Тұқым кітапханасын пайдалану ережелері өте қарапайым. Төмендегі мәтінді оқып шығып, біздің қатарымызға қосылыңыздар.
Бізге қосылыңыз: мүшелік сауалнама толтыру қажет деп алаңдамаңыз. Біз Тұқым кітапханасы жобасын бастаған соң, жай ғана келіп, қажетті тұқымдарды алыңыз.
Бөлісу-қамқор болу: қажет болғанша тұқым алыңыз да, кейінірек қайтарыңыз, сонда басқа бағбандар да оларды пайдалана алады.
Жайқалтып өсіріңіз: тұқымдарды қазына ретінде қарастырыңыз! Олар өсіп, өркендей беруі үшін дұрыс күтім жасаңыз.
Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз: егер сіз тұқым өсіру барысында ерекше сәтті сезінсеңіз, бізге хабарлаңыз! Біз сәтті тәжірибе жайлы әңгімені ықыласпен тыңдап, кеңескенді ұнатамыз.
Ерекеше пейілді болыңыз: ең бастысы, сіз көңілді әрі біздің қоғамдастықта өзіңізді жайлы сезініңіз. Жерге көк өсіріп, көгалдандырудан ләззат алыңыз!