Оқу курсы барысында қатысушылар осы компонеттің практикалық құндылығымен таныса алады.
Олар:
- оның оқушылар миының жұмысына ықпалы туралы ойланады;
- оның зейін қою мен концентрацияға оң ықпалын жіті түйсінеалады;
- нәтижелі білім алу мен еркін ортаны құрудағы оның рөлін есте сақтай алады.
Тренинг барысында сыныпта жұмыс істеу үшін жаңа импульстар мен идеяларды алып, олар мультисенсорлық оқытудың осы компонетін оқу процессіне кіріктіруге мүмкіндік береді.
Тренингтің екінші бөлімінде қатысушылар «төңкерілген сынып» әдісінің негізгі принциптерімен танысады. Олар «төңкерілген» сабақтардың мақсатымен және міндетімен танысып, «төңкерілген сынып» әдісін пайдаланған кезде өздерін мұғалім рөлінде сезінеді. Олар кейбір цифрлық құралдармен танысып, оларды сабаққа дайындық кезінде қолданудың пайдасы туралы біледі, сондай-ақ, «төңкерілген сынып» моделі бойынша күндізгі оқыту сабақтарында таптырмайтын, қатысушыларды белсенді ететін және олардың өзара іс-қимылына ықпал ететін оқыту әдістерімен танысады.
Форматы:
Синхронды оқыту: Zoom | 8 академиялық сағат
Асинхронды оқыту: оқу платформасы (Moodle) арқылы | 28 академиялық сағат