Біз Германия мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуды қолдаймыз. Партнерлермен бірлесе, көркемдік шығармаларды бірдей қабылдап, бағалай отырып, кинокөрсетілімдер мен көрмелер, концерттер, семинарлар мен фестивальдар өткіземіз.
Foto: Martin Wälde
Музыка Қырғыздың шалғай жайлауларына сазды сапар
Гёте-Институт тамыз айында Бішкектегі Германия елшілігімен бірлесе отырып, Роза Отунбаева қорының жайлаудағы балаларға музыкалық аспаптар сыйлауға қатысты жобалық жобасына қолдау көрсетті.
Қазақстандағы Гёте-Институт пен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы «Режиссёр еңбегіндегі монтаждық стратегиялар» тақырыбында өтетін Дмитрий Поповтың онлайн-воркшопына қатысу үшін жаңа бәйге жариялайды.
Біздің серіктестеріміз – Қазақстан мен Қырғызстандағы Тіл үйрету орталықтары – биыл өздерінің 20 жылдық мерейтойларын атап өтуде! Соған байланысты Қазақстандағы Гете-Институтпен бірге „Менің қалама қош келдіңіз!“ атты видеосайыс өткізілді.
Қазақстандағы Гете-Институт және Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы германиялық кино сарапшысы Дмитрий Поповтың воркшобына қатысу үшін сайыс жариялайды.
Goethe-Institut Kasachstan
Театр She She Pop Алматыда
Қазақстан Гёте-Институты мен ARTиШОК театрының шақыруымен Алматыға әйгілі неміс театр тобы She She Pop-тың өкілдері Лиза Лукассен мен Себастьян Барк келді.
Карантин жағдайында үйдегі фото-мұрағатты ақтару – орынды іс! Urban Forum Kazakhstan-мен бірге Сіздің көмегіңізге жүгініп, бізге шабыт беруіңізді өтінеміз!
Маттиас Линдермайр – джаз саласындағы және басқа да көптеген көркем жүлделердің иегері болып табылатын германиялық трубач. Халықаралық аренада танылған музыканттар Андреас Хаберл(соқпалы аспап) мен Крис Галлмен (фортепиано) бірге құрған триода Маттиас Линдермайр әйгілі enja Records джаз лейблі жарыққа шығарған өзінің алғашқы Lang Tang және Newborn альбомдарына енген әуендерден ойнайды.
Румыниядағы Гете-Институт (GI) және Халықаралық қатынастар институты (ifa) Румыниядағы неміс жастары ұйымдарының жұмыс қауымдастығымен (ADJ) және неміс форумымен (DFDR) бірлесе отырып, 2019 жылы неміс азшылығының жастарына арналған неміс тіліндегі алтыншы халықаралық жазғы лагерьді ұйымдастырады.
Сіз неміс / неміс тілді әдебиетке қызығасыз ба? Сіз неміс/неміс тілді авторлардың бірнеше кітаптарын неміс тілінде немесе сіздің ана тіліңізіге аудармасын оқып шықтыңыз ба және олардың бірін басқа жасөспірімдерге ұсынғыңыз келе ме? Сіз бұрыннан Германияға баруды және Франкфурттың бүкіл әлемге танымал кітап жәрменкесіне қатысуды армандап жүрсіз бе?
Қымбатты жастар, қымбатты оқушылар, қымбатты неміс тілі мұғалімдері және жастар тобының жетекшілері! Қазақстан Гёте-Институты Қазақстан мен Қырғызстандағы мектеп оқушылары мен жастар тобын осы байқауға шақырады.
Астанада еліміздің астанасындағы экологиялық көрнекті орындарды қамтитын мобильді қондырғылырға арналған қосымша- «Қала бұрыштары» ойынының үшінші кезеңін қорытындылау болып өтті. Бүгінгі таңда бұл ойынды 2000 астам адам жүктеп алған, олардың дені жасөспірімдер мен жастар.
Гёте-Институт пен Люнебургтағы Лейфана университеті бірлесіп 2015 және 2016 жылы өнер саласындағы менеджмент бойынша көпшілікке арналған үш айлық ақысыз онлайн-курс өткізген еді. Курсқа екі жылда 175 елден 24 000 астам адам қатысты.
Амина - ананас, Мухит - мандарин, Диас – дрофа. Міне танысу түрі шамамен осылай өткен еді, бұл Қазақстан Гёте-Институты мен АСБК (Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы) ұйымдастырған «Қала бұрыштары» жобасының аясындағы Астанада INFOLAB@ өткен Эко мектеп қатысушылары болды.
2019 ж. 1- наурызда Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласында экологиялы қолдорба жасауға арналған семинар болып өтті. Көптеген қатысушылар Жамбыл облыстық этникалық немістер қоғамының ғимаратында өздерінің ерекше шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, бірлесе отырып, тасбақаны бейнелейтін коллаж дайындап шығарды.