Бірінен соң бірі: модульдер
Goethe-Zertifikat C1 емтиханы оқу, тыңдау, жазу және сөйлеу ( ауызша жұптық емтихан) модульдерінен тұрады.
Емтихан алу орталықтарында бұл емтихан дигиталды және қағазға жазу түрінде ұсынылады. Ол әлемдегі ортақ стандарт бойынша жүргізіліп, бағаланады.
Оқу
Сіз көптеген мәтіндерді, (онлайн) мақалалар мен газеттер мен журналдардан хабарлар оқисыз. Сіз мұнда негізгі ойды, кейбір жеке ақпараттарды және көзқарастарды қамти аласыз.
Ұзақтығы: 65 минут
Жазу
Сіз форумдағы хабарыңызда жазбаша түрде қоғамдық өзекті мәселеге қатысты өз ойыңызды көрсетіп, негіздейсіз және хабарлама жазасыз. Сіз жазудағы мәнерді, стильді және тіркестерді қатысушыларға сәйкестеп өзгерте отырып қолданасыз.
Ұзақтығы: 75 минут
Тыңдау
Сіз бір подкаст, сұхбат, талқылау және баяндама тыңдайсыз. Сіз әртүрлі тақырыптарға өз көзқарасыңызды, кейбір жеке ақпараттарды және ойыңызды білдіресіз.
Ұзақтығы: 40 минуттай
Сөйлеу
Сіз белгілі бір тақырыпқа шағын баяндама жасайсыз және өз серіктесіңізбен сол туралы сөйлесесіз. Сонымен бірге екеуіңіз мүлдем басқа тақырыпта пікір алысасыздар.
Ұзақтығы: 20 минут
Алғышарттар
Goethe-Zertifikat C1-бұл ересектерге арналған неміс тілінен емтихан.
Гёте-Институт емтихандарын қалаған барлық адамдар тапсыра алады. Жасына шектеу жоқ және Германия азаматтығы бар-жоғына қарамастан тапсыруға болады.
- Goethe-Zertifikat C1 емтиханын 16-жастан бастап тапсырған жөн.
- Goethe-Zertifikats C1 емтиханынан өту неміс тілінен білім деңгейінің Жалпы еуропалық шет тілін меңгері біліктілігінің (GER) С1 деңгейін көрсетеді.
- Бұл деңгейге жету үшін бастапқы біліміңіз бен оқуыңызға байланысты – 800-1000 сағ. дейін -45 минуттан сабақ алуыңыз керек.