© Hipolito Collado
Біздегі неандерталь адамы
Африканың «заманауи адамы» Еуропа мен Азияны қоныстағанда ол сол кезде сонда тұратын адамдардың басқа түрлерін кездестіреді.
Кейбір өңірлерде осы жақын туыстар жақын тұрады және ұзақ уақыт бойы бірге болады – және, дәлелделгендей, ортақ балалары бар.. Homo sapiens осы процесте неандерталь адамы мен денисов адамынан қабылдаған кейбір гендер өте пайдалы болып шықты және әлі күнге дейін сақталған.
Екі мысал: бүгін Еуропадағы әр үшінші әйелде неандерталь адамынан шыққан прогестерон гормонына рецептордың генетикалық пішіні бар. Осындай әйелдерде түсіктер азадау, демек, орташа алғанда, балалары көбірек болады. Тибет тұрғындары денис адамдарынан гендердің айрықша нұсқасын мұралаған. Ол қанның құрамындағы гемоглобин мөлшерін шектейді және осымен құрамында оттегі мөлшері төмен төтенше биіктіктерде өмір сүруге мүмкіндік береді.
Неандерталь адамдарының тілі
Бүгінгі күні ғалымдар неандерталь адамдары сөйлей алған деп болжайды. Қалай болағанда да, оларды бұл үшін анатомиялық алғышарттары бар: жасы 60 000 жыл құрайтын кішкентай сүйекті талдау неандерталь адамдардың тіласты сүйегінің пішіні қазіргі заманғы адамдарда сияқты екендігін көрсетеді. Ал тіласты сүйекке тілдің қозғалғыштығын қамтаасыз ететін көптеген сіңір мен тарамыс бекітіледі. Сонымен қатар неандерталь адамдарында сөйлеу үшін қажетті гендері бар. Қандай жағдай болса да, неандерталь адамдары түрі бойынша өздерінің бауырластарына күрделі білім беруі мүмкін болды. Бұны олардың көпетген дағдылары, мысалы, жұқалап өңделген құралдарды жасап шығару, отты пайдалану немесе ірі жануарларды бірлесіп аулау куәландырады.
© Себастиан Каулитцки / Alamy-дегі қосымша фото
Тіласты сүйегінің құрылысы (мұнда қызыл түспен көрсетілген) сөйлеген кезде маңызды рөл атқарады.
Алғашқы суретшілер
Ұзақ уақыт бойын неандерталь адамдарды икемсіз және жеткілікті ақылды емес деп санаған – бәлкім, оларда, Homo sapiens-пен салыстырғанда, неғұрлым өрекскел дене бітімі болғандықтан шығар. Алайда тек қана «заманауи адам» абстарктылы ойлап, өнер шығармаларын жасап шығара алмайды: 64 000 жылдан астам бұрын неандерталь адамдары қазіргі кездегі Испания аумағындағы үңгірлерде сурет салып, әшекейлеген. Қызыл және қара бояғыш затпен орындалған осы өнер сызықтар, нүктелер, шеңберлер мен қолдар іздірінен тұрады. Бұл үшін осы шығармалардың құрастырушылары жарық көзін жоспарлауы, бояғыш заттарды араластыруы және лайық келетін қабырғаны таңдауы қажет. Ұзақ уақыт бойы абстарктылы ойлау және өнер шығармаларын құрастыру қабілеті тек қана «заманауи адамға» тиесілі деп саналған. Бірақ неандерталь адамдары да осыны істей алғанын біз енді білеміз.
Неандерталь адамы қолының Испания батысындағы Мальтравьесо үңгіріндег осы ізге 66 000 жыл тоған, осылай, ол Еуропада «заманауи адамдардың» мекендеунің ең ерте іздерінен кем дегенде 20 000 жыл ескірек.
Жаңа туыс
2010 жылы қолбасының саусақ сүйегінің кішкентай ғана бөлігі дүрліктіретін ғылыми оқиға тудырды. Йоханнес Краузе және Сванте Паабо Макс Планк Қоғамының Лейпцигтегі Эволюциялық антропология институтында жасы 70 000 – 80 000 жыл болатын қолбасының саусақ сүйегінің кішкентай ғана бөлігінен ДНҚ бөліп шығарған. Оның шығу тегі Сібір оңтүстігіндегі Денис үңгірінен болады. Үлкен тосын сый: сүйегі табылған қыз бала адамның бүгінге дейін әлі белгісіз, қазіргі кезде денисов адамы деп аталатын түріне жатады. 2012 жылы озық палеонтологиялық әдістердің көмегімен өыз баланың толық геномы ашып оқылды. Бұл адамзат тарихын зерделеуге арналған маңызды қадам. Өйткені денисов адамы, неандерталь адамы мен «заманауи адым» сияқты, Homo erectus-тен тараған – және, демек, олардың ең жақын туысы болып табылады.
© Макс Планк Қоғамының Эволюциялық антропология институты, Лейпциг
Денисов үңгірі бірегей археологиялық нысан болып табылды. Мүмкін, адамдар мұнда шамамен 280 000 жыл бұрын тұрған шығар.
Ынтымақтастық жөніндегі серіктес
Сізді сондай-ақ қызықтыруы мүмкін
© Макс Планк атындағы нейробиология институты, Мартинсрид/ Фолькер Штайгер (Кесінді; Kocmoc компаниясымен өңделген)