Германия мен Орталық Азия (Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан) ақындарын кеңінен таныту, атап айтқанда, жас әдеби таланттарды ынталандыру мақсатында Гёте-Институт әдеби жоба даярлап, осы "Grand Tour Zentralasien 2021-2022" әдеби жобасы аясында неміс заманауи поэзиясын жергілікті бес тілге аудару мақсатымен орта Азиялық бес елден 150-ге жуық аудармашы үшін түрлі семинарлар ұйымдастырды. Бұл проект аясында Аня Кампманн, Моника Ринк, Рике Шеффлер, Даниэла Зеель және Ян Вагнер атты неміс ақындарының әрқайсысының он өлеңі аударылды.
Қатысушы институттар:
- Өзбекстандағы Гёте-Институты/Ташкент Өзбекстан мен Тәжікстанға жауапты.
- Қазақстандағы Гёте-институты/Алматы Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстанға жауапты.
Жоба аясында жоспарланған іс-шаралар: аудармашыларға арналған семинарлар, Ташкентте өтетін Бірінші халықаралық поэзия фестиваліне қатысу, авторлық оқулар, поэтикалық перформанстар, сұхбаттар, заманауи еуропалық "Grand Tour" поэзиясының антологиясының таныстырылымы, бейне/фильмдер.