ВАКАНСИЯ: „Мектептер-болашақ серіктестер (PASCH)“ жобасына қызметкер іздеуде

Қазақстандағы Goethe-Institut  білім саласындағы  ынтымақтастық „Мектептер-болашақ серіктестер (PASCH)“ жобасы  аясында  жартылай жүктемемен, 50% жұмыс жасайтын қызметкер іздеуде

Өтініш беруге соңғы мерзім: 13.12.2024

 Негізгі міндеттеріңіз:
Серіктестермен байланыс (білім беру мекемелері, мектеп басшылығы, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар), аударма жасау
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында  жергілікті жерде курстар ұйымдастыруға көмектесу
Электрондық хаттарға жауап беру немесе оларды құзіретті қызметкерлерге әрі қарай жіберу
PASCH-аясындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарттарды жаңарту және қадағалау
Семинарлар мен сапарларды ұйымдастыру (ұшу-қону,  орналасу, салықтар, миграциялық мекемелерде тіркеу, т. б.)
Қаржылық тексеру
Смета жасау, салыстырмалы ұсыныстар мен сатып алу құжаттарын дайындау
Мұғалімдер мен оқушылардың жұмыстары  туралы мәліметтерді дайындау, сол сияқты жиналған мәліметтерге сай қорытынды есепттерді  дайындауға көмек көрсету
Стипендиат- жастарға жетекшілік ету

Төмендегідей процестерге қолдау жасау:
іс-шараларға жетекшілік (офлайн және онлайн )
іс-шараларды ұйымдастыру және  спикерлерге қолдау көрсету
PASCH-жобасының аясында түлектермен жұмыс жүргізу

Қойылатын талаптар:
Қазақ, орыс және неміс тілін жетік білу
MS Office -пакетін жетік меңгеру
Жұмысты үнемі жетілдіруге, дамыту ісіне дайын болу
Техникалық білімін жетілдіруге дайын болу
Әр кездегі іске дайын болу, қиыншылыққа төтеп бере алу
PASCH -мектептеріне іс-сапарға дайын болу (емтихандар, іс-шаралар, келісім-шартқа орай кездесулер)

Өтінішті (резюме, мағынасы толық ынталандыру хатын) тек электронды түрде, бір PDF файлмен 2024 жылғы 13-желтоқсанға  дейін мына адреске жіберіңіз: marek.gryglewicz@goethe.de