Қажетсіз затты лақтырып тастауға қимайсыз ба?
Ендеше
тамыздың 13 мен 27 аралығында сағат 16:00-ден 18:00 дейін Қазақстандағы Гёте-Институтының кітапханасына (Наурызбай батыр көшесі 31 , 5 қабат) келіп, айырбастаңыздар, іздеңіздер және қажет болып жүрген жаңа затты тауып алыңыздар.
Осылайша нағыз құнды зат міндетті түрде жаңа болуы шарт емес екенін, жаһандық жаппай тұтынуды азайтуға шағын да болса үлес қосудың маңызы зор екенін атап өткіміз келеді. Іс-шараға қатысу тегін.
Не алып келуге болады?
Кітаптар, компакт-дискілер, тұрмыста пайдаланатын заттар, сувенирлер, киім және т.б.
Мүмкін көптен іздеген зат осы жерден табылар? Немесе лақтырып тастауға дайындаған заттар басқа адамдарға қуаныш сыйлар?
Қатысушылар саны шектеулі!
Воркшоптарға тіркелу
6.08.21 дейін:
bibliothek-almaty@goethe.de
Артқа