Жиі қойылатын сұрақтар
Мұнда сізге Гёте-Институттың емтихандары жайлы жалпы және жиі қойылатын сұрақтар туралы ақпарат береміз.
A1 – C2 Гёте-сертификаттары туралы басқа сұрақтарыңыз болса, тікелей біздің емтихан орталықтарымыздан (Гёте-Институт, Гёте-орталықтар, Емтихан серіктестігі мүшелері) жеке, тегін кеңес алсаңыз болады.
Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді. Олар неміс тілін шет тілі ретінде және неміс тілін екінші тіл ретінде меңгерудің дәлелі ретінде қарастырылады.
Емтихандарға қатысу үшін тиісті жас мөлшері ұсынылады.

Емтихан өткізетін орталықтарда сол жердегі өз мүмкіндіктеріне орай ерекше қажеттілігі бар жандарға (мыс. созылмалы ауру, не көру не есту кемістігі бар) жеке мүмкіндік беріледі. Ал кемістіктің түрі мен дәрежесі туралы емтиханға тіркелгенде, медициналық құжат арқылы көрсетілуі керек.
Емтихан өткізетін орталық мұнда құпиялық сақтайды.
Толығырақ ақпараттарды сіздер емтихан тапсыратын кезде тікелей сол Емтихан өткізетін орталықтан ала аласыздар.

Дәрісханадан белгілі бір мөлшерленген уақытқа (әжетханаға) шыға аласыз. Бұл туралы «Емтихан өткізу хаттамасына» ескертпе жазылады.
Goethe-Zertifikate A1 – C2-дың Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартына (GER) сәйкес алатын орнын мына жерден қарай аласыз
Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандарты (GER)

Ол үшін тек қандай да бір тіл курсына, деңгейді анықтау тестіне, емтиханға т.с.с. қатысқаныңызды білдіретін жай анықтама жеткіліксіз.
Тек Goethe-Zertifikate A1 - C2 немесе Kleine немесе Große Deutsche Sprachdiplom емтиханын тапсырғаныңыз жайлы емтихан куәлігі ғана бүкіл әлемде неміс тілін шет тілі ретінде меңгергеніңіздің халықаралық дәрежеде танылған дәлелі бола алады.

Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom, Zentrale Oberstufenprüfung, Kleines Deutsches Sprachdiplom және Großes Deutsches Sprachdiplom емтихандары Германияның ЖОО-нда (университетте) оқуға құқық беретін куәлік ретінде танылған және TestDaF немесе басқа бір ЖОО-на түсуге қатысты емтихан (DSH) тапсырудан босатады.
Өзіңіз таңдаған ЖОО-ның, мамандықтың не пәннің тілге қатысты талаптарын сол оқу орнынан (университеттен) біле аласыз не мына жерден іздесеңіз болады www.sprachnachweis.de.

Гете-Институттың барлық емтихандарында жазбаша емтихан жауаптарын бағалауда 2006 жылғы тамыз айында қабылданған жазу ережелері негізге алынады. Ол үшін „DUDEN. Die deutsche Rechtschreibung“ (ab 24. Auflage 2006) und „WAHRIG. Die deutsche Rechtschreibung“ (ab 2006) негіз болып табылады.
Қолданыстағы ережелерді Интернеттен мына жерден табасыз:

Оқу әр адамның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты процесс. Бір деңгей сатысына жету үшін қанша уақыт керек екені түрлі жағдайларға, жеке факторларға да байланысты: қызығушылық, уақыт, қосымша жаттығуларды пайдалану.
Бұрын бір немесе бірнеше тілді меңгерген болсаңыз, неміс тілін тез үйренесіз. Тіл үйрену курсына өз еліңізде әлде курстан тыс уақытта да неміс тілін естіп, сөйлеуге мүмкіндік бар Греманияда қатысып жүрсіз бе, оның да маңызы зор.
Оқу процесі үшін оқудың қарқындылығы да (қарқынды не кешкі курс т.с.с.) сондай маңызды. Бұл туралы қалаған емтихан орталығынан кеңес алсаңыз болады.

Әр емтиханға жаттығу және ақпарат материалдарын
- Online жаттығуға арналған материалдар
- Жүктеуге арналған материалдар
- Тапсырыс беруге болатын материалдар
- Емтихан ережесі және өткізу нұсқаулықтары
Кей емтихандар үшін сырттай оқу және Online курс материалдары бар.
Неміс тілін қашықтық сабақ арқылы үйрену

Емтиханды тұтасымен қалағаныңызша қайталап тапсыруға болады. Жекелеген бөлімдерін, сол сияқты емтиханды бөліп қайталау туралы емтихан өткізу нұсқаулығында жазылған.
Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1 – емтиханында кем дегенде 30 балл (ең жоғарғы баллдың
50 % ) жинаса және емтиханның барлық бөліктерін тапсырса, өткен болып есептеледі.
Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1-емтиханында кем дегенде 60 балл (ең жоғарғы баллдың 60 % ) жинаса және емтиханның барлық бөліктерін тапсырса, өткен болып есептеледі.
Goethe-Zertifikat A2 / Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch - емтиханында кем дегенде 60 балл (ең жоғарғы баллдың 60 % ) жинаса және емтиханның барлық бөліктерін тапсырса, өткен болып есептеледі. Мұнда жазбаша бөлікте кем дегенде 45 балл және ауызша бөлікте кем дегенде 15 балл жинау керек.
Басқаша жағдайда емтихан тапсырылмаған болып есептеледі.
B1, B2, C1 және С2 Goethe-Zertifikat модульді емтихандар
Бір модульда 60 балл алса, яғни 60 % болса, онда ол тапсырылған болып табылады.

Гете-Институт беретін Goethe-Zertifikate A1 – C2 куәлігінің жарамдылығы шексіз.
Көптеген ұйымдар мен жұмыс берушілер бірақ көп дегенде екі жыл бұрын берілген куәлікті талап етеді.
Zentrale Oberstufenprüfung (ZOP) туралы, das Kleine Deutsche Sprachdiplom (KDS) және das Große Deutsche Sprachdiplom (GDS) куәліктері жаңа Goethe-Zertifikats C2: Großes Deutsches Sprachdiplom-ды енгізгеннен бері, яғни, 01.01.2012 жылдан бастап C2 деңгейіндегі емтиханды енгізгеннен бері жарамды.

Негізінен дубликат берілмейді.
Егер емтихан тапсырғаныңызға 10 жыл толмаса, сіз емтихан тапсырған орталық ақылы анықтама бере алады.

Адамның тегі өзгерген (тұрмысқа шығу, асырап алу, ажырасу т.с.с.) жағдайда, жаңа куәлік те, анықтама да берілмейді.
Адам тегінің өзгеруі тиісті ресми құжат (тууы туралы, неке куәлігі т.с.с.) не оның расталған көшірмесі арқылы дәлелденуі тиіс.
Емтихан тапсырушының тегі, яғни, тегінің жазылуы ол емтихан тапсыруға өтініш жазған кезде, фото жапсырылған жеке куәлігінен көшіріп алынады. Емтихан тапсыру куәлігі соның негізінде толтырылады.

Ресми аударманы мемлекеттік тұрғыдан танылған аудармашы не аударма кеңсесі жасай алады.
Емтиханға қатысу белгілі бір тіл немесе дайындық курсына, төменгі сатыдағы тіл меңгеру деңгейін көрсететін сертификат алуға да байланысты емес.
Әйтсе де, біз емтихан орталықтарында өтетін дайындық курсына қатысуды ұсынар едік. Онда сіз емтихан тапсыруды мүмкіндігінше жеңілдететін тіл және емтихан ерекшеліктеріне байланысты қажетті дағдыларды игересіз.
Бұл туралы өзіңіз қалаған емтихан орталықтарынан тікелей кеңес сұрасаңыз болады.

Егер сіз емтиханды Goethe-Institut-та тапсырған болсаңыз және басқа ешқандай ақпарат алмасаңыз, онда емтихан нәтижелерін сіз Mein Goethe.de -ден қарап ала аласыз.
Mein Goethe.de тіркелуде көмек көрсету:
© Goethe-Institut
Емтихан нәтижелерін қарап және алу үшін көмек
© Goethe-Institut
Сұрақтар болса тікелей Goethe-Institut-қа хабарласыңыз.
Егер сіз естиханды Goethe-Institut-тың серіктестерінің бірінде тапсырған болсаңыз онда бірден емтихан өткізетін орталыққа хабарласыңыз.
Mein Goethe.de тіркелуде көмек көрсету:
Емтихан нәтижелерін қарап және алу үшін көмек
Сұрақтар болса тікелей Goethe-Institut-қа хабарласыңыз.
Егер сіз естиханды Goethe-Institut-тың серіктестерінің бірінде тапсырған болсаңыз онда бірден емтихан өткізетін орталыққа хабарласыңыз.
Куәлігіңізді, мысалы, оқуға түсу үшін, кез-келген қоғамдық мекемеде (сот, министрлік, мектеп, банк т.с.с.) растата аласыз. Жұмыс берушілер көбіне уәкілетті адвокаттың растауын қажет етеді.