Fortbildungszentrum Zentralasien

Junge Frau sitzt mit Laptop in einem Sessel in einem Wohnzimmer © Foto von Surface auf Unsplash

Cіз дұрыс таңдау жасадыңыз! Fortbildungszentrum Zentralasien – шет тілі ретінде неміс тілі (DaF) пәнінің ынтасы жоғары оқытушылары үшін ұзақтығы әртүрлі біліктілік арттыру бойынша онлайн-курстардың жоғары сапалы бағдарламасын ұсынады.

Неміс Тілі Оқытушыларына Арналған Оқу Курстарын Ұйымдастыру Бойынша Сіздің Серіктесіңіз

Goethe-Institut 70 жылдан астам уақыттан бері неміс тілін шет тілі ретінде (DaF), сондай-ақ неміс тілі пәні оқытушыларының біліктілігін арттыру саласындағы әлемдік сарапшы болып табылады. Біз әлемнің 151 елінде қызметімізді атқарамыз.

Неміс тілі шет тілі ретінде оқытылатын, тұрақты дамып жатқан динамилық, әрі инновациялық пән. Goethe-Institut соңғы ғылыми жетістіктерді неміс тілін шет телі ретінде оқытудағы көп жылдық практикалық тәжірибемен үйлестіріп келеді.

Fortbildungszentrum Zentralasien мектептен бастап, университеттер мен кәсіптік училищелерге дейінгі   барлық оқу орындарының оқытушылары үшін жоғары сапалы, кең спектрлі оқу курстарын ұсынады. Біздің курстарымыз ыңғайлы ұйымдастырылғандықтан қатысушылардың өз қажеттілігіне қарай, ұзақтығы түрлі курстарды таңдауына мүмкіндіктері бар.

Біздің ұсынысымыз неміс тілін шет тілі ретінде оқытатын оқу орындарына (топтық тіркеу), сондай-ақ, үздіксіз білім алу мақсатымен қосымша біліктілікті игергісі келетін ынталы оқытушыларға (жеке тіркеу) арналған. Тәжірибелі оқытушылар да, жаңадан келген мамандар да біздің портфолиодан өзіне қолайлы курсты таба алады.

Оқу курстарын Орталық Азияның тәжірибелі және арнайы дайынддықтан өткен оқытушылары жүргізеді. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға 18 академ. сағаттық немесе 36 академ. сағаттық курстың сертификаты табысталады.

Қызықтыңыз ба? Ендеше ағымдағы оқу бағдарламамыз туралы толық ақпаратты біздің брошюрадан табасыз. Неміс тілін оқытудың болашағын бірлесіп қалыптастырайық!
 

Біліктілікті арттыру ға арналған ұсыныстарымыз

Fortbildungszentrum Zentralasien сіздің бұған дейінгі тәжірибеңіз бен еліңіздің талаптарына сай бейімдеп, қолайлы ұсыныстар дайындады. Бір жыл ішінде біліктілікті арттыру үшін өзіңізге қажетті, ең аз академиялық сағатты (ак.сағ.) жинап, ұзақтығы әртүрлі бірнеше курсқа жазыла аласыз.

Fortbildungszentrum Zentralasien Fortbildungsangebote © Goethe-Institut, GettyImages

Мен қатысқан Goethe-Institut-тың DaF бағытындағы біліктілік арттыру курсы көңілімде жағымды әсер қалдырды. Әсіресе неміс тілі оқытушысы ретінде менің жұмысымның басында өткен бұл алғашқы біліктілік арттыру курсы маған құнды практикалық идеялар берді, сонымен қоса ең алдымен өз бетімше кәсіби дамуым үшін ынтамды жақсы көтерді.
Айдана Калинина Алматыдан

Айдана Калинина Алматыдан © Айдана Калинина

Goethe-Institut-тың біліктілік арттыру курстары заманауи және практикалық оқыту әдістерінің баға жетпес көзі болып табылады. Практикалық мазмұны мен әріптестермен белсенді пікір алмасудың арқасында мен өзімнің оқытушылық дағдыларымды жаңа деңгейге көтере алдым.
Маргарита Родина Ташкенттен

Маргарита Родина Ташкенттен © Маргарита Родина

Fortbildungszentrum Zentralasien © Goethe-Institut

Біздің желіні бақылап жүріңіз