© Ханна Олингер/ Unsplash
Оқу және ұмыту
Мидың ең маңызды қасиеттері болып оның үйренуге деген қабілеті табылады. Жаңа туған балада миының көптеген жасушалары мен көптеген байланыстары бар. Бірақ тек қана олар пайдаланылған жағдайда олар дамып, нығаятын болады.
Сөйтіп, мидың құрылымы барлық оның бөлшектерімен тек қана оқу барысында қалыптасады. Адамда бұл даму жыныстық жетілуге дейін жалғасады. Бірақ ересек адамдардың миы да – аздау деігейде болса да, өзгереді. Осылайша, адам өмір бойы оқып үйренуі мүмкін.
Оқу мидағы жүйке жасушалары арасындағы байланыстардың өзгеруін білдіреді. Бұл түйспелерде – демек екі жүйке түйісетін жерде орын алады. Өйткені түйіспелер бір жасушадан екінші жасушаға жүйке импульстарын жіберіп, сонымен қатар мидың ақпарат қоймасы болып табылады. Екі жүйке жасушасы арасындағы байланыс неғұрлым маңызды болса, соғұрлым көп түйіспелер пайда болады. Сирек пайдаланылатын байланыстар, керісінше, бұзылады. Бұған қоса, түйіспелер бір жасушадан екінші жасушаға әртүрлі қарқындылықтағы электр сигналдарды өткізе алады, осымен оларды нығайтады немесе төмендетеді. Бұл «түйіспелік иілімдік» ми бейімді және оқытуға қабілетті екендігінің себебі болып табылады. Егер ақпаратты жіберу әлсізденсе немесе мүлде үзілсе, ми үйренген нәрсені ұмытып қалады.
Жад іздер қалдырады
Микроскопияның жаңа әдістерінің көмегімен нейробиологтар анатомиялық тұрғыдан оқу негізінде жатқан құрылымдарды көз алмай зерттейді. Мысалы, осылай Тобиас Бонхёффер және оның Макс Планк Қоғамының Нейробиология институтындағы әріптестері тышқандар миында жүйке жасушалары арасында жаңа байланыстар қалай пайда болатынын бақылайды: бір жүйке жасушасының дендриттері дендритті тікендер деп аталатын оңдаған мың ұсақ бездерді қамтиды, оларда түйіспелердің көбі орналасқан. Бұл тікенектер үнемі өзгереді. Осылайша, жүйке жасушалары арасындағы байланыстар өте жылдам қалыптасуы және бұзылуы мүмкін. Егер ойлағыштық жолдар пайдаланылмайтын болса, тікенектер мөлшері азаяды – біз үйренгенімізді ұмытып қаламыз. Бірақ кейбір түйіспелер бұл ретте ылғи қалады, олар «күту режимінде» болады деп саналады. Кейінгіде біз дәл сол оқу материалына жүгінгенімізде, осы түйіспелер жаңа байланыстардың бастамасы ретінде пайдаланылады. Сондықтан, мысалы, шетел тілін екінші реттен үйрену айтарлықтай жеңіл болады Гиппокамп жүйке жасушасындағы дендриттегі түйіспелік тікенектер | © Макс Планк Қоғамының Нейробиология институты, Мартинсрид
Бастағы бейберекеттік
Жас адамдардың миы – бұл үлкен құрылыс алаңы. Енді қажеттілігі жоқ түйіспелер жойылады және аксондардың көп мөлшері миелин қабықшамен қоршалған. Осының арқасында ақпаратты жіберу неғұрлым жылдам және сапалыға айналады. Осы процестің соңында жақсы жұмыс істейтін нейрон жүйелері бар анағұрлым тиімді ми қалыптасады. Һзгерістер кезінде ол жиі «бейберекетке» айналады, өйткені мидың барлық бөліктері бірдей жылдамдықпен жетіле бермейді. Лимбика жүйесі – көтермелеу жүйесі қазір жылдам дамып келеді және эмоционалдық процестер үлкен маңызға ие болады. Әрекеттерді жоспарлау мен әртүрлі мүмкіндіктерді салыстыру орын алатын бас миының маңдайлық үлесінде даму әлдеқайда баяу өтеді. Бұл жас адамдар өздерін жиі ойламағандай және қауіп-қатерлі ұстайтындарын түсіндіреді.
© Roman Zaiets /Shutterstock