VR-HEROES

Баннер VR-Heroes © Goethe-Institut Kasachstan

VR Academy II 2024 жыл тамыз айының 14-16-да Қазақстандағы Goethe-Institut Алматыда тұратын жасөспірімдерге қызықты воркшоп ұсынады.

VR Academy II 2024 жылдың тамыз айында Алматыда Қазақстандағы Goethe-Institut  жасөспірімдерге қызықты воркшоп ұсынады. Воркшопқа 15 адамға дейін қатыса алады.
„VR-Heroes II“ воркшопы барысында төмендегідей техникалық дағдыға үйренеді:
- 3D-объектілер мен VR-кеңістіктерді жасау
- Медиа сауаттылық
- VR-қосымшалар және VR-көзілдіріктермен жұмыс істеу
- Өзінің аватарын жасау

VR Academy II цифрлық шығармашылықты және әлеуметтік медиаға жауапты пайдалануды дамытуға, сондай-ақ бірлескен және қатысушылық оқуға ықпал етеді.
Кім қатыса алады?
- Алматы қаласындағы 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер
- Алдын ала білім қажет емес
- Жұмыс тілдері: қазақ, неміс және орыс тілдері
- Қатысушылар саны: 15 адам
- Goethe-Institut тамақ, сусын және техникамен (VR-көзілдірік, ноутбуктер) қамтамасыз етеді

Тегін қатысу алдын ала тіркелу арқылы мүмкін.

Біздің желіні бақылап жүріңіз