UMI
Біз қайдан келдік? Біз қайда бара жатырмыз? Бізді адам ретінде не анықтайды? UNIVERSUM.MENSCH.INTELLIGENZ.(UMI) Гёте-Институтының жаңа жылжымалы көрмесі – «Ғалам. Адам. Зият», Макс Планк Қоғамымен ынтымақтасатықта әзірленген, адамзаттың негіз қалаушы сұрақтарына арналған. Көрменің бес тақырыптық саласы – Ғалам, Homo sapiens жолы, біздің миымыз, Антропоцендегі тіршілік және Жасанды зият – осы сұрақтарға қатысты болады және оларды біріктірді. Сонымен қатар олар ғылыми тұрғыдан аса өзекті болып табылады.
Ашылуы 2021 ж. маусымда Мюнхенде.
«UMI» Германиядағы неміс тілін үйреніп жүрген жасөспірімдерге заманауи озық ғылыми зерттеулерді бес үлкен тақырыптық саласы бар жылжымалы көрме түрінде ұсынады:
Ғалам | Адамзат тарихы | Ми | Антропоцен | ЖЗ
Интерактивті элементтердің, фотосуреттердің, графиканың, анимациялардың, бейнелер мен подкасттардың көмегімен «UMI» көптен бері бізді, Жердегі адамдарды, қызықтыратын және бүгінгі күні ғылыми тұрғыдан өте өзекті болып табылатын маңызды сұрақтарды зерттейді.
Ғалам
Шексіз байтақ
Ғарыш адамдарды арбайды – есте жоқ ежелгі заманнан бері және бүкіл әлемде. Ол қаншалықты үлкен? Ол қалай пайда болады? Онда тіршілік бар ма?
Адамзат тарихы
Бәрі қалай басталды – «заманауи адамның» жолы
Адамзат Африкада өнген. Сол жақтан Homo erectus 1,5 млн жылдан астам бұрын Еуропа мен Азияға тараған. Осы арғы атадан Homo sapiens – қазіргі адам, сонымен қатар оның жақын туыстары – неандерталь адамы мен денисов адамы дүниеге келген
Ми
Біздің басымыздағы әлем
Тыныс алу, сөйлеу, жүру, күлу, шешім қабылдау – барлығы басымызда басталады. Біздің миымыз қабылдауды, іс-әрекеттерді, ойлар мен сезімдерді және де тіпті біздің мінезімізді анықтайды. Біз ұйықтағанда, сезгенде, оқығанда, ұмытқанда не болады
Антропоцен
Адам қолымен жасалған әлем бе?
Адам өзінің қоршаған ортасын өзгертеді. Бүгін ол бүкіл жер жүйесі үшін – климаттың өзгеруінен биоалуантүрлілікке дейін анықтаушы фактор болып табылады. Бірақ «адам дәуірі», антропоцен (ежелгі грекше ánthropos – адам) туралы айту үшін жеткілікті ме?
Жасанды зият
Ғылым ба немесе қиял ма?
«Жасанды зият» (ЖЗ) – немесе ағылшынша "Artificial Intelligence" (AI) сөйлемшесі – ресми тұрде алғашқы 1955 жылы пайдаланылған болатын – конференцияға байланысты, онда, мысалы, шахмат ойнай алатын алғашқы бағдарламалар ұсынылды. 40 жыл өткеннен кейін Deep Blue шахматтық компьютері әлем чемпионы Гарри Каспаровты жеңіп шықты. Ал жасанды зият деген жалпы айтқанда не өзі? Ол қалай пайда болады?