Der Weg der Gene - Banner (c) kocmoc

Біздің гендеріміздің саяхаты

Бірінші «заманауи адам» алғашқы рет африкалық континентті кем дегенде 200 000 жыл бұрын тастап кеткен. Алайда адамдардың басқа түрлері әлі ұзақ уақыт Еуропа мен Азияда көбінесе өзі тәрізділер арасында қала береді. Homo sapiens айрықша сәтті таралуы шамамен 60 000 жыл бұрын басталған болатын. Ол мекендеудің жаңа жерлеріне жақсы бейімделуі мүмкін және бүкіл әлемді біртіндеп қоныстандырады. Кейбір өңірлерде адамдардың әртүрлі түрлері бір-бірімен іргесі тиіп ұзақ уақыт бойы тұрған. Зерттеудің ең жаңа әдістерінің көмегімен ғалымдар неандерталь және денисов адамдарының генетикалық іздері заманауи адамдарда сақталғанын дәлелдей алады.

Адамзат тарихы – зерттеулердің өте белсенді салалсы. Қайта-қайта тасқа айналған жаңа сүйектер мен жасандызаттар табылып жатады, зерттеулердің заманауи әдістері өзара байланыстарға мүлде жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Талдамалық әдістер де өте жылдам дамиды. Макс Планк Қоғамының Лейпцигтегі Эволюциялық антропология институтының директоры Сванте Паабо тіпті зерттеудің мүлде жаңа бағаты – палеогенетиканың негізін қалаушысы деп саналады. Табылған сүйектерге жасалған генетикалық талдау адам дамуының көрінісін  түбегейлі өзгертеді. Мұнда 2020 жылдың зерттеулердің жағдайы көрсетілген: осы уақытта қандай жаңа жаңалықтар ашылуы мүмкін?

Адамзаттың пайда болуы
Жаңа түр бір күнде емес, өте ұзақ процесс барысында пайда болуы мүмкін. Homo sapiens пайда болуымен де дәл солай. Джебель-Ирхуд, Мароккодағы қазба жұмыстары кезінде, 2017 жылы жасы шамамен 300 000 жыл құрайтын алғашқы  Homo sapiens сүйектері табылған болатын. Бұл заманауи адамдар Шығыс Африкада пайда болды деген бұрыннан келе жатқан пікірге қайшы келеді. Бүгін біз «заманауи адам» шамамен 300 000 жыл бұрын бүкіл афркалық континентте тарағаны туралы білеміз. Сонымен қатар бұны Оңтүстік Африкадағы Флорисбадта табылған жасы 260 000 жеткен тасқа айналған сүйектер  де дәлелдейді. Сөйтіп, адамзат ертедегі көші-қон және бүкіл африкалық континенттегі күрделі эволюция нәтижесінде пайда болған. Әлеуметтік желі арқылы гендар мен мәдени технологиялар үлкен өашыөтыөтарға беріледі.

Jebel Irhoud, Marokko © Шеннон Макферрон, Макс Планк Қоғамының Лейпцигтегі Эволюциялық антропология институты, Лицензия: CC-BY-SA 2.0


«Замнауи адамның» көші-қоны

300 000 жас
Джебель-Ирхуд үңгірі
2017 ж., Марокко

Homo sapiens ең ежелгі сүйектері және жасы 300 000 құрайтын тас құралдары «заманауи адамның» Шығыс Африкада дамығаны туралы пікірді жоққа шығарады.

190 000 – 200 000 жас
Омо Кибиш
1967 ж., Эфиопия

Табылған Омо I-III сүйектері являются очень ранними останками Homo sapiens ең ежелгі сүйектер болып табылады. Ұзақ уақыт бойы олар «заманауи адамның» шығыс Африкада пайда болуының дәлелі ретінде саналған болатын.

90 000 жас
Эль-Вуста
2018 ж., Сауд Арабиясы

Нефуд шөлінде табылған қолбасы саусағының сүйегі Африкадан тыс жерде бүгінгі күнге дейін табылған Homo sapiens тасқа айналған ең ежелгі белгілі сүйегі болып табылады. Бүгінгі Арабия түбегі асқан қуан жер, бірақ сол кездерде мұнда жасыл ландшафттар, өзендер мен көлдер бар болған.

70 000 – 80 000 жас
Денисова үңгірі
2010 ж., Ресей

Қолдың саусағының кішкентай ғана бөлігінің ДНҚ талдау ғажап жаңалыққа әкеледі: сүйек адамның бұрын мүлде белгісіз түріне тиесілі.

63 000 жас
Там Па Линг  үңгірі
2009 ж., Лаос

Осында табылған әйелдің сүйектері «заманауи адамның» Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тасқа айналған белгілі сүйектердің ең ежелгісі болып табылады.

45 000 жас
Усть-Ишим
2008 ж., Ресей

Шамамен 45 000 жыл бұрын қазіргі өмір сүретін еуропалықтар мен азиялықтардың ата-бабалары бір-бірінен бөлек дами бастаған. Бұл бізге  Усть-Ишимде тұрған  Homo sapiens геномын береді.

44 000 жас
Леанг Булу Сипонг үңгірі
2017 ж., Индонезия

Ибірнеше жануарлардың және жануар-адамдардың кескіндемелері «заманауи адамдар» жасаған осы түрдегі кескіндемелердің әлемдегі ең көнесінің бірі болып табылады.

42 000 жас
Неандерталь адамдарының үңгірі
1856, Германия

Неандерталь аңғарында табылған тасқа айналған сүйектер 19-ғасырда адамдардың жеке түрінің сүйектері деп танылған болатын. Неандерталь адамдары, кейін тұрған жерлері бойынша аталғандар, шамамен  40 000 жыл бұрын қырылып біткен. Бірақ олардың гендерінің кейбіреулері «заманауи адамдарда» бүгінгі күнге дейін сақталған.

42 000 жас
Озеро Мунго
1974 ж., Австралия

Долгое время «человек Мунго» считался самым древним доказательством заселения Австралии. Однако последние результаты исследования показывают, что люди жили там уже 65 000 лет назад.

40 000 жас
 Тяньюань үңгірі
2003 ж., Қытай

Пекинге жақын орналасқан үңгірдегі табылған Homo sapiens жамбас сүйегін генетикалық талдау дәлелдейді: Американың байырғы халқы,  еуропалықтарға қарағанда, қазіргі өмір сүретін азиялықтармен тығыз байланысты.

Американы мекендеу
Америка – Homo sapiens мекендеген соңғы үлкен аумақ. Бірақ адамдар онда қалай және қашан келген? Ең сендірерлік және көпшілікке танылған пікір Сібір мен Аляска арасындағы жерлерді мекендеуді болжайды. Құрлықтағы жол ма? Бүгінгі күні Беринг бұғазының ені 82 километр, ал тереңдігі –  50 метрге дейін құрайды. Бірақ 20 000 жыл бұрын суық кезеғ кезінде теңіз деңгейі едәуір төмен болған және өңір қоныстанған болатын. Сол кезде Солтүстік Америкада сонымен қатар көп мұздықтар болды. Сондықтан археологтар ұзақ уақыт бойы адамдар оңтүстікке тек қана суық кезең аяқталғаннан кейін қоныс аудара алды деп балжаған болатын. Бірақ континеттің оңтүстігінде табылған кейбір  заттар бұнымен үйлеспейді. Сондықтан кейбір зерттеушілер бұдан де ерте қоныстандырулар болды деп санайды – бәлкім, адамдар Америкаға Сібірден, Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен және тіпті Еуропадан қайықпен жеткен шығар.


20 000 жас
Серра-да-Капивара
1980-е жж., Бразилия

Америка 20 000 жыл бұрын қоныстандырылған болды ма? Бұны болжауға суреттер, сонымен қатар табылған тас құралдары мен ағаш көмірі мүмкіндік береді – бірақ күнін нақты көрсету даулы. Дегенмен кейбір зерттеушілер үшін олар адамдар Батыс Африкадан қарапайым қайықтармен Атлантикадан жүзіп өткендерінің ділелі болып табылады.

13 000 жас
Кловис
1937 ж., АҚШ

Найзалардың айрықша өңделген кремний  ұштықтары Кловис мәдениеті үшін сипатты. Оларды жасаған адамдар Беринг бұғазы арқылы Сіьірден келген. Олар ұзақ уақыт ең  көне американдықтар деп саналған болатын.

13 000 жас
Ойо-Негро су астындығы үңгір
2007 ж., Мексика

Қыз баланың толығымен дерлік сақталып қалған қаңқасы және сонғы жылдары үңгірлердің осы жүйесінде көптеген табылған заттар Американы мекендеу, бұрынғыда есептелгенмен салыстырғанда, неғұрлым ауыр өтуі мүмкін дегенді болжауға мүмкіндік береді.
 
Тарихқа дейінгі өнер
Біздің дәуірімізге дейін адамдар өнердің әсер ететін туындыларын жасаған болатын, тек қана Homo sapiens емес, сондай-ақ неандерталь адамдары бізге айтарлықтай айғақтар қалдырған.

115 000 жас
Авионес үңгірі
2010 ж., Испания

Тескіленген қабыршақтар, бояу қалдықтары және тіпті түстердің күрделі қоспасы: 100 000 астам жыл бұрын неандерталь адамдары осы үңгірде символдық заттар жасап шығарған.

40 000 жас
Штадель үңгірі
1939 ж., Германия

Жасы шамамен 40 000 жасқа келген  арыстан-адам әлемдегі бейнелеу өнерінің ежелгі бейнелі шығармалалардың бірі болып табылады. Мүсін шеберлікпен мамонт сүйегінен ойып жасалған және Homo sapiens рухани дүниесі туралы болымсыз түсінік береді.

  Loewenmensch © Ульма мұражайы (CC BY-SA)
35 000 жас
Шове үңгірі
1994 ж., Франция

Франция оңтүстігіндегі бүгінгі күні өте танымалға айналған жартастағы суреттер ерекше сұлулықпен ерекшеленеді.  Ардеш аңғарындағы Шове үңгірінде «заманауи адамдар» бірнеше мың жалдар ішінде шамамен 1000 толық кескіндемелері бар 400 қабырғалық сурет салған.
  Шове үңгірінің жылқылары Шове үңгірінің жылқылары, Томас T. Жердің бір жерінен, CC BY-SA 2.0 лицензиясы бойынша
8 000 жас
Хаиля ауданы
2017 ж., Сауд Арабиясы

Кем дегенде  15 000 жыл бұрын адамдар қасқырларды қолға үйретіп, иттерді өсіре бастаған. Жартасқа ойып салынған 1400-ден астам суреттер аң аулау кезінде иттер қандай рөл атқарғандарын көрсетеді. Кейбір иттер тіпті қарғы баумен жүретін сияқты.
  Hunde © Мария Гуаньин және басқ./ Антропологиялық археология журналы

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес

GI-Logo MPG Logo