Құрметті әріптестер!
Неміс тілі мұғалімдері мен оқытушыларының халықаралық конгресінің (IDT 2025) ұраны - "Неміс тілімен – батыл саналуандылық". Мына парақшадан
https://idt-2025.de/ IDT мен оған қатысушылар, тіркелу үрдісі, конгресс өтетін жер мен бағдарламасы туралы толық ақпарат алуға болады. Гёте-Институт бірнеше секциялар жұмысына қатысады, ол туралы толығырақ ақпарат
мына жерде Сол сияқты Гёте-Институт стендте презентация өткізеді және мәдени және арнайы бағдарламалар бойынша басқа да көптеген материалдарды дайындайды.
Арнайы бағдарламалар аясында жұмыстарды көрсетуге болатын форматтар бар, сонымен бірге дайын сарапшылар көрсететін және пікір алмасу өткізетін де форматтар болады.
IDT қатысу үшін стипендия талапкер және жаңашыл неміс тілі мұғалімдеріне беріледі.
Стипендиаттар мынадай талапқа сай іріктеледі:
- Неміс тілін меңгеру деңгейі B2
- ғылыми баяндама немесе оқытушылық тәжірибедегі зерттеулердің нәтижесі бойынша презентация болғаны жөн,
- өз еліндегі мультипликативтік әрекеттер арқылы неміс тілін шет тіл ретінде оқыту саласындағы ынтымақтастық,
- мотивациялық хат
- толық стипендияны екі ұйым қатарынан бірдей қаржыландыруына болмайды, мыс , DAAD немесе ZfA
Гёте-Институттың халықаралық конгрес 2025 стипендиясы мыналарды қамтиды:
қатысу үшін жарна, жол шығындарына дотация ( визны рәсімдеу), қонақ үй, тамақтану, көлікпен жүру (Любек қаласында апталық абонемент).
Гёте-Институт стипендиясын алуға байқауға қптысу үшін
толығымен толтырылған формуляр мен басқа құжаттарды мына электронды адреске жіберіңіздер:
anna.melnik@goethe.de
1-қадам
25.08.24 дейін өтінім беру:
1.1 электронды форматтағы толығымен толтырылған
формуляр
1.2
баяндама мәтіні (формулярдың бір бөлігі)
1.3
жұмыс орнынан анықтама (оқу мекемесінің мөрі бар, ағымдағы дата көрсетілген)
2 -қадам
Гёте-Институттан
30.08.24 дейін сізді іріктеудің ақтық мәресіне жібергені туралы хабар алу.
Стипендиаттар өз баяндамасының аннотациясын не презентацясын IDT парақшасында
аннотация платформ асында 2024 жылдың 27-қыркүйегіне дейін бере алады. Аннотацияны беру IDT тіркелгенге байланысты емес
Стипендияны төлеу 2025 жылда басталады.
Конгреске тіркелу үшін сілтемені IDT парақшасында 2024 жылғы 28-шілдеден бастап көруге болады.