Толық ақпарат

Артқа Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1

Сәтті қадам: Емтихан бөлімдері

Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1 -тың құрамдас бөлімдері: Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу (ауызша топтық емтихан).
Емтихан әлем бойынша бірдей жүргізіліп, бағаланады.
 

Оқу

Мысалы, сен қысқаша жазбаларды, кішкене хабарламаларды, адамдарды суреттеуді, қарапайым оқырман хаттарын, немесе қысқа газет мәтіндерін оқып, сол бойынша тапсырмаларды орындайсың.

Ұзақтығы: 20 минут

Жазу

Бір E-Mail-ге, хатқа, хабарламаға не т.с.с. жауап жазасың.

Ұзақтығы: 20 минут

Тыңдау

Бір қысқа күнделікті әңгімені, телефон арқылы келген жеке хабарды, радио ақпараттарын т.с.с. тыңдап, берілген түрлі тапсырмаларды орындайсың.

Ұзақтығы: шамамен 20 минут

Сөйлеу

Өзіңді таныстырасың, күнделікті тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, қарапайым сұрақтарға жауап бересің. Оған қоса, өтініштеріңді білдіріп, өзіңе таныс жағдайлар бойынша сұхбаттасыңа жауап бересің.

Ұзақтығы: 15 минут

Емтихан алғышарттары

Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1 10-16 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған емтихан.
 
Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
  • Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1 емтиханын 10 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1 үшін Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) бірінші біліктілік сатысына саәйкес тіл деңгейі (A1) алғышарт болып саналады.
  • Бұл деңгейге жету үшін, бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 80-нен 200-ге дейін академиялық сағат оқу қажет.