Тіршіліктің әртүрлілігі © ifisch/iStock

Тіршіліктің әртүрлілігі

Биоәртүрлілік – бұл барлық тірі ағзалардың, мекендейтін жерлердің және экожүйелердің әртүрлілігі – құрлықта, суда және ауада.

Биоәртүрлілік Жерде төңіректердің барлығында дерлік қысқарып келеді. 1500 жылдан бері омыртқалылардың шамамен  600 түріқұрып кеткен, олардың шамамен 500 – 1900 жылдан бері. Соңғы 100 жылда, алдынғы 3000 жылмен салыстырғанда, құстардың түрлері көбірек құрып бітті. Бірақ тек қана түрлер құрып бітіп жтпайды, сонымен қатар жеке ағзалардың саны да төмендеп келеді. Бүгін Жерде, 1970 жылмен салыстырғанда, омыртқалылар саны 60 пайызға қысқарған.

Жерде жануарлар мен өсімдіктер азайғанынан қандай зиян келеді? Биоәртүрлілікті қорғау қкжет, өйткені түрлерге бай экожүйелер, түрлері кемдерге қарағанда, неғұрлым тұрақты болады және бұзылулардың орнын толтыруы мүмкін.. Орасан зор биоәртүрлілік сондай-ақ жаһандық климатқа оң әсер етеді. Мысалы, түрлерге бар субтрпикалық ормандар дара дақыл егістерге қарағанда, көміртекті екі есе көбірек сіңіре алады.

Теңіз жағағы – Еуропаға жаңа келген
 © Пьеро Малаэр және LPETTET/ iStock

© Пьеро Малаэр және LPETTET/ iStock

Адамның әсер етуі қаытадан түрлердің мекендеудің жаңа жерлерінде тарауына әкеледі. Егер осы тірі иелері үшін экожүйеде жыртықшатр болмаса, олар көбейіп, жергілікті түрлерді ығыстыруы мүмкін. Сондықтан «инвазиялық түрлер» туралы айтылады.
«Теңіз жаңғағы» деп аталатын тарақты Mnemiopsis leidyi АҚШ шығыс жағалауынан шыққан. Бәлкім, ол Еуропаға жүк кемелерінің балласт суымен бірге түсіп, содан кейін мұхит ағындарымен тарайтын шығар.  Бұл үшін тіпті бірнеше бірге әкелінген дана жеткілікті. 2005 жылдан бастап ол Солтүстік және Балтық теңіздерінде өте көп тарады. Мәселе теңіз жаңғағы балық уылдырығымен, балық ұрығымен және  тіпті кішкентай балықтармен қоректенуінде болып тұр.

Жануарларды ғарыштан бақылау
Zwei Kosmonauten montieren die Icarus-Antenne an der Außenseite der International Space Station (ISS). © NASA

© NASA

Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) күніне 16 рет 400 километрден сәл төмен биіктікте Жерді айналады. Ол сонымен қатар Макс Планк Қоғамының Мінез-құлықтық физиология институтының Icarus халықаралық біріккен жобасы үшін маңызды рөл атқарады.
Icarus  жобасының мақсаты – бүкіл әлемдегі жануарлардың қоныс аударуларын жақсы түсіну. Ғалымдар құстар, жарқанаттар, тасбақалар және жабайы ешкілер сияқты жануарларды шағын датчиктермен жабдықтайды. Бұл «белгілер» жануарлардың әрекеттері туралы көптеген деректерді жазады және ХҒС олардың мекендеген жерлерінің үстінде ұшқан кезде оған жібереді. Бұл ретте ғарыштағы антенна бір мезгілде жүздеген сигналдарды, тіпті бүтін үйірлерден немесе табындардан, анықтай алады. Қоныс аудару жылжуларды зерттеудің нәтижелері түрлердің мінез-құлқын зерделеу және оларды қорғау үшін, сондай-ақ эұқпалы аурулардың тарауын зерделеу үшін пайдаланылады. Осының арқасында экологиялық өзгерістерді және дүлей апаттарды болжау мүмкін болады. Барлық деректер еркін қолжетімдегі Movebank дерекқорында жарияланады.

«Йена эксперименті»


 © Катарина Питшманн

© Катарина Питшманн

Биоәртүрліліктен айырылу қалай әсер етеді? «Йена экспериментінде» бұл сұрақ шалғын экожүйесінің мысалында қаралады. Бұл әлемдегі биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі ірі эксперименттердің бірі. Фридрих фон Шиллер Университетінің басшылығымен ғалымдар уақыттың ұзақ кезеңіндегі түрлік құрамның өзгерістерін және олдардың экожүйеге келтіретін салдарын зерттейді. Бұл үшін   500-ден астам учаске құрылатын болады, олардың әрқайсысында өсімдіктердің 60 дейін алуан түрлері егіледі. Нәтижелер өсімдіктердің алуан түрлерінің үлкен саны экожүйеге оі әсер  ететінін көрсетеді. Мысалы, түрлерге бай шалғындар беткі суларды жақсы сіңіреді және құрғақшылық пен тасқандарға неғұрлым  төзімді болады. Бұған қоса, сонымен қатар олар басқа түрлердің, мысалы, сонда қоныстайтын жануарлардың, пайда болуына және таралуына оң әсер етеді. Бірақ экожүйенің кейбір бөліктері өзгерістерге баяу әрекет етеді. Сөйтіп, топырақ ағзалары әртүрлілігінің артуы тек қана   шамамен төрт жылдан кейін көрсетілуі мүмкін.

Суға тереңдетілген жасанды зият

© Макс Планк Қоғамы

Климаттың өзгеру маржан рифтерге ұауіп төндіреді. Бірақ сол жерлердегі нақты әлі салдарды зерттеу өте қымбатқа түседі. Сондықтан Макс Планк Қоғамының Теңіз микробиология институтының теңіз зерттеушілерінің тобы HyperDiver  сүнгуір роботты әзірлеп жасап шығарды. Жүйенің қоршаған ортаны мониторингтеуге арналған спутниктік жүйелерге ұқсас оптикалық датчигі бар. Сүйтіп, маржандар күйін оларды түстер спектрі бойынша анықтауға болады. HyperDiver  негізгі қағидаты – өздігінен оқитын  алгоритм, жасанды зият нысаны. Ол өз бетімен маржанды, балдыр мен теңіз губкаларды айырып таниды. Артықшылығы деректерді жинаумен тек қана тар мамандырылған теңіз биологтары емес, сонымен қатар сүнги алатын кез келген адам айналыса алатынында болып тұр. Ең алдымен сүнгуір робот өңделмеген деректерді жібереді. Осы деректер кейінгіде жерде талданады, жүйе автоматты түрде карталар мен есептерді құрады.

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес

GI-Logo MPG Logo