Қазақстан мен Қырғызстандағы неміс тілін үйрену орталықтары - Казақстан Гёте-Институттың серіктестері.
Қазақстан мен Қырғызстанда барлығы бес неміс тілін үйрену және ақпарат орталығы бар. Қазақстанда неміс тілін үйрену орталықтары мына қалаларда орналасқан: Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар. Қырғызстанда бір неміс тілін үйрену орталығы бар, ол Бішкекте орналасқан.
Неміс тілін үйрену орталықтары 2000 жылдан бері қызмет жасайды және олар Казақстан Гёте-Институттың ресми серіктесі болып табылады. Гёте-Институтпен бірлесе отырып олар неміс тілі мен мәдениетін қолдап, насихаттайды.
Олардың негізгі мақсаты неміс тілін шет тілі ретінде үйрету курстарын ұйымдастыру. Орталықтарда Гёте-Институт жетілдірген коммуникативті және мәдениетаралық негізде құрылған тәсілдермен жұмыс жасайды.
Оның сыртында неміс тілін үйрену орталықтарында үнемі Гёте-Институт емтихандары өткізіледі, бұл емтихандар неміс тілін шет тілі ретінде білетінін көрсететін дүние жүзінде танылатын сертификат алуға мүмкіндік береді. 2018 жылы Қазақстан мен Қырғызстан тіл үйрету орталықтарында 5.500-ға жуық тыңдаушылар неміс тілі курстарына қатысып, онда 5.000-дай тыңдаушылар Гёте-Институт емтихандарын тапсырған.
Қазақстан мен Қырғызстандағы неміс тілін үйрену орталықтары cонымен қатар Ақпарат орталықтары да болып табылады. Сан алуан ақпараттық құралдардың көмегімен қызығушылар Германия жайлы мағлұматтар ала алады. Сонымен бірге көптеген Германияға қатысты неміс тілін үйрену орталықтарының іс-шаралары арқылы неміс халқының мәдениеті және қоғамымен жақын танысуға мүмкіндік алады.
Неміс тілін үйрену орталықтары жайлы толығырақ ақпаратты мына жерден таба аласыз:
Емтихан қабылдау орталықтары Гёте-Институтының да емтихандарын қабылдауға құқықты. Мұндай лицензиялы орталықтар әдетте емтиханға даярлау курстарын да жүргізеді.
Гёте-Институт оларды қадағалап отырады.
Гёте-Институт пен емтихан қабылдау орталықтары | |
Түрлері | |
Almaty Goethe-Institut |
GIA |
Astana Sprachlernzentrum Astana |
PP |
Karaganda Sprachlernzentrum Karaganda |
PP |
Kostanai Sprachlernzentrum Kostanai |
PP |
Pawlodar Sprachlernzentrum Pawlodar |
PP |
Түсінік
GIA Мәдениет институтының шетелдегі бөлімі
PP Гёте-Институтының партнёрлері (Гёте-Институтының емтихандарын қабылдауға құқықты кеңселер. Мұндай кеңселер емтиханға даярлау курстарын да жүргізеді. Шетелдегі Гёте-Институты немесе Мюнхендегі орталық олардың жұмысын қадағалап отырады.)