1994 - 2024

Өткен 30 жылға РИЗАМЫЗ!

1994 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстандағы Гёте-Институты алғаш рет елдің оңтүстігінде орналасқан Алматыдай әсем мегаполисте орын тепті. Бүгінгі таңда дүние жүзі бойынша 98 елде жұмыс істейтін 151 институттың бірі ретінде аталмыш мәдениет ошағы соңғы 30 жылда өз қызметін қарқынды дамытып келеді.


1994

1994 жылдың 7 қыркүйегінде Алматыда Қазақстандағы Гёте-Институттың ашылуы. Институттың алғашқы мекен-жайы – «Самал-3» шағын ауданы, 9-үй болды. Бұл тарихи фотосуретте институттың алғашқы директоры Эрхард Ратке Қазақстанның тұңғыш президенті, Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алуда.

1996

1996 жылы институт Жандосов көшесі 2, жаңа мекенжайға көшті. Гёте-Институт 2013 жылға дейін осы ескі кеңес ғимаратында орналасты.

2000

Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар
Қазақстандағы тіл орталықтары

Бірден толық танысыңдар

2005

Ынтымақтастық
Алматыдағы Неміс театры

Бірден толық танысыңдар

2006

2006 ж. Гёте-Институт өзінің халықаралық мәдени-ағартушылық қызметі аясында тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Қырғызстан мен Түрікменстанда да белсенді жұмыс істеуде. Гёте-Институт қызметкерлері, 2006 жыл.

2008

Қазақстанда ашылу
Қазақстандағы PASCH-мектептер

Бірден толық танысыңдар

2010

Қазақстандағы Германия жылы Германия өзін Қазақстанда өткізген 100-ден астам шаралар арқылы таныстырып, екі ел арасында кең көпір орнатып, қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға жаңаша ықпал ете алды.

2013

Институт үздіксіз 9 жыл іздеуден соң, 2013 жылы жаңа ғимаратқа, Наурызбай батыр көшесіндегі 31 үйге (5-қабат) көшті. Институт әлі күнге дейін осы мекенжайда орналасқан.

2013

Тұйықсу мұздығына экспедиция
«Мұздық музыкасы» экологиялық жоба

Бірден толық танысыңдар

2024

Қазақстандағы Гёте-Институтының 20 жылдығы. Институт қызметкерлері, 2014 жыл.

2015

2015 жылдан бастап неміс тіліне қызығушылықты арттыру және оқушылармен жұмыстың жаңа шығармашылық формаларын іздеу мақсатымен жыл сайын «Неміс тілі сахнада» атты фестиваль басталды. Фестиваль аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген кәсіби емес театр ұжымдары заманауи неміс авторларының пьесалары бойынша спектакльдер дайындайды, үздік труппалар фестивальға қатысу үшін Алматыға келеді. Фестивальдің басты серіктесі Республикалық неміс театры.

Tür mit Gruppe von Menschen © Goethe-Institut Kasachstan

2016

Инфолаб
2016 жылы Астанада «Инфолаб» ашылды

Бірден толық танысыңдар

2016

Инфолаб
2016 жылы Астанада «Инфолаб» ашылды

2016 жылы Астанада ақпарат, білім және желілік қызмет көрсететін орын – «Инфолаб» ашылды. Мұнда келушілер Гёте-Институттың барлық қызметі жайлы, оның кітапхана, мәдениет, неміс тілін үйрену бағдарламаларымен, сондай-ақ заманауи Германиямен таныса алатын болды.


2018

2018 жылы неміс жазушысы Штефани Хёфлер Қазақстан мен Қырғызстандағы неміс тілді оқырмандарымен кездесті. Хёфлер өз шығармашылығына үлкен қызығушылық танытқан аудиториямен кездесіп, қызу талқылаулар жүргізді.

Auttorin steht vor Zuhörern in den Räumen der Bibliothek © Goethe-Institut Kasachstan

2019

Қазақстандағы Гёте-Институттың 25 жылдығы.

2022

Қайта құрудан кейін кітапхананың ашылуы
Алматыдағы институт кітапханасы

Бірден толық танысыңдар

2022

2022 ж. қаңтарда Алматыда болған оқиғалардан кейін қоғамда отаршылдықтан кейінгі пікірталастар күшейе түсті. Ұлттық бірегейлік, ұлттық мәдениет пен тілді сақтау мәселелері бірінші қатарға шықты.

Autoren lesen © Goethe-Institut Kasachstan

2023

Оқу
„VERSschmuggel“

Бірден толық танысыңдар

2023

Оқу
„VERSschmuggel“

Гёте-Институт пен Поэзия үйінің қолдауымен Германия мен Қазақстан әдебиетшілері арасында "VERSschmuggel" поэзия жобасы қолға алынды. Жоба аясында ақындар мен аудармашылар өз өлеңдерін бір тілден екінші тілге тікелей аудару және бір-бірінің тілі мен мәдениетін толығырақ танып-білу үшін бас қосты.

2024


Өткен 30 жылға АЛҒЫС айтамыз!

Бірден толық танысыңдар

2024


Өткен 30 жылға АЛҒЫС айтамыз!

Өткен 30 жылға АЛҒЫС айтамыз! 1994 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстандағы Гёте-Институты алғаш рет елдің оңтүстігінде орналасқан Алматыдай әсем мегаполисте орын тепті. Бүгінгі таңда дүние жүзі бойынша 98 елде жұмыс істейтін 151 институттың бірі ретінде аталмыш мәдениет ошағы соңғы 30 жылда өз қызметін қарқынды дамытып келеді. Алғашқы қадамын санаулы ғана қызметкерлерімен бірге қарапайым екі бөлмелі кеңседе бастаған институт бүгін күннен-күнге қарқынды дамып келе жатқан ірі тіл үйрету орталығына, жайлы да тартымды орынға айналған кітапханасы бар, тіпті осы аймақтағы үш елдегі серіктестерімен ынтымақтаса, ауқымды желі құрып, ірі ұйымға айналған. Бүгінгі таңда мұнда еңбек ететін 30 қызметкер Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан елдерін қамтитын түрлі бағдарламаны жүргізіп келеді.

Германия мен осы аймақтағы қабылдаушы елдер арасында, мәдениет және білім беру саласында мәдени көпір орнатып келеміз. Қызықты және инновациялық жобаларды даярлап, білім алмасып, импульстармен бөлісіп, осындай ынтымақтастық барысында бір-бірімізге қолдау жасап келеміз. Өткен 30 жыл жыл сайынғы халықаралық мәдени, ақпараттық және білім алмасудың орасан зор әлеуетін көрсетті.

Біздің қарқынды дамып келе жатқан аймақта соңғы уақыттағы күрделі оқиғалар берік байланыс пен сенімді ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетуде. Тіпті қиын-қыстау кезеңдерде де біз көпжақты диалогты сақтауға бар күшімізді саламыз. Біз сіздерге өткен 30 жыл үшін алғыс айта отырып, алдағы 30 жылды да өздеріңізбен асыға күтеміз!