"Тіршілік бүршігі: Тұқым гені, мәдениеті мен жады" - жобасы Ресейдің Украинаға басып кіруінен соң қолға алынған. Жалпы соғыс атаулы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің әлсіреуіне әкеледі және аймақтық тұрақтылыққа тәуелділікті тудырады. Қазіргі жағдай Украинаның аграрлық секторына қатты әсер етіп, әрі климаттың өзгеруінің нашарлауынан да экологиялық зиян келтірді.
Биологиялық әртүрлілік пен дәстүрлі тұқымдарды сақтаудың маңыздылығына күн сайын көз жетіп келе жатқан уақытта, бұл жоба тұқымдарды сәйкестік пен мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде сақтауға және бағалауға бағытталады. Киевтегі (Украина), Ташкенттегі (Өзбекстан), Тбилисидегі (Грузия) және Алматыдағы (Қазақстан) Гёте-Институттарымен бірлесе отырып, біз тәжиірбе алмасу үшін шағын Тұқым Кітапханаларын құрудамыз.
Бұл кітапханалар тұқымдарды жинап-сақтауға ғана емес, сонымен қатар кітапхана пайдаланушылары тұрақтылық, биоәртүрлілік және мәдени мұра сияқты тақырыптар бойынша пікір алмаса алатын орта құруға арналған. Сонымен қатар, біз тұқымның өсуі мен тарихын құжаттау және көрмелер мен шығармашылық жобалар арқылы тұқымның өзіндік ерекшелігі мен мәдениет тасымалдаушысы ретінде оның маңыздылығын көрсету үшін көркемдік тәжірибелерді қолданамыз.