ВАКАНСИЯ: Қазақстандағы Гёте-Институты Ақпарат және Кітапхана бөліміне кітапханашы лауазымына ынталы қызметкер іздейді
Қазақстандағы Гёте-Институты Ақпарат және Кітапхана бөліміне кітапханашы лауазымына ынталы қызметкер іздейді. Жұмыспен қамту: 100%
Өтініш қабылдау мерзімі: 19.01.2025 ж. дейін.
Негізгі міндеттері:
-материалдарды абонементке беру/қабылдап алу
-жаңа материалдарды каталогтау, есепке алу/техникалық өңдеу
-кітап қорын баптау
-оқырмандарға кеңес беру
-оқырмандар қорын баптау
-жаңа материалдар мен программаларды, сандық ұсыныстар мен қосымшаларды тексеру, іске қосу
-статистика даярлау.
Төмендегідей қызметке қолдау жасау:
-кітапхана қорын жинақтауға
-жоба менеджментін бейімдеуге
-ақпарат/кітапхана бөлімінің қызметтері жайлы БАҚ мәлімет дайындауға
-іс-шаралар/семинарлар ұйымдастыруға/өткізуге
-серіктестермен ынтымақтаса жұмыс істеуге
-әдеби аударма жобасын қолдауға.
Қойылатын талаптар:
-жоғары білімді
-неміс (B1), қазақ және орыс тілін жақсы меңгерген
-коммуникативті дағдыларды меңгерген, кітапханада ғана емес, басқа да сыртқы серіктестермен ынтымақтаса қызмет жасайтын
-ұйымдастыру қабілеті, шығармашылық/мәдениетаралық құзыреті бар
-іс-шаралар ұйымдастыруда тәжиірбелі
-цифрлық медианы дамытуға және белсенді пайдалануға қызығатын
-инновациялық ұсыныстарды сынауға, жаңа/басқа да техникалық жаңалықтарға даяр
-институттың цифрлық жұмыс құралдарын меңгеруге даяр
-цифрлық медиа мен әлеуметтік желілерді сауатты өңдейтін
-ұжымда жұмыс істеуге бейім, көпшіл, икемді.
Өтінішіңізді (резюме, мағынасы толық ынталандыру хатын)
тек электронды түрде, бір PDF файлмен 19.01.2025 ж. дейін
мына мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: libo-almaty@goethe.de