Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)
Баннер "Салем, Гете!" © Goethe-Institut Kasachstan

"Сәлем, Гёте!"

"Сәлем, Гёте!“

"Сәлем, Гёте!" атты подкастта Германия мен Қазақстанның ақпарат, мәдениет және білім беру саласындағы маңызды тұлғалармен әңгімелесіп,олардың Қазақстан мен Орталық Азиядағы Гёте-Институты филиалының жұмысы жайлы ойлары таныстырылады.  

Вероника Насальскаямен сұқпат / театр режиссеры, актриса

Goethe-Institut Kasachstan

Театр режиссеры және актриса,  Алматыдағы «БАТА» театрының жетекшісі, Вероника Насальская бір кездері Қазақстандағы ARTiSHOCK атты тұңғыш тәуелсіз театрдың құрылуының бастауында тұрды, бірнеше жыл бұрын өзінің жеке театрын құру туралы шешім қабылдады. Подкастта Вероника Қазақстан мен Германиядағы заманауи театр сахнасы жайлы, театр режиссерінің қажырлы еңбегі мен оның өміріндегі театрдың рөлі туралы әңгімелейді. Подакастты орыс тілінде жүргізген журналист Татьяна Шишкина. 

Кітапханашы / Ольга Леоновамен сұқпат

Goethe-Institut Kasachstan

Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкері әрі неміс оқу залының үйлестірушісі Ольга Леонова осы подкастта өз жұмысы жайлы, кітап оқу мәдениетін қалай қалыптастыру және заманауи кітапхананың неліктен сүйікті кітабыңызды жалға алатын орын ғана емес екендігі жайлы әңгімелейді. Неміс тіліндегі подкастты жүргізген Қазақстандағы Гёте-Институттың тіл бөлімі меңгерушісі Марек Григлевич.

Режиссер, актриса Наташа Дубспен сұқпат

Goethe-Institut Kasachstan

Сіз театр өнерін жақсы көресіз бе? Ендеше,  Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театрының режиссері, актриса және көркемдік жетекшісі Наташа Дубстың сұқпатын тыңдауға шақырамыз. Подкастта Наташа өзінің театрда қызмет істеуіне не қызықтырғаны жайлы, өзінің алғашқы рөлдері мен режиссерлік жұмысы жөнінде және театр актерлерінің неміс тілін қалай үйренетіні туралы әңгімелейді. Орыс тіліндегі сұқпатты Татьяна Шишкина жүргізеді. 

Суретші, фотограф Андреас Лангпен сұқпат

Goethe-Institut Kasachstan

Берлиндік суретші және фотограф Андреас Ланг өзінің «ReVisitingOrientalism» атты көрмесіне дайындық барысында 2021 жылы Қазақстан мен Өзбекстандағы шығыстану іздерін зерттеді. Подкастта Андреас өзінің фото және бейне инсталляцияларында саяси және әлеуметтік коннотацияларға толы заманауи пейзаждары бар танымал суретшілер мен тарихи шығыстану картиналарын қалай салыстыратыны жайлы әңгімелейді. 
Қазақстандағы Гёте-Институттың тіл бөлімі меңгерушісі Марек Григлевичпен бірге неміс тіліндегі подкасттың алтыншы бөлімін тыңдаңыз.
 

Режиссер, сценарист Әсия Байғожинамен сұқпат

Goethe-Institut

Бесінші подкаст қонағы - белгілі қазақстандық режиссер және сценарист, сондай-ақ, Гёте-Институтының тұрақты әріптесі Әсия Байғожина ханым. Подкастта Әсия Қазақстан мен Орталық Азиядағы киноиндустрияның жағдайы жайында, өзінің бұл кәсіпке қалай келгені туралы да айтып, бізбен шығармашылық жоспарымен бөліседі. Орыс тіліндегі сұқпатты журналист, Татьяна Шишкина жүргізеді.

Журналист, блогер Наталья Райммен сұқпат

© Goethe-Institut Kasachstan

Бұл подкастта назарларыңызға Наталья Раиммен болған сұқпатымызды ұсынамыз. Ол- журналист және блогер ретінде ғана емес, сонымен қатар, бос уақытында неміс тілін үйреніп, балаларға арналған ертегі жазуымен де танымал. Подкастта Наталья неміс тілін үйренуге қатысты кеңестерімен бөліседі, оны ертегі жазуға не шабыттандыратынымен бөлісіп, әрі өз ертегілерінен үзінді оқиды. Журналист Татьяна Шишкина сұқпатты орыс тілінде жүргізді.

Әдеби аудармашы Рауза Мұсабаевамен сұқпат

© Goethe-Institut Kasachstan

Бүгінгі сұқпат қонағы – павлодарлық әдеби аудармашы Рауза Мұсабаева. Рауза Гёте-Институтының көптеген аударма жобаларына қатысты. Аударма еңбегінің нәтижесі ретінде қазақ авторларының көптеген шығармалар жинағы неміс тілінде жарық көрді. Қазақ тіліндегі подкастты Қазақстандағы Гёте-Институтының кітапханашысы Салтанат Аширова жүргізді. Рауза әңгіме барысында аударманың қиындығы мен неміс әдебиетіне деген сүйіспеншілігі туралы әңгімелейді.

Factcheck.kz жобасының жетекшісі Әділ Жалиловпен сұқпат

© Goethe-Institut Kasachstan


Алғашқы кейіпкеріміз Әділ Жалилов – журналист, БАҚ сарапшысы, кеңесші, тренер, Factcheck.kz жобасының жетекшісі. Біраз уақыт бұрын Әділ Алматыдағы Гёте-Институтының неміс тілі курсын бітіріп, кейін коммуникация саласындағы білімін жалғастыру үшін Германияға аттанды. Подкастта Әділ өз өмірі мен мансабының қалай қалыптасқаны жайлы айтып береді. Журналист Татьяна Шишкина сұқпатты орыс тілінде жүргізді.
 

Баспагерлер Раиса Сайран Қадер ханым мен Алаубек Авдил мырзамен сұқпат

© Goethe-Institut Kasachstan

Бұл жолғы подкаст-эфирінің қонақтары - Раиса Сайран Қадер мен Алаубек Авдил. Баспагерлер (Steppe & WORLD Publishing) мен әдеби агенттер («Алғаят») дүние жүзінде, әсіресе Германияда басылып шыққан әдебиетті қазақ тіліне аударуға машықтанған. Подкастта олар өз баспасынан шығатын кітаптар жайлы әңгімелеп, қазақ авторларының шетелде неліктен танымал еместігі туралы өз ойларымен бөліседі.
Сұқпатты Қазақстандағы Гёте-Институт директоры Фридерике ван Степхаудт неміс тілінде жүргізді.