Воркшоп
Қала картасын cалу

Mapping the city
 

Алматы аудандарын абаттандырудағы креативтік ұстаным

Біздің 30-жылдық мерейтойымыз да  жақындап қалды. Қыркүйектің 6- жұлдызында біз өз достарымызбен бірге көптеген жылдар бойғы ынтымақтастығымыздың нәтижесін көрсету үшін және осы аса маңызды  күнді бірге атап өту үшін жиналамыз. Біз сіздерге толығырақ ақпараттар және әрине шақыруларды жіберетін боламыз. Ал оған дейін бізде ерекше жаңалық бар: осы мерейтой аясында біз Германиядан келетін екі атақты дизайнермен бір апталық семинар өткіземіз, оның қорытындысымен біздің мерекеміз кезінде таныстырамыз. Қатысушылар саны шектеулі, сондықтан тезірек жазылыңыздар.

Кристиан Деген мен Эндрюс Марк -өте танымал және әлеуметтік салада белсенді неміс дизайнерлері. Олар 2011 жылдан бері дүние жүзі бойынша мәдени және әлеуметтік бағыттағы дизайн-семинарлар өткізіп келеді, олар мына елдер: Румыния, Қытай, Сенегал, Мексика, Колумбия, Македония және Түркия, болды. Толығырақ ақпаратты мына жерден алуға болады: www.mappingthecity.com

Қыркүйектің 2-6 аралығында олар Алматы және оның маңайынан келген  қатысушылармен бірге  қаланың бір ауданының мәдениеті мен кеңістігін зерттейтін болады. Дизайнерлер мұнда белгілі бір мәселелерді шешу үшін  визуалды-креативті тәсілді қолданатын болады. Семинар мақсаты- белсенді жастарға   өздерінің әлеуметтік және мәдени ортасын  танып білуге көмектесу, өз болашақтарын өздері құруға дайындау, қоғамда белсенді де жауапты ұстанымда болуға шақыру.  Апта бойғы бұл  жұмыстың нәтижесі  ол- әрі сан қырлы, әрі рух беретін журнал (онлайн және офлайн)  және жалпыға ортақ пікір алмасу болып табылады. Бұл журнал азаматтық қоғам өкілдеріне өз қалаларына деген  жаңа, ерекше және алуан түрлі көзқарасты көрсетеді.

Қатысушыларды іріктеу шарттары:
+18 жастан бастап, креативті, жаңашылдыққа жаны жақын, бұрынғы кездегі графикалық дизайн жұмыстары болғаны жөн, алайда ол міндетті емес. Қатысушылардың негізгі жұмыстары -қала мен оның тұрғындарының  өсіп-дамуына деген қызығушылық, жергілікті жерде жұмыс жасауға деген құлшыныс, зерттеулер жүргізу, сұхбат алу және творчестволық жұмыстан ләззат алу (суреттер салу, коллаж жасау, фотолар мен фильм түсіру т.б.) болып табылады, 5 күн бойы сағ. 10.00-нан 15.00-ге дейін жүргізіледі.
Семинар ағылшын тілінде өтеді, оған қоса  қазақ және орыс тіліне аударма болады.
Тіркелу 18.08.24-дейін мына жерде.
Келіңіздер, қатысыңыздар!

Нақты

Тіл: Қазақ, орыс және ағылшын тілінде
Бағасы: Тіркеу бойынша

+7 (727) 356 79 04 kultur-almaty@goethe.de

Наурызбай батыр көшесі 31, Алматы