Асқан сезімдер – Баннер © Коллаж: kocmoc

Асқан сезімдер

Нейробиологтар эмоциялар деп сыртқы тітіркендіргіштермен іске қосылатын және әрекет етуге дайындыққа әкелетін психикалық процестерді түсінеді.

Эмоциялар лимбикалық жүйеде, мидың филогенетикалық трғыдан ежелгі бөлігінде пайда болады. Қорқуды, жиіркенуді және қуаныш пен уайымды тек қана күш салып басуға болады. Олар соншалықты асқан болғандықтан, сезімдер өмірді қатты қиындатуы мүмкін – мысалы, күйзеліс немесе мазасыздану бұзылулар кезінде. Ғылым үшін – бүл зерттеудің күрделі саласы. Олар өте жекеленген болғандықтан және сипаттауға жиі қиын бағынатындықтан. Ең жақсы зерделенген эмоция – ол қорқыныш. Жеке сезімпаздық – біздің тұлғамыздың маңызды бөлігі. Біздің өміріміздегі  қасіреттер және асқан сезімдермен байланысты оқиғалар біздің жадымызда ерекше терең қалып қояды: біздің алғашқы махаббатымыз өмір бойы есте сақталады.

Үлкен махаббат – барлығы тек қана химия ма?
Ғашықтықтың толқытатын кезеңінде ми дофамин деген нейромедиатормен толтырылады. Оны гипоталамус – бас миындағы гормондардың негізгі көзі бөліп шығарады. Дофамин ең бастысы лимбикалық жүйеде әрекет етеді, сондай-ақ марапаттағанда және масайраған кезде маңызды рөл атқарады. Біз ғашық болғынымызда, ағзамыз күйзеліс гормондарын аз шығарады, жаралар тез жазылады, ал ауырсыну соншалықты қатты сезінбейді. Бірақ бір кезде дофамин деңгейі қайта азаяды, сонда ғашықтық махаббатқа айналуы мүмкін. Енді маңызды рөлді  окситоцин атқарады. Ол гипоталамуста шығарылады және гипофизде сақталады. Бұл гормон тыныштандырады, мазасыздануды төмендетеді жәнне жақындық пен сенімділік сезімнің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Жанасулар – бұл окситоцин мен дофамин шығарылуын ынталандыра алатын тітіркендіргіштер – тіпті ғашықтықтың бастапқы кезеңі көптен бері артта қалған болса да.

Аулақ қашу ма немесе қалу ма?
Эмоциялар мінез-құлықтың білгілі бір үлгілерін туғызады. Мысалы, қорқыныш ағзаны аулақ қашуға немесе күресуге дайындайды: жүректің соғуы және қан қысымы жоғарлайды, бұлшықеттер ширығады, зейін қауіпке назар салғызады. Жағдайға байланысты, бұл өте пайдалы немесе мүлде пайдасыз болуы мүмкін. Сәйкес әрекет ету үшін жеке сезімдер, уайымдау мен өзге адамдардың мінез-құлқы  бір-бірімен салыстырылуы тиіс. Мұнда бас миы қырытсының бөлігі болып табылатын аралшықты үлес маңызды рөл атқарады. Надин Гоголла және оның зерттеуші тобы Макс Планк Қоғамының Нейробиология институтында онда нақты не оболатынын зерттейді. Миды зерттегенде жиі болатындай, мұнда да ғалымдар үлгі ретінде тышқандармен жұмыс істейді. Сонымен бірге олар тышқандарда, адамдарда сияқты, қуаныш, жиіркену және қорқыныш деген эмоцияларды қатесіз анықтауға болатын бет әлпеті бар екендігін байқады. Жақында ғана бет әлпетінің әзірленген компьютерлік талдағышын пайдалана отырып, енді зерттеушілер эмоциялардың қарқындылығы мен сипатын өлшеп, оларды мидың белгілі бір бөлігіндегі нейрондардың белсенділігімен салыстыруы мүмкін.

Қоғамдағы сезімдер
Адам не сезінетіні – және деол қалай көрсететіні немесе басқа адамға көрсете алуы – тек қана ішкі күйін білдіруі емес, сонымен қатар қоғаммен сіңіріледі және анықталады. Сонымен сезімдердің қандай болса да тарихы бар ма? Сезімдер тарихты жазуы мүмкін бе өзі? Уте Фреверт және оның  командасы макс План Қоғамыныңң Берлиндегі Адам дамуы институтында осы сұрақтарды анықтаумен айналасады.  Қорқыныш, ыза немесе үміт сияқты сезімдер қоғамдық-саяси тұрғыдан аса маңызды. Сөйтіп, мысалы, зерттеушілер ұят, масқара және көпшілік алдында қорлау деген сөздердің әртүрлі мәдениеттер мен уақыттағы мәнін зерделейді. Бұл сезімдер бүгінгі күннің өзінде үлкен рөл атқарады: интернетте күн сайын дерлік жаңа шейминг-алаңшалар пайда болып жатады. Кибеқудалаудан әсіресе балалар мен жастар азап шегеді. Ал мультимәдениетті қоғамдарда бірлесіп өмір сүру үшін эмоциялардың әртүрлі әсерлері туралы білім зор орасан маңызға ие болады.

Саундчек – музыка немесе шу ма?
Сөз музыка туралы қозғалатын болса, әр адамның талғамы әртүрлі екендігі белгілі. Бірақ әр адам не ол, не бұл музыкалық туынды оған ұнайтынын, немесе ұнамайтынын бірден айтуы мүмкін. Макс Планк Қоғамының Франкфурттағы Эмпирикалық эстетика институтының зерттеушілері адам музыканы тамаша немесе жиіркеніш ретінде қабылдайтыны неге байланысты болатынын анықтауды қалайды. Олар бұл үшін ArtLab, бір мезгілде концерт залы мен зертхана болып табылатын,  іс-шараларды жүргізуге арналған көпфункциялы кеңістікті пайдаланады. Дыбыстар, ымдау, ишаралар мен   әртістердің және 46 тыңдаушының әртүрлі физиологиялық деректері онда жазылуы және бағалануы мүмкін. 
Вокалдық ансамбль әншілері ArtLab франкфурт зертханасында дайындалуда. Бұған қоса әртістердің ЭЭГ, ЭКГ және тыныс алу жиіліктері жазылып отырады: Вокалдық ансамбль әншілері ArtLab франкфурт зертханасында дайындалуда. Бұған қосаәртістердің ЭЭГ, ЭКГ және тыныс алу жиіліктері жазылып отырады. © Макс Планк Қоғамының Эмпирикалық эстетика институты, Франкфурт / Йорг Бауманн

Макс Планк Қоғамының Лейпцигтегі ғалымдары,керісінше,  поп-әнді не сәттіге айналдыратынын білгілері келеді. Музыкалық туында хитқа айналатыны мәтін мен әуенге емес, көбінесе аккордтардың реттілігіне байланысты. Әсіресе танымал әндер аккордттардың болжалды және күтілмеген реттіліктерінің үйлесуімен сипатталады. Өйткені тек сонда ғана миымызда рақаттылық жүйесі белсендіріледі. Сонымен қатар бұл «дұрыс» музыканы тыңдаға кезде біз өзімізді бірден жиі жақсы сезінітінімізді түсіндіреді.

Махаббат, қорқыныш, ыза мен қуаныш –  басымызда не болып жатады?

Махаббат
Ғашық болған кезде сіздің миыңызда марапаттау жүйесі белсендіріледі. Дофамин, вазопрессин және окситоцин сияқты көптеген гормондар бөлініп шығады. Лимбикалық жүйенің осы оң сезімдердің дамуы үшін шешуші маңызы бар. Ол дофамин нейротрансмиттерін пайдаланатын нейрондардан тұрады. Осы нейрондардың денелері ми бағанасында орналасады, амигдала мен гиппокампқа өтеді және алдынғы бас миының төменгі бөлігіндегі іргелес ядрода – марапаттау жүйесінде аяқталады.

Қорқыныш
Амигдала (бадамша пішінді дене) бірнеше миллисекунд ішінде біздің қорқыныш сезінгенімізді анықтайды. Жүрек жиі соғады, бұлшықетіміз ширығады – біз күреске немесе аулақ қашуға дайынбыз. Амигдала бас миының самайлық үйлесінде орналасады және ми бағанасымен байланысқан. Сөйтіп, ол ағзаның тыныс алу және қан алмасуы сияқты автономды функцияларына әсер етеді. Әсіресе жүйке талшықтарының қалың шоғы адреналин шығарылуын іске қосатын гипоталамусқа апарады. Амигдала бас миының үлкен жартышарлары қыртысының барлық сенсорлық бөліктерінен ақпарат алады. Бас миының маңдайлық үлесі сенсорлық сигналдарды бұрын алған белеммен салыстырады және амигдала белсенділігін басуы мүмкін.

Ыза
Егер біз ренжитін болсақ, ақпарат ең алдымен көз бен құлақ арқылыаралық миға жіберіледі, ол оны амигдалаға және бас миының үлкен жартышарларының маңдайлық үлесіне жібереді. Егер «эмоционалды» амигдала бұл реніш деп санайтын болса, онда бас миы үлкен жартышарларының «тиімді» қыртысында мүмкіншілігі болмайды: амигдала неғұрлым жылдам әрекет етеді. Ол гипоталамусты белсендіреді, күйзелістің адреналин және норадреналин сияқты гормондары бөлініп шығарылады, тамыр соғуы қарыштап жоғарлайды. Лимбикалық жүйе ыза анық көрінуі туралы ойластырады: дауыс, ымдау және дене қимылы осыны білдіреді.

Қайғы
Бізді тастап кеткенде немесе сүйікті адам өлгенде біз асқан қайғы сезінеміз. Мида күйзеліске деген реакция пайда болады. Ұауіп дабылының жүйесі – амигдала – белсендіріледі және күйзеліс гормоны кортизол шығарылады. Алайда қасірет – бұл саналы сезім. Ол бізге күйзелісті жеңіп шығуға және тартқан қазаға шыдауға көмектеседі. Қасірет болғанда бас миының маңдайлық үлесінде орналасқан үлестері белсендіріледі. Босаңсу қайтадан орын алуы үшін олар амигдалаға әсер етеді.

Қуаныш
Қанағаттанушылық, қуаныш пен бақыт өзара өте тыңыз байланысты. Қанағаттанушылық  – бұл ішінара генетикаға, атап айтқанда, қоршаған орта әсеріне байланысты болатын ішкі тепе-теңдік күйі. Осы күй бестен он жасқа дейін дамиды және бүкіл өмір бойы негізінде өзгеріссіз өала береді. Биохимия тұрғысынан, бұл процеске бас миының үш нейромедиаторы қатысады: серотонин, дофамин және окситоцин. Бақыттың қысқа мерзімді эйфориясы ми шығаратын эндорфин сияқты апиындардан тұратын «коктейльдің» арқасында пайда болады. Бақыт сапасы үшін шешуші болып қуаныштың пайда болуы табылады. Жаң киім сияқты материалдық заттар көбінесе марапаттау жүйесін белсендіреді. Бұл бақытты тек қана қысқа мерзімге сезіну. Қадірлеу мен достық сияқты әлеуметтік марапаттар, керісінше, неғұрлым ұзақ әсерге ие.

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес

GI-Logo MPG Logo