қорқытуға, мазалауға, оларға басқа бір жолмен зиян келтіруге, алдауға не олардың абыройына нұсқан, бизнесіне залал келтіру үшін пайдалануына тыйым салынады.
Оған қоса бір қауымдастықтың қандай да бір аумағы анық арналған тақырыптарға еш қатысы жоқ не басқаша бір жолмен тақырыптық және пәндік пікір алмасуға (3-пункт) кедергі келтіруі мүмкін материалдарды жариялауға жол берілмейді. Оларға әсіресе мағынасыз не мазмұны ұқсас материалдардың жаппай жариялануы («спам») жатады.
Басқа пайдаланушының осы пайдалану шарттарын бұзғанына куә болған пайдаланушы оны kdf@goethe.de электронды поштасы арқылы әкімшіге хабарлауға міндетті.
5. Міндетті орындамағаны үшін қолданылатын ықпалшаралар, платформадан шығару
Жоғарыда 4-пунктте аталған (өзге пайдаланушылардың шарттарды бұзғанын хабарлау міндетінінен басқа) міндеттер орындалмаған не олардың орындалмағаны жайлы негізді күдік туындаған жағдайда, Гёте-Институт Пайдаланушыға қарсы өз қалауы бойынша келесі ықпалшараларды қолдана алады:
- Пайдаланушының жариялаған материалы Гёте-Институттың қарастыруы бойынша 4-пунктте көрсетілген әдеп ережелерін бұзу болып саналатын болса, ол жойылады не оның мазмұны өзгертіледі,
- ескерту жасалады,
- Қызметті пайдалануға шектеу қойылады,
- Қызметті пайдалану уақытша не біржола бұғатталады,
- Пайдалану туралы шарт бұзылады және пайдаланушының барлық деректері мен материалдары жойылады, ешқандай мерзімсіз және алдын ала ескертусіз.
Жарияланған материал 4-пунктке қайшы келетін болса, Гёте-Институт оны ешқандай ескертусіз-ақ бұғаттай алады. Пайдаланушы түсініктеме бере алуы үшін, Гёте-Институт оны хабардар етеді. Материал 4-пунктке қайшы келмейтін болып шықса, Гёте-Институт бұғатты алып тастайды.
Гёте-Институт Пайдаланушының аккаунтына қолжеткізуін, ол шартты қасақана, жүйелі түрде не өрескел бұзған кезде ғана, алдын ала ескертусіз бұғаттайды. Әйтпесе пайдаланушы бір ескерту алғаннан кейін әдептілік ережелерін қайта бұзған жағдайда ғана, платформа ол үшін біржолата бұғатталады.
Оның үстіне қол жеткізу алдымен уақытша ғана бұғатталады және Гёте-Институт пайдаланушыға белгілі бір ақылға қонымды уақыт ішінде түсініктеме беруге мүмкіндік жасайды. Тек сол түсініктеме негізінде не соның мерзімі өткеннен кейін ғана, Гёте-Институт қол жеткізуді біржолата бұғаттау туралы шешім қабылдайды.
Пайдаланушы Гёте-Институтты үшінші тұлғалардың жоғарыдағы 4-пунктте көрсетілген (өзге пайдаланушылардың шарттарды бұзғанын хабарлау міндетінен басқа) міндеттерді пайдаланушының орындамауының негізінде тағып отырған кінәрат-талабынан босатады. Пайдаланушы ондай кінәрат-талаптан қорғау кезінде Гёте-Институтқа ақпаратпен де, құжаттармен де адал қолдау көрсетуге міндетті. Пайдаланушы Гёте-Институтты заңды түрде қорғауға қажетті шығындарды өтеуге де міндетті. Гёте-Институттың басқа құқықтары мен залалды өтеуді талап ету құқығына қол сұғуға болмайды.
6. Пайдалану құқықтарының берілуі
Жарияланған материалдардың авторлық құқығы, олардың авторлық құқықпен қаншалықты қорғалғанына қарай, оны жариялаған пайдаланушыға тиесілі. Әйтсе де Пайдаланушы Гёте-Институтқа goethe.de сайтында өз материалын жариялау арқылы материалды
- ұзақ уақыт сайтта (аударып та) қолжетімді етуге,
- басылып шыққан күйде (аудармасын да) көбейтуге және таратуға,
- сайтта орынын ауыстыруға және басқа материалдармен біріктіруге,
- өңдеуге, әсіресе қысқартуға, аударуға, сайттағы орынын ауыстыруға және/не басқа материалдармен, сайттан тысқары да, біріктіруге,
- өзгертуге не, егер 5-пунктке сәйкес қажет болса, жартылай өшіруге
әлемнің бар елдерінде жарамды және мерзімдік тұрғыдан шектеусіз айрықша емес құқығын береді.
Пайдаланушының өзі жариялаған материалды жоюға не түзетуге құқығы жоқ. Деректерді қорғау туралы жалпы реттеменің (2016/679 ЕО Реттемесі), авторлық құқық туралы заңның ережелері мен пайдаланушының материалды жоюға қатысты кез-келген заңды міндетіне бұл ереже әсер етпейді.
7. Кепілдік және жауапкершілік
Қандай да бір цифрлық өнім ақаулы болса, кепілдікті орындау талап етіледі. Қызмет ақауларына қатысты талаптар, 1-пунктке сәйкес, қызмет пайдалануға берілген сәттен бастап екі жыл ішінде, бірақ, ең кемі, шарттың жарамдылық мерзімі аяқталған соң бір жыл өткенде ғана, күшін жояды.
Пайдаланушының Гёте-Институтқа, оның органдарына, қызметкерлеріне және өкілдеріне қойған зиянды өтеу жөніндегі талабы, егер одан кейін басқаша жасалған келісім болмаса, қарастырылмайды. Гёте-Институттың берген кепілдігіне не кепілгерлігіне, адам өміріне не денсаулығына тиген залалды өтеуге, тауар сапасы үшін жауапкершілік туралы заңға және шартта көрсетілген негізгі міндеттерді орындамау салдарынан болған зиянды өтеу жөніндегі талапқа негізделген зиянды өтеуге қатысты талаптар бұған жатпайды. Шарттың негізгі міндеттеріне шарт мақсатына жету үшін орындалуы тиіс міндеттер жатады. Жауапкершіліктен бас тартудың қызмет жеткізушінің, оның заңды өкілдерінің не сенім білдірген адамының өз міндеттерін қасақана немесе өрескел түрде және немқұрайдылықпен орындамауы салдарынан туындаған залал үшін жауапкершілікке қатысы жоқ.
8. Шарттың жарамдылық мерзімі және күшін жоюы
Бұл келісімшарттың белгіленген мерзімі жоқ және оны екі тарап та кез-келген уақытта мәтін түрінде (мысалы, электронды пошта арқылы) бұза алады.
Гёте-Институт, шарт бұзылғаннан кейін, пайдаланушының әзірлеп, басқа пайдаланушылармен бөліскен матреиалын жоюға құқылы, бірақ міндетті емес. Пайдаланушы бірақ кез-келген уақытта өз аккаунтын және онда сақталған көпшілікке арналмаған деректерді өшіруді талап ете алады.
Егер бір маңызды себеп болса, әсіресе 4-пункте көрсетілген міндеттер өрескел не бірнеше рет бұзылатын болса, қажет болған жағдайда, нәтижесіз ескертуден кейін, Гёте-Институт пайдаланушының қолжеткізуін бірден бұғаттап, шартты да бірден бұзуға құқылы. Ондайда пайдаланушы тек Гёте-Институттың алдын ала жазбаша келісімімен ғана қайта тіркеле алады.
9. Пайдалану шарттарын өзгерту
Гёте-Институт бұл пайдалану шарттарын себебін түсіндірмей-ақ өзгерту құқығын сақтап қалады. Гёте-Институт пайдаланушыны өзгерістер жайлы, пайдаланушы өзгертуден кейін алғаш кірген кезде, хабардар етеді және оның өзгертілген пайдалану шарттарымен келісімін сұрайды. Пайдаланушы, кем дегенде, 14 күннен тұратын ақылға қонымды мерзім ішінде қарсы пікір білдірмесе, пайдалану шарттары қабылданған болып саналады. Гёте-Институт пайдалану шарттарын өзгерту туралы хабарлаған кезде, пайдаланушы көрсетілген мерзім ішінде қарсы пікір білдірмесе, ол оның келіскені болып саналатынын ерекше атап айтады. Пайдаланушы қарсы болатын болса, Гёте-Институт 8-пунктке сәйкес шартты бұза алады.
Мұрағат
10. Құқық таңдау
Шарт бойынша Гёте-Институт пен пайдаланушы арасындағы қатынас Герман Федеративтік Республикасының заңнамасымен реттеледі. Тұтынушыларға ондай құқық таңдауы тек өзі жалпы мекен ететін мемлекеттің тұтынушылар құқығын қорғау туралы негізгі ережелеріне сәйкес берілетін қорғаныштан айырмайтын дәрежеде ғана қолданылады.
11. Дауды шешу
Еуропалық комиссия дауды онлайн режимде шешуге (ДОШ) арналған платформа ұсынады және оны мына жерден табасыз: http://ec.europa.eu/consumers/odr/. Тұтынушылардың бұл платформаны өз дауларын шешуге пайдаланатын мүмкіндіктері бар. Біз тұтынушылардың арбитраждық кеңесіндегі соттан тыс арбитраждық сот рәсіміне қатысуға дайынбыз. Жауапты орган – дауды шешу орталығы тіркелген ұйымының Федералдық әмбебап арбитраждық органы, Страсбург көшесі 8, 77694 Рейндегі Кеел, (Universalschlichtungsstelle des Bundes am Zentrum für Schlichtung e.V., Straßburger Straße 8, 77694 Kehl am Rhein) https://www.verbraucher-schlichter.de/.
12. Шартты қайтарып алу
Тұтынушылар заң жүзінде қайтарып алу құқығына ие.
ҚАЙТАРЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫНА ТҮСІНІКТЕМЕ:
Қайтарып алу құқығы
Сіз он төрт күн ішінде, еш түсініктеме бермей-ақ, бұл шартты қайтарып алуға құқылысыз.
Қайтарып алу мерзімі шарт жасасқан күннен бастап он төрт күн.
Қайтарып алу құқығын пайдалану үшін, бізге (Гёте-Институт т. ұ., Оскар фон Миллер ринг 18, 80333 Мүнхен, телефон: +49 89 15921-0, info@goethe.de) осы шартты қайтарып алу туралы шешіміңізді айқын көрсететін түсініктеме жазып (пошта арқылы не электронды пошта арқылы) хабарлаңыз. Ол үшін қосымшада берілген қайтарып алу-үлгі-формулярын пайдалансаңыз болады, бірақ міндетті емессіз.
Қайтарып алуды мерзімінен кешіктірмеу үшін, қайтарып алу құқығын пайдалану туралы хабарыңызды қайтарып алу мерзімі өтпей тұрып жіберуіңіз жеткілікті.
Қайтарып алу салдары Шартты қайтарып алатын болсаңыз, біз сізге төлеген барлық төлемдеріңізді, жеткізіп беру құнын (Сіздің жеткізіп берудің біз ұсынған ең тиімді стандартты түрінен өзге түрін таңдауыңызға байланысты туындаған қосымша шығынды есептемей) қоса, кешіктірмей, ең ұзақ дегенде, сіздің шартты қайтарып алу туралы хабарыңызды алған күннен бастап он төрт күн ішінде қайтаруға тиіспіз. Төлемді қайтару үшін, егер сізбен арада жасалған басқа анық келісім болмаса, өзіңіз бастапқы транзакция жасаған құрал пайдаланылады; Төлем қайтарылғаны үшін сізден ешқандай комиссия алынбайды.
Қайтарып алу кезеңінде қызмет көрсетуді бастауды талап еткен болсаңыз, бізге шартта жазылған қызметтің жалпы көлемімен салыстырғанда көрсетілген қызметтің осы шартты қайтарып алу құқығын пайдалану туралы бізге хабарлаған сәтке дейінгі үлесіне сәйкес келетін ақылға қонымды соманы төлеуге тиіссіз.
(Ол үшін келесі формулярды пайдалансаңыз не қайтарып алу туралы өтінімді еркін түрде жазсаңыз болады.)
ҚАЙТАРЫП АЛУ ФОРМУЛЯРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
(Wenn Sie den Vertrag widerrufen wollen, dann füllen Sie bitte dieses Formular aus und senden Sie es zurück.)
Goethe-Institut e. V.
Oskar-von-Miller-Ring 18,
80333 München
Deutschland
info@goethe.de
Осымен мен/біз (*) өзім/өзіміз (*) келесі тауарларды сатып алу / келесі қызметті (*) көрсету туралы жасасқан шартты қайтарып аламын/аламыз
______________________________________________________
______________________________________________________
тапсырыс берілген күні (*) _____________________ (*)/алынған күні (*) _____________________
Тұтынушының/Тұтынушылардың аты-жөні
______________________________________________
Тұтынушының/Тұтынушылардың мекен-жайы
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
Тұтынушының/Тұтынушылардың қолы (қағаз жүзінде хабарланса ғана)
______________________________________________
Мерзімі
______________________________
(*) Сәйкес келмейтінін сызып тастау керек.