Құс жолы (c)

Уақыт және кеңістік басқа өлшемдерде

Ғарыштағы нанғысыз үлкен қашықтықтар жарық жылдармен – жарққа осы қашықтықтардан өту үшін қажет уақытпен белгіленеді. Жарықтың вакуумдағы – демек, и ғарыштық кеңістіктегі  – жылдамдығы секундына 299 792 458 метр, немесе секундына шамамен 300 000 километр құрайды. Бір жылда  31,6 млн секунд, сондықтан бір жарық жылы 9,46 x 10¹² = 9,46 трлн километрге тең.

Жер – Ай орташа қашықтығы
1,28 жарық секунд/ 384 400 км

Жер – Күн орташа қашықтығы
499 жарық секунд/ 149 597 870 км
Осылайша, Күннен қарай бізге жету үшін жарыққа сегіз миннуттан артық қажет. Сонымен қатар осы қашықтық «AU астрономиялық бірлігі» деп аталады.

Жер – Нептун орташа қашықтығы
шамамен 4 жарық сағаты / 4,5 млрд км
Нептун – біздің Күн жүйеміздің ең қашық орналасқан планетасы.

Жер – Проксима Центавра
4,244 жарық жыл
Проксима Центавра – біздің Күн жүйеміздің шектерінен тыс ең жақын орналасқан жұлдызы.

Жер – Андромеда Галактикасы
2,5 млн жарық жыл
Андромеда Галактикасы – түнгі аспанда құралсыз көзбен көрінетін ең қашық орналасқан объект.

көзге көрінетін Ғаламның болжалды өлшемі
93 млрд жарық жыл
 

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес

GI-Logo MPG Logo