Міндеттер мен мақсаттар

Әртүрлілік, түсіністік пен сенімділік жолында.

Германия Федеративтік Республикасының жаһандық белсенді мәдениет институты ретінде біз Германия, Еуропа және әлем арасындағы түсіністікке ұмтыламыз. Федералды сыртқы істер министрлігімен бірлесе  жасалған келісім шарты оның негізі болып   табылады. Біз бүкіл әлем бойынша Германия мен Еуропаның мәдени және әлеуметтік әртүрлілігі жайлы ақпаратпен бөлісеміз. Әлемнің 98 еліндегі 151 Гёте-Институты көптеген серіктес мекемелермен бірге біздің ғаламдық желімізді құрайды. Федералды сыртқы істер министрлігі біздің жұмысымызды институционалды түрде қолдайды. Арнайы одақ ретінде біз өз жауапкершілігімізбен әрекет етеміз,  ешқандай саяси партияларға тәуелді емеспіз және заңды түрде тәуелсізбіз. Біз бюджеттің шамамен үштен бірін тіл курстары мен емтихандардан түсетін кірістер арқылы өзіміз табамыз.Сонымен қатар бізге Еуропалық одақ, Германиядағы және шетелдегі басқа федералды министрліктер, қорлар мен компаниялар қолдау көрсетеді.

Біз қабылдаушы елдердің білім беру жүйесінде неміс тілі позициясын бекітуге үлес қосамыз. Біз дүние жүзі бойынша 100 000-нан астам мектептерде жоғары сапалы неміс тілі сабақтарын өткізуге және неміс мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар, біз жалпы неміс курстарынан бастап, жұмысқа дайындық тіл курстарын, сонымен қатар, әлеуметтік және мәдени ақпараттандыру семинарларын ұсынамыз. Онлайн курстар мен өздігінен білім алу бағдарламалары да біздің ұсынысымыздың бір бөлігі болып табылады. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 750 000-нан астам адам Гете институтында немесе серіктестерімізбен бірге неміс тілінен емтихан тапсырады. Біз кең ауқымды білім мен ақпарат бере отырып, шетелдік студенттер мен Германияға баратын мамандарға қолдау көрсетеміз.

Біз халықаралық мәдени алмасудың әлеуетіне сенеміз. Жылына 20 000-ға жуық мәдени іс-шараларымыз қабылдаушы елдердегі үкіметтік және үкіметтік емес институттармен және азаматтық қоғамдық бастамаларымен серіктестікте өтеді. Біз шығармашыл адамдардың, творчестволық индустрия қызметкерлерінің біліктілігін арттырамыз, кеңес береміз және мәдени кәсіпкерлерді одан әрі оқыту шаралары немесе шығармашылық компанияларды интернационалдандыру арқылы тұрақты құрылымдардың мәдени әрі креативті дамуына қолдау көрсетеміз. Резиденттік бағдарламаларымыз арқылы, серіктестік пен бірлескен өндірістеріміз арқылы мәдениет қызметкерлерінің жаһандық желісінің пайда болуына ықпал етеміз. Біз азаматтық қоғам субъектілеріне ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, қауіпсіз және еркін кеңістік ұсынамыз. Қиын кезеңде де біз демократиялық диалогтың бұзылуына жол бермейміз. Біздің жұмысымыз демократиялық, либералды және конституциялық әлеуметтік құрылыс құндылықтарына негізделген.

60-тан астам тілдегі цифрлық ақпарат және оқу ұсыныстары арқылы, 87 кітапханадан тұратын желіміз арқылы біз оқу, бас қосу және пікір алмасу орнын ұсынамыз. Біз инновациялық технологияларды қолданамыз, цифрландырудың мүмкіндіктерін пайдаланамыз және олардың адамдарға және қоғамға тигізетін әсерін қатар қарастырамыз. Біз мультипликаторларға арналған ақпараттық іс-сапарлар, сарапшылар арасындағы кәсіби алмасу, жастар алмасу бағдарламалары және халықаралық фестивальдер сияқты әртүрлі форматтар арқылы дүниежүзілік бас қосулар мен кездесулерге жағдай жасаймыз.

Қазақстандағы Гёте-Институты

Қазақстандағы Гёте-Институты шетелде неміс мәдениетін насихаттау мен мәдениет аралық тәжірибе алмастыру мақсатымен алуан түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып тұрады. 

Біздің тіл бөліміндегі жұмыстарымызды неміс тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы мұғалімдер мен оқытушыларға арналған Workshop-тар мен семинарлар және емтихандар толықтыра түседі. Сонымен қатар біз түрлі деңгейдегі тіл курстарын ұсынамыз. 

Қазақстандағы Гёте-Институтының информация орталығы Германиядағы мәдени, қоғамдық және саяси өмірдің өзекті жақтары туралы ақпараттар береді. Мұндағы кең қорда Германияны қызықтаушыларға, неміс тілін оқушылар мен оқытушыларға қажет материалдар бар. 

Біздің желіні бақылап жүріңіз