Біздің оқу концептіміз
Бағыттан айнымау, айқын жоспарлау, түрлі форматта

Біздің оқу концепті Фото: Goethe-Institut/Sonja Tobias

Гёте-Институт сабақтары тек қана неміс тілін үйрену ғана емес, сонымен қатар  неміс мәдениетімен де танысу. Жеке сұхбат және тіл деңгейін анықтайтын тест арқылы біз сіздің тіл деңгейіңізді анықтаймыз.  Сізбен бірлесе отырып өзіңізге сай курсты таңдаймыз.  Гёте-Институттағы неміс тілі сабағы жайында көбірек мағұлмат алыңыз.

Неміс тілі сабағында

  • білім беру және білім алудағы ең жаңа зертеулерге көңіл бөлінеді.
  • түрлі форматты және коммуникативті. Сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу жаттығулары шын өмірде болатын жағдайларға сәйкестіріліп және соған сәйкес мәтіндер арқылы орындалады.
  • өзекті және халықаралық тақырыптарға бағытталған.
  • сабақ алғашқы күнен бастап неміс тілінде ғана жүреді.
  • біздің оқу платформасы инновациялық және икемді білім алу үлгісін ұсынады.

Біздің курс жүйесі

  • жалпы еуропалық шет тілін меңгеру біліктілігіне сәйкес деңгейлерде құралған. Бұл дегеніміз өзіңіздің тіл біліміңізді халықаралық дәрежеге сай болатындығын көре аласыз.
  • әлем бойынша бірыңғай және ашық түрде. Біздің курсты аяқтаған соң өздігіңізше Қазақстанда, Германияда немесе онлайн курстарды икемді түрде ары қарай жалғастыра аласыз.

Біздің оқытушылар

  • арнайы неміс тілі шет тілі маманы ретінде білім алған. Бұл кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламасы DLL – Deutsch Lehren Lernen арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаны Гёте-Институт мамандары мен ғалымдар  бірігіп дайындаған.
  • неміс тілі - ана тілі немесе өте жоғарғы деңгейде неміс тілін меңгерген мамандар.
  • түрлі неміс тілді елдердің азаматтарымен серіктес болып, олардың мәдени ортасымен танысқан, мол тәжірбиелері мамандар.
  • әрдайым біздің арнайы кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұратындықтан неміс тілін үйретудің қыр-сырын жетік меңгерген.
  • сізді білім алудағы жетістіктеріңіз жайында әрдайым хабардар етеді және сізге ары қарай біліміңізді қалай жетілдіруге болатыны жайлы кеңес бере алады.

Біздің неміс тілі емтихандары

  • Біздің емтихандар халықаралық тіл меңгеру стандартына сай және көптеген жұмыс орындары мен білім беру мекемелері үшін біздің сертфикатымыз жарамды болып табылады.
  • Барлық ересектерге арналған емтихандар европа тіл емтихандары ассоциациясыменен Association of Language Testers in Europe (ALTE) тексерілген және  сапалылығы Qualitätssiegel Q-Mark  - пен марапатталған.

Біздін артықшылығымыз

  • Алуан түрлі Германияны сезініңіз. Біздің курстарға келіп жүріп, Гёте-Институт кітапханасын және медиатекасын пайдалана аласыз, әрі түрлі мәдени шараларға қатыса аласыз.
  • Біздің Deutsch für dich бірлестігінде коммуникация мүмкіндіктерін қолдана отырып, тегін жаттығыңыз. Неміс тілін оқып жүрген адамдарға арналған  бірлестікте, сіз көптеген интерактивті оқу және жаттығу материалдарын қолдануға мүмкіндік аласыз және басқа бірлестік мүшелерімен пікірлесе аласыз.
Клиенттердің ризалығы біздің ең басты мүддеміз. Сондықтан біз барлық елде біркелкі сапа менеджментін ұстанамыз. Бұл біздің барлық елдегі институттарда бірдей тіл курстары мен емтихандар қабылдауымыздың басты кепілі болып табылады.