Фильм
KinoGerManija: Мен және Камински

Almaty

Режиссёр: Вольфганг Беккер, 24 мин., Германия/Бельгия 2015 / FSK 6
Рөлдерде: Даниэль Брюль, Йеспер Кристензен, Амира Казар, Денис Лавант ...

Белгілі бір деңгейдегі дөрекілікпен қаруланған оспадар, жағымсыз әрі атаққұмар журналист Себастьян Цёлльнер Швейцария Альпісіне қарай жолға шығады. Мақсат – бақталастарының алдын орай сәтті қадам жасап, зағип болып бара жатқан әйгілі қарт суретші Мануэль Каминскидің сырын ашар кітап жазу. Ол өз бетімен тірлік етуден қалған әрі қызы Мириам қызғанышпен бақылауда ұстайтын суретшіні үйінен табады. Цёлльнер Каминскидің жеке өміріне күшпен кіріп, тіпті әлі жарыққа шықпаған туындыларын ұрлап алады. Ол Каминскидің өлдіге саналған жас кезіндегі үлкен махаббаты Терезенің тірі екенін білген кезде қартпен бірге шытырман сапарға аттанады. Жолда автокөлік, қолжазба мен суреттер жоғалады. Сапар Цёлльнерді біртіндеп бағытынан тайдырса, Камински Цёлльнердің ойлағанындай тым зағип әрі дәрменсіз емес екендігін көрсетеді.

Кинопрограмма

10.12. 19:00  Мен және Камински (Германия / Бельгия 2015, 124 мин.)
11.12. 17:00  Хёрдур – әлемдер арасында (Германия 2015, 84 мин.)
11.12. 19:00  Жоқ жерден (Германия / Франция 2017, 106 мин.)
12.12. 17:00  Қашқан Амели (Германия / Италия 2017, 97 мин.)
12.12. 19:00  Тони Эрдманн (Германия 2016, 162 мин.)

Нақты

Almaty

,

Тіл: Неміс тілінде және орыс тіліндегі субтитрмен
Бағасы: 500 теңге

+7 (727) 273 05 07 info-almaty@goethe.de

"Цезарь" кинотеатры, Назарбаев көш. 50