Толық ақпарат

Артқа Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1

Мүлдем қиын емес: Емтихан бөлімдері

Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 -тың құрамдас бөлімдері: Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу (ауызша топтық емтихан).
Емтихан әлем бойынша бірдей жүргізіліп, бағаланады.
 

Оқу

Сіз қысқаша жазбаларды, кішкене хабарламаларды, ескертулерді немесе әр жерде ілініп тұратын түрлі жазуларды оқып, берілген тапсырмаларды орындайсыз.

Ұзақтығы: 25 минут

Жазу

Қарапайым формулярларды толтырып, күнделікті өмірде кездесетін бір жағдайға байланысты өз мәтініңізді жазасыз.

Ұзақтығы: 20 минут

Тыңдау

Бір қысқа күнделікті әңгімені, телефон арқылы келген хабарды не көпшілік жерде дауыс зорайтқышпен айтылатын хабарламаны тыңдап, берілген тапсырмаларды орындайсыз.

Ұзақтығы: 20 минут

Сөйлеу

Топта өзіңізді таныстырасыз. Сосын күнделікті тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап бересіз және топтағы бір адамнан бірдеңені өтініп сұрайсыз.

Ұзақтығы: 15 минут

Емтихан алғышарттары

Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 ересектерге арналған емтихан.

Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
  • Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 емтиханын 16 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 үшін Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) бірінші біліктілік сатысына сәйкес тіл деңгейі (A1) алғышарт болып саналады.
  • Бұл деңгейге жету үшін, бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 80-нен 200-ге дейін академиялық сағат оқу қажет.