Гёте-Институт неміс тілі мұғалімдеріне арналған GETVICO24 онлайн-конференция билығы жылы жаңа кезеңге жол тартуда. Биылғы 2024 жылы 06./07 маусым күндері біздің халықаралық конференцияда баяндамашы және/ немесе қатысушы ретінде өз үлесіңізді қосу үшін кәсіби тақырыпқа пікір алмасу және дүние жүзіндегі қолдаушылармен бірге тұрақты дамудың желілік әрекетіне шақырамыз!
 
Бұл жылғы конференция ұраны "Неміс тілі қозғалыста". Неміс тілін шет тілі ретінде үйретудің дамуы қалай болып жатыр? Неміс тілін оқу мен оқытуда қай методика тәжірибесі қазіргі таңда қолданыста және болашақта қалай болады? Өз оқушыларыңыз мен студентерге неміс тілін үйренуге қалай жол ашуға болады және осы арқылы өзіңнің жеке жолыңды да ашуға болар? Бұл пәнге байланысты қызықты да өзекті мәселелер өте көп және әр алуан, сондықтан аса мұқият қарастыруды талап етеді. Біз сіздерді бізбен бірге қосылып өз ойларыңызбен бөлісуге шақырамыз!
Конференция өткізу үшін Zoom Events бағдарламасы қолданылады. Сондықтан өз компьютеріңізде Zoom қолдана алатыныңызды, веб-камера мен микрофонның бар болуын (микрофонды құлаққаптар жөн болады), сол сияқты интернет дамылсыз қосылып тұратынын тексеріп алыңыз.
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап төмендегі сілтемені пайдаланып конференция қатысушысы ретінде тіркелуге болады.
Біз сіздерді GETVICO24-ға (қайта) баяндамашы және/ немесе қатысушы ретінде көретінімізге қуанамыз және пайдалы да нәтижелі пікір алмасу болады деп сенеміз.
Егер сұрақтарыңыз бола, онда getvico24@goethe.de немесе өз еліңіздегі осы хабарды таратқан Гёте-Институтқа хабарласыңыз.