17-22 сәуір аралығында Telegram-да дүйсенбіден жұмаға дейін марафонға қатысушылар «KIDS interactive» атты неміс дигиталды агенттігінің күнделікті кәсіби өмірінен онлайн-квест форматында мәлімет ала алады: олар бір өнімді шығару идеясынан бастап, концепция мен монтаж, графика, анимация, видеопродакшн мен бағдарламалауға дейінгі жолымен жүре отырып, дауыс беру арқылы соңғы нәтижелерге әсер ете алады.
Квест ойыны кезінде үйренетінің:
- Өнімді дайындау неден басталады;
- Оған кімдар қатысады және олардың нақты мақсаттары қандай;
- Күнделікті кәсіби өмірінде сарапшылар қандай қиындықтарды кездестіреді.
|
|
|
|
Сенбі күні, 22-сәуірде Германия уақытымен сағ. 10:00-нан 15:00-ге дейін квест ойынның қорытындысы жарияланатын болады және дайын өнімді «KIDS interactive» агенттігінің неміс сарапшылары таныстырады және түсініктеме береді.
Германия мамандарынан басқа бұл іс-шарада қазіргі таңда Германияда оқып жатқан немесе оқып кеткен Грузия, Қазақстан, Өзбекстан мен Украина студенттері де қатысады. Сарапшылар мен студенттер трансляция жүргізушісімен байланыста болып, өздерінің оқу және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Тікелей трансляция кезінде көрермендердің сұрақтарын мамандар мен студенттерге Telegram арқылы қоюға мүмкіндіктері бар. Бұл трансляция қазақша және орысшаға тікелей аудармамен беріледі.
Марафонға «KIDS interactive» атты неміс дигиталды агенттігі сарапшылары қатысады, олар нақты жобалар үлгісінде бір ұжымның белгілі бір білім жобасымен қалай жұмыс жасайтынын көрсетеді. Біз сарапшылар мен олардың қызметімен таныстырамыз:
жоба менеджменті


КОНЦЕПЦИЯ / РЕДАКЦИЯ

Дигиталды ұсынымдар Ангела Брок ханымның ойы бойынша креативті , жағымды және зерттелген болу керек. Оның идеялары басынан бастап барлық жобалар үрдісіне бірге кіреді – жалпы жобадан бастап шағын істер арқылы түймені басуға дейін. Aнгела өзінің дизайн, видеопродакшн және жүзеге асыру бөліміндегі әріптестерімен тығыз байланыста болады, сонда ғана олардың идеяларын жүзеге асыруға болады. Ол тұрақтылық, медиялық құзірет, неміс тілін, мәдениеті мен тарихын оқыту үшін жауапты тұлға. Әрбір жаңа жобамен бірге жаңа бір сала келеді, ал Ангела соларды зерттеп, мәтін жазып, клиенттердің ойларымен танысып, қарастырады.
ГРАФИКА / АНИМАЦИЯ
Евгения Косманың жүрегі эстетика мен дизайн деп соғады. Оның репертуарында сан алуан дизайн құралдары мен техникасы бар, ол оларды қажетіне қарай ретімен жобаларға қолданады. Оның қолы да креативті, ол қосымшалар мен веб- парақшаларына дизайн жасайды, постер дайындайды және оқу анимациясын жасайды. Евгения егжей-тегжейге аса көп көңіл бөледі. Ол ешнәрсені мүлт жібермейді, мұны оның дайындау бөліміндегі әріптестері де жақсы біледі. KIDS interactive-ұжымындағы креативті бөлімнің бір бөлшегі ретінде Евгения басқа дизайнерлермен де тығыз жұмыс жасайды.
ВИДЕОПРОДАКШН


Олар концепция мен графика бөліміндегі әріптестерімен бір ұжымда креативті шешімдер шығаруда. Кристиан мен Мелиса көрермендердің пікірлерін суреттерді қозғалысқа түсіретіндей аударады. Талантты видео шығарушылар ретінде олар KIDS interactive ұжымының аса маңызды бөлігі болып табылады.
Қосымшалар мен сайттарды өңдеу


KIDS interactive – бұл 25-адамнан тұратын біртұтас ұжым, олар концепция, дизайн және бағдарламалау салаларының сарапшылары, барлық салаларға арналған қызықты, интерактивті медиялық білімді дайындайды. Олардың жобаларда 10-жылдық тәжірибесі бар, инновациядан рахат алған, жас буын топтарын жақсы танитын адамдар жиналған, олар интерактивті оқу және ойын медияларын өңдеу және іске қосу жұмыстарына машықталған. Мұнда барлығы бірге ойын-сауық элементімен оқу мен қашықтан оқу жобаларынан бастап, білім саласындағы кешенді онлайн-ұсыныстар мен қосымшаларға дейін қарастырылған. Бұл ұжым сонымен қатар терең оқу немесе ерекше интерактивті оқиғалар болғанда виртуалды және табиғи қосылған технологияларды іске қосады.