Қазақстан мен Қырғызстандағы неміс тілін үйрену орталықтары - Казақстан Гёте-Институттың серіктестері.
Қазақстан мен Қырғызстанда барлығы бес неміс тілін үйрену және ақпарат орталығы бар. Қазақстанда неміс тілін үйрену орталықтары мына қалаларда орналасқан: Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар. Қырғызстанда бір неміс тілін үйрену орталығы бар, ол Бішкекте орналасқан.
Неміс тілін үйрену орталықтары 2000 жылдан бері қызмет жасайды және олар Казақстан Гёте-Институттың ресми серіктесі болып табылады. Гёте-Институтпен бірлесе отырып олар неміс тілі мен мәдениетін қолдап, насихаттайды.
Олардың негізгі мақсаты неміс тілін шет тілі ретінде үйрету курстарын ұйымдастыру. Орталықтарда Гёте-Институт жетілдірген коммуникативті және мәдениетаралық негізде құрылған тәсілдермен жұмыс жасайды.
Оның сыртында неміс тілін үйрену орталықтарында үнемі Гёте-Институт емтихандары өткізіледі, бұл емтихандар неміс тілін шет тілі ретінде білетінін көрсететін дүние жүзінде танылатын сертификат алуға мүмкіндік береді. 2018 жылы Қазақстан мен Қырғызстан тіл үйрету орталықтарында 5.500-ға жуық тыңдаушылар неміс тілі курстарына қатысып, онда 5.000-дай тыңдаушылар Гёте-Институт емтихандарын тапсырған.
Қазақстан мен Қырғызстандағы неміс тілін үйрену орталықтары cонымен қатар Ақпарат орталықтары да болып табылады. Сан алуан ақпараттық құралдардың көмегімен қызығушылар Германия жайлы мағлұматтар ала алады. Сонымен бірге көптеген Германияға қатысты неміс тілін үйрену орталықтарының іс-шаралары арқылы неміс халқының мәдениеті және қоғамымен жақын танысуға мүмкіндік алады.
Неміс тілін үйрену орталықтары жайлы толығырақ ақпаратты мына жерден таба аласыз:
Қарағанды тіл үйрету орталығы
Бұқар Жырау даңғылы 20 (310 бөлме)
c/o Орталық Қазақстан Академиясы
100012 Қарағанды – Қазақстан
Teл.: + 7 7212-419299 karaganda@deutsch-zentrum.com
Қостанай тіл үйрету орталығы
Қостанай инженерлік-педагогикалық университеті
Чернышевский көш., 59 (402 бөлме)
110007 Қостанай – Қазақстан
Teл.: +7 7142 286633
Факс: +7 7142 286633 kostanai@deutsch-zentrum.com
Павлодар тіл үйрету орталығы
Инновациялық Еуразия университеті
Горький көш., 102/4 (203 бөлме)
140003 Павлодар – Қазақстан
Teл.: +7 7182 624578 pawlodar@deutsch-zentrum.com
Бішкек тіл үйрету орталығы/Қырғызстан
Тоголок Молдо көшесі, 60 а
(302 бөлме)
720033 Бішкек – Қырғызстан
Тоголок молдо көшесі, 60 а
Teл.: +996 312 325028
Факс: +996 312 325026 bischkek@deutsch-zentrum.com