© Felix Riess; CC BY-SA 3.0 DE
Ми және қоршаған орта
Миға ынталандыру керек
Біз қабылдайтын әлем сыртқы әлемді объективті бейнелеу болып табылмайды. Дұрысы, бұл қоршаған ортамен үнемі алмасудың нәтижесінде мида құрылатын сурет шығар. Ми үнемі қоршаған орта туралы болжам құрады және сезім мүшелері арқылы бас миына түсетін әсермен үнемі салыстырады. Сөйтіп, әр адам бір жағынан өзінің меншік бірегей әлемінде өмір сүреді деуге болады.
Макс Планк Қоғамының Адам дамуы инстиутытының және Берлиндегі Шарите Медицина университетінің ғалымдары төтенше жағдайлардағы өмір миға қалай әсер ететінін зерттейді: олар айлап Антарктидада тұратын және онда қоршаған ортаның төтенше жағдайлары мен әлеуметтік оқшаулауды бастан кешіретін полярлық зерттеушілерді зерттейді. Берлин зерттеушілері алған алғашқы нәтижелер гиппокамп бөлігі өмір сүрудің осындай жағдайларында кішірейетінін көрсетеді. Бұл кеңістікті ойлауға, зерделілікке және жадтың қалыптасуына әсер етеді.
© Макс Планк Қоғамы
Мен орманда немесе қалада серуендеп жүрем бе, қоршаған ортаның төтенше жағдайларында, мысалы, Антарктидада, ұзақ уақыт өмір сүрем бе – адам өмір сүрет орта миды өзгертеді. Қалайша – бұл туралы Макс Планк Қоғамының Берлиндегі Адам даму институтының экологиялық психологы Симоне Кюн әңгімелейді.