Толық ақпарат

Артқа Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch

Сәтті қадам: Емтихан бөлімдері

Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch -тың құрамдас бөлімдері: Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу.
Емтихан әлем бойынша бірдей жүргізіліп, бағаланады.
 

Оқу

Қысқа газет мақалалары, E-Mail, хабарлама және көпшілік жерде ілініп тұратын ескертулер сияқты қысқа мәтіндерді оқып, берілген тапсырмаларды орындайсың.

Ұзақтығы: 30 минут

Жазу

Өз айналаңдағы өмірге байланысты бір хабарлама жазасың.

Ұзақтығы: 30 минут

Тыңдау

Күнделікті әңгіме, радио арқылы берілген хабарландырулар мен сұхбаттарды, телефон арқылы айтылған жаңалықтарды, қоғамдық орындарда дауыс зорайтқыш арқылы айтылғандарды тыңдап, берілген тапсырмаларды орындайсың.

Ұзақтығы: 30 минут

Сөйлеу

Сұрақтар қоясың, өзің туралы қойылған сұрақтарға жауап бересің, өз өмірің жайлы әңгімелеп бересің және сұхбаттасыңмен бірдеңе туралы келісіп не бірге жоспар құрасың.

Ұзақтығы: 15 минут

Емтихан алғышарттары

Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch 12-16 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған емтихан.
 
Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
  • Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch емтиханын 12 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch үшін Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) екінші біліктілік сатысына сәйкес тіл деңгейі (A2) алғышарт болып саналады.
  • Бұл деңгейге жету үшін, бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 200-нен 350-ге дейін академиялық сағат оқу қажет.