Біртіндеп-біртіндеп: Емтихан бөлімдері
TestDaF бір стандартқа келтірілген, біріге отырып, бір орталықта әзірленген және бағаланған емтихан. Төрт бөлімнен тұрады. Сіздің біліміңіз оқу, тыңдау, жазу және сөйлеу дағдылары бойынша жеке-жеке бағаланады. Нәтижесі куәлікте TestDaF-деңгейінің (TDN) 3, 4 және 5 үш сатысы бойынша көрсетіледі.
Оқып түсіну
- ЖОО күнделікті өмірінен алынған лекция атауы, ісшаралар күнтізбегі, брошюра т.с.с. қысқа мәтіндерді оқисыз және қай мәтіннің қай тапсырмаға қатысты екенін шешесіз.
- Ғылыми не қоғамдық-саяси тақырыпта жазылған журналистік мәтінді (шам. 450–550 сөз) оқисыз да, сол бойынша Multiple-Choice-форматында берілген сұрақтарға жауап бересіз.
- Кәсіби не ЖОО газетінен алынған (шамамен 550–650 сөз) бір мәтінді оқып-зерделеп, берілген пікірлердің оған сәйкес келетін-келмейтінін не мәтінде ол туралы ештеңе айтылмағанын шешесіз.
Ұзақтығы : 60 минут
Тыңдап түсіну
- ЖОО күнделікті өмірінен алынған қысқа диалогты, мысалы, екі студент арасындағы әңгімені, тыңдай отырып, сұрақтардың жауабын жазып аласыз.
- Бір сұхбат, оқуға не жалпы ғылыми тақырыпқа қатысты пікірталасты тыңдай отырып, мәтін туралы пікірлердің дұрыс-бұрыстығын шешесіз.
- Бір баяндама не бір сарапшымен сұхбатты тыңдап, мәтінге қойылған негізгі сұрақтарға қысқа жауап бересіз.
Ұзақтығы: шамамен 40 минут
Ойды жазбаша жеткізу
- Сізге бір тақырып беріледі. Көмекші сұрақтар мен статистикалық деректерге сүйене отырып, құрылымы дұрыс, біртұтас мәтін жазып шығасыз.
- Сол тақырыпқа өз ойыңызды білдіріп, дәлелдеуіңіз керек.
Ұзақтығы: 60 минут
Ойды ауызша жеткізу (компьютердің көмегімен)
- Германияның ЖОО-рында арақатынасқа байланысты түрлі жағдайларда өзіңіз жүзеге асыратын жеті түрлі тапсырма әзірлейсіз.
- Өзіңіз ақпарат жинап, диагараммаларды суреттеп, олардың мазмұнын қорытындылайсыз. Өз ойыңызды білдіріп, негіздейсіз, кеңес бересіз, баламаларын салыстырып, болжам айтасыз.
Ұзақтығы: шамамен 35 минут
Емтихан алғышарттары
TestDaF тіл меңгеру тұрғысынан Германия ЖОО-дарына түсу мүмкіндігін анықтайтын емтихан. Ол студенттерге не ЖОО-дарында оқығысы келетіндерге арналған, бірақ, сонымен қатар, ол сіздің ғылыми жобалармен және академиялық қызметпен айналысуыңыз үшін қажетті деңгейде неміс тілін меңгергеніңізді дәлелдейтін халықаралық деңгейде танылған куәлік.
- Кем дегенде В2 деңгейінде тіл меңгеру
- Әрқайсысы 45 минуттан 700-1000 сағат неміс тілін оқу, бұрынғы біліміңіз бен қойылатын алғышарттарға байланысты (еш дәлелдің қажеті жоқ)
Бағалау
Оқып түсіну және тыңдап түсіну бойынша әр дұрыс орындалған тапсырма (мысалы, Multiple-Choice не дұрыс/қате) үшін бір ұпай аласыз. Деңгей сатысын анықтау үшін дұрыс берілген жауаптар саны маңызды. Жазбаша және ауызша ой жеткізу бөлімдерін арнайы мамандандырылған, тәжірибелі бағалаушылар бағалайды. Баға беру мен деңгей сатысын анықтау арнайы схеманың көмегімен жүзеге асады. Толық ақпаратты мына жерден табасыз
www.testdaf.de. Емтиханды қалағаныңызша қайталап тапсыра аласыз.
TestDaF-қа дәл қазір тіркеліңіз!
Егер сіз неміс тілін жеткілікті білсеңіз, онда TestDaF-емтиханына тіркеліңіз. Емтиханға тіркелмес бұрын сізге TestDaF емтиханының форматымен таныстырамыз. Сізге Гёте-Институтының немесе басқа тест орталықтарының емтиханға дайындық курстары немесе Гёте-Институттың онлайн курстары көмек болады . Курс кезінде емтихан форматыменен және талаптарымен танысасыз.
Дүние жүзі бойынша сіз бір жылда TestDaF-тың мерзімі белгіленген
алты емтиханына қатыса аласыз.
www.testdaf.de парақшасына тіркеліңіз. Қытай Халық Республикасында ғана қосымша емтихандар қабылданады, оған тіркелу
National Education Examination Authority парақшасында жүзеге асады.
Мүмкіндігі шектеулі емтихан тапсырушылар өздері қалаған тест орталығына алдын ала ескертіп, денсаулығы туралы құжатты көрсетуі тиіс. Емтихан сол адамның мүмкіншіліктеріне икемделіп өткізіледі.