Көрме
«БИЛІК СЕЗІМІ. ГЕРМАНИЯ 19/19»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстандағы Гёте-Институты бірлесе отырып 2020 жылдың 15- қазан мен 30 -қараша аралығында «БИЛІК СЕЗІМІ. ГЕРМАНИЯ 19/19» атты фотокөрмені ұсынады.
Көрмеде келушілер адамның 18 эмоциялық жағдайымен танысады, сондай-ақ Германиядағы демократия мен диктатураның даму тарихымен таныс болады, соңғы 100 жылдағы бетбұрыстар мен тұрақтылықты, сол сияқты осы эмоциялардың дамуын байқай алады.
«Билік сезімі. Германия 19/19!» фотокөрмесі офлайн және онлайн режимінде әлеуметтік желілерде – музейдің Facebook парақшасында төрт тілде (қазақ, орыс, неміс, ағылшын) және Қазақстандағы Гёте-Институтының парақшасында ұсынылады.
Көрменің өтетін орны:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей
Алматы, Самал-1, 44-үй
Көрме күн сайын сағат 9.30-дан 17.30-ға дейін жұмыс істейді, сейсенбі – демалыс күні.
Бір топта санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай 30 адамнан артық болмауы қажет: бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық 1,5 м кем болмауы керек.
Сол сияқты онлайн режимінде де.
Анықтама телефондары:
ҚР Мемлекеттік орталық музей – 2644650, 2645577,
Қазақстандағы Гёте-Институты – Анна Мельник anna.melnik@goethe.de
„БИЛІК СЕЗІМІ. ГЕРМАНИЯ 19 | 19“ көрмесі онлайн форматта
Нақты
Нұр-Сұлтан
,
+7 727 2644650, 7 727 2645577 anna.melnik@goethe.de
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей, Самал-1, 44-үй