UMI | Ғалам. Адам. Зият.

Германиядағы озық ғылыми зерттеулер туралы ақпарат, ол неміс тілін үйреніп жүрген жастарға бейімделген және бес негізгі тақырыбы бар интерактивті жылжымалы көрме түрінде ұсынылған:

Ғалам | Адамзат тарихы | Ми | Антропоцен | ЖЗ.

© Goethe-Institut
Ғалам © Бабак Тафреши / Фото ESO (Көрініс)

Ғалам

Шексіз байтақ

Ғарыш адамдарды арбайды – есте жоқ ежелгі заманнан бері және бүкіл әлемде. Ол қаншалықты үлкен? Ол қалай пайда болады? Онда тіршілік бар ма?

Тақырыпқа
Адамзат тарихы © Дамиан Патковски / Unsplash

Адамзат тарихы

Бәрі қалай басталды – «заманауи адамның» жолы

Адамзат Африкада өнген. Сол жақтан Homo erectus 1,5 млн жылдан астам бұрын Еуропа мен Азияға тараған. Осы арғы атадан Homo sapiens – қазіргі адам, сонымен қатар оның жақын туыстары – неандерталь адамы мен денисов адамы дүниеге келген

Тақырыпқа
Ми © Макс Планк атындағы нейробиология институты, Мартинсрид/ Фолькер Штайгер (Кесінді; өңдеу kocmoc)

Ми

Біздің басымыздағы әлем

Тыныс алу, сөйлеу, жүру, күлу, шешім қабылдау – барлығы басымызда басталады. Біздің миымыз қабылдауды, іс-әрекеттерді, ойлар мен сезімдерді және де тіпті біздің мінезімізді анықтайды. Біз ұйықтағанда, сезгенде, оқығанда, ұмытқанда не болады

Тақырыпқа
Антропоцен © Майк C. Вальдивиа /Unsplash

Антропоцен

Адам қолымен жасалған әлем бе?

Адам өзінің қоршаған ортасын өзгертеді. Бүгін ол бүкіл жер жүйесі үшін – климаттың өзгеруінен биоалуантүрлілікке дейін анықтаушы фактор болып табылады. Бірақ «адам дәуірі», антропоцен (ежелгі грекше ánthropos – адам) туралы айту үшін жеткілікті ме?

Тақырыпқа
SOLO 8 роботы © Макс Планк Қоғамының Зияткерлік жүйелер институты, Штутгарт және Тюбинген / Вольфрам Шайбле

Жасанды зият

Ғылым ба немесе қиял ма?

«Жасанды зият» (ЖЗ) – немесе ағылшынша "Artificial Intelligence" (AI) сөйлемшесі – ресми тұрде алғашқы 1955 жылы пайдаланылған болатын – конференцияға байланысты, онда, мысалы, шахмат ойнай алатын алғашқы бағдарламалар ұсынылды. 40 жыл өткеннен кейін Deep Blue шахматтық компьютері әлем чемпионы Гарри Каспаровты жеңіп шықты. Ал жасанды зият деген жалпы айтқанда не өзі? Ол қалай пайда болады?

Тақырыпқа

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес