Жердің көркі Жердің көркі | © Кристиан Паушерт / Adobe Stock

Жердің көркі

Адам Жерді көп мыңжылдықтар бойы өзгертіп келеді. Алғашқы диқандар, егістіктер мен жайылымдар үшін орын тазалап алу үшін ағаштарды құлатты, осылайша мәдени ландшафттардың біртіндеп қалыптасуы өтті. Сол арада, адам Жердің бүкіл бетінің шамамен 50 пайызын пайдаланады. Ең үлкен үлесі – 37% – ауыл шаруашылығына келеді.

Ландшафтқа, түрлер алуандығы мен су теңгеріміне деген жағымсыз әсерді ең алдымен қарқынды өнеркәсіптік ауыл шаруашылығы келтіреді. Бірақ Жердің көркін үнемі өзгертетін басқа да факторлар бар. Токио, Сан-Паулу, Нью-Йорк, Каир немесе Шанхай сияқты қалаларда шектеулі кеңістіктерде миллиондаған адам өмір сүреді. Жолдар мен теміржол желілері бүкіл әлемге созылды. Ал біздің мұрамыз, микропластиктен ядролық қалдықтарға дейін, біз өзіміз көптеген жылдар бойы Жерде болмағанымызда, келесі ұрпақтарға қалады.

Пластик теңіз

Испания оңтүстігіндегі Альмерия провинциясында миллион тонна қияр, қызанақ, паприка, авокадо мен құлпынай экспортқа өсіреді, олардың үштен бірі – Германияға. Осы дақылдардың түгелге жуығы жасанды суғаруы бар жылыжайларда өсіріледі. 350 шаршы шақырымға жайылған осы орасан зор «пластик теңізде» бүкіл ландшафт пластик қалқалармен жабылған деуге болады. Мұнда жануарлар мен жабайы өсімдіктер үшін орын жоқ. Бұған қоса қарқынды суғару жер асты сулардың деңгейінің төмендеуіне әкеледі, және облыс құрғатынғырап келеді. Сонымен қатар пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар жылыжайлардан тыс жерлерде мұнда ештеңе өмір сүрмейтініне өзінің үлесін қосады.

Өзен адам әсерінде

Миссисипи: 1940-шы жылдардың картасы өзен аңғары бойындағы көптеген тарихи өзгерістерді көрсетеді. © Миссисипи аңғарының бұрылыстары. Гарольд Н. Фиск авторлығының картасы, АҚШ армиясының Инженерлік корпусы, 1944 | Төменгі Миссисипидің аллювиал жазығын геологиялық зерттеу

Антропоцен – бұл климаттың өзгеруінен де артық. Өзінінің қызметінің барысында адам тұтас, соның ішінде орасан зор ландшафттарды өзгертеді. Мысал ретінде Миссисипи, әлемнің ең ірі өзендерінің бірі табылады. Оның алабы АҚШ-тың      құрлықтағы аумағының 40 пайызы шамасында алады. Ұзындығы 3778 шақырым құрайтын өзінің жолында ол АҚШ-тың бүкіл орталық бөлігінен ағып өтеді және елде орын алатын экологиялық, әлеуметтік, өнеркәсіптік және тарихи өзгерістердің бейнесі болып табылады. Бүгін Миссисипи орасан зор ауылшаруашылық және өнеркәсіптік дәліз болып табылады. Оның жағалауларында уран өндірісінің радиобелсенді қалдықтарын, мұнай өңдейтін және болат құятын зауыттар, сонымен қатар индустриясыздандыруға ұшыраған қалалар, мысалы, Сент-Луис, табылады. Олар өздерінің іздерін қалдырды және әртүрлі мәдениеттер араласып кетті, әлі күнге дейін тарихи қалыптасқан теңсіздік байқалады. Неміс және американдық ғалымдар «Миссисипи.  Антропоцен-өзен» пәнаралық жоба аясында өзенді адам Жерді өзгертуінің мінсіз мысалы ретінде бірігіп зерттеді.


© Haus der Kulturen der Welt/Max Planck Institute for the History of Science

Диатомды балдыр пластикті қорытады

Бүкіл әлемде көптеген пластик (ПЭТ) бөтелкелер өңделмейді, сондықтан қоқыс тастайтан орындарда табылады. Олардың елеулі бөлігі мұхитқа түседі. Ағымдағы болжамдар бойынша, 2050 жылға таман теңіздерде, балыққа қарағанда, пластик көбірек болады. Марбургтың жасушалық биологтары пластикты тұзды суда қалай ыдыратуға болатынымен жұмыс істеп жүр. Бірнеше жыл бойы кейбір бактериялар айрықша энзим – «петазаның» көмегімен пластикты (ПЭТ) еріте алатындары белгілі. Бірақ теңіз суында емес. Сондықтан Марбург зерттеушілері өздерінің эксперименттерінде теңіздің диатомды балдырды пайдаланды. Осы бір жасушалы ағзаларға петаза энзимін шығаруға жауапты бактерияның түрлендірілген гені кірістіріледі. Енді диатомды балдыр энзим шығарып, пластикті ыдырата алады. Ғалымдар ПЭТ-тен жасалған микропластик теңіз суынан кетірілллетінін зертханалық жағдайларда көрсетті, бірақ тиімді технологиялық қолдануға дейін әлі алыс.

Құрылымдық өзгерту – ұрпақтардың жобасы

 © Руперт Оберхойзер / Alamy Stock Foto

1980-шы жылдары Эмшер Германияның ең лас өзені болып саналған. Ол 19 және 20 ғасырларда тау-кен өндірісі мен өнеркәсіп қатты дамыған Рур облысы арқылы ағып өтеді. Мұнда әлі көптеген жылдар бойы су ағызатын жерасты кәрізді салуға болмайды, өйткені көмір шығарғандықтан үнемі шұқырлар пайда болып отырады. Сондықтан ағын сулар өзенге ағызылған болатын. Сол кездерде ол тек қана бетон түбі бар су ағызатын сасық арық болатын. Рур облысында Эмшерді және оның көптеген тармақтарын ренатурациялау 30 жыл бұрын басталды. Қазіргі сәтте өзеннің 326 шақырымының жартысына жуығы өзінің табиғи күйінде. Бүгін оның жағалуларында сирек кездесетін көктарғақ тағы мекендейді. Осы экологиялық қайта құрылыс әлемдегі осындай түрдегі ең ірі жоба болып табылады және бес миллард еуродан артық тұрады. Бүгін Рур облысына осы сәтті тәжірибені үйрену үшін ұқсас мәселелері бар әртүрлі елдерден делегациялар келіп тұрады.

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес

GI-Logo MPG Logo