Шахмат colourbox.com

ЖЗ деген не?

«Жасанды зият» (ЖЗ) – немесе ағылшынша "Artificial Intelligence" (AI) сөйлемшесі – ресми түрде алғашқы рет 1955 жылы пайдаланылған болатын.

Информатика бойынша маман Джон Маккарти оны конференцияға байланысты пайдаланады, онда,  басқалармен бірге, шахмат және дойбы ойнай алатын бағдарламалар ұсынылған. 40 жыл өткеннен кейін ІВМ әзірлеген Deep Blue шахматтық компьютері әлем чемпионы Гарри Каспаровты жеңіп шықты. Бірақ бұл зият па? Мәселе мәнісі дәл осыда болады: зияткерлік машиналарды әзірлеу талпынысы бастапқыдан табиғи зият туралы түсініктен кейін болады, алайда тіпті ол үшін қазірдің өзінде көпшілік мақұлдаған анықтама жоқ. Бірақ бір нәрсені мүлтіксіз айтуға болады: ЖЗ үлгісі – бұл біздің миымыз, нейрондық желі, ол оқи, пайымдай және абстарктілі ойлай алады.

Ойланатын немесе қоршаған ортамен орынды өзара әрекеттесетін машиналар әлі жоқ – тіпті бүгінгі ЖЗ жақсы үйренетін болса да. Бірақ бұл технология өмірдің барлық салаларында біздің күнделікті өмірімізді іс жүзінде терең өзгертіп жіберді.

«Бүгін біз өзіміздің қалтамызда бірге алып жүретін нәрсе бірнеше он жылдықтар бұрын болған суперкомпьютердің қуатына ие».
Питер Даян, Макс  Планк Қоғамының Тюбингендегі Биологиялық кибернетика институтының директоры

Әлсіз, күшті және  супер-ЖЗ – бұл сонда не?

ЖЗ – бұл информатиканың бөлікшесі. Оның мақсаты  – компьютерлерге алгоритмдердің көмегімен бейнелерді анықтап тануға және өздігінше шешім қабылдау мүмкіндігін беру. ЖЗ – әлі күнге дейін жас сала. Сондықтан тіпті мамандардың арасында ЖЗ деп нені түсіну керек, ал нені елемеу керек екендігі туралы әртүрлі пікірлері бар. Көпшілгі компьютерлік жүйенің өздігінше оқуға қабілетін ЖЗ-ға арналған алғышарт деп санайды, дәл сол        кезде басқалар оған, мысалы, сонымен қатар дыбыстық көмекшілерді жатқызады.
Жалпы алғанда, ЖЗ үш алуан  түрі бар: әлсіз ЖЗ, күшті ЖЗ және супер-ЖЗ деп аталатыны.
© youknow

Әлсіз, күшті және  супер-ЖЗ – бұл сонда не?
ЖЗ – бұл информатиканың бөлікшесі. Оның мақсаты  – компьютерлерге алгоритмдердің көмегімен бейнелерді анықтап тануға және өздігінше шешім қабылдау мүмкіндігін беру. ЖЗ – әлі күнге дейін жас сала. Сондықтан тіпті мамандардың арасында ЖЗ деп нені түсіну керек, ал нені елемеу керек екендігі туралы әртүрлі пікірлері бар. Көпшілгі компьютерлік жүйенің өздігінше оқуға қабілетін ЖЗ-ға арналған алғышарт деп санайды, дәл сол        кезде басқалар оған, мысалы, сонымен қатар дыбыстық көмекшілерді жатқызады.
Жалпы алғанда, ЖЗ үш алуан  түрі бар: әлсіз ЖЗ, күшті ЖЗ және супер-ЖЗ деп аталатыны.

Әлсіз ЖЗ
Әлсіз ЖЗ  – бір салада ғана мамандырылған жасанды зият. Осы салада он шынымен жақсы болуы мүмкін, бірақ өзінің білімін басқа салаларға қолдана алмайды. Сонымен қатар біздің смартфондарымыз да, әр заманауи компьютер және интернет әлсіз ЖЗ-ға толы, мысалы, смартфон т фотосуреттерді папкаларға топтастарғында, бағдарлама мәтінді бір тілден екінші тілге аударады немесе YouTube келесі бейнені ұсынады. Әлсіз ЖЗ  – бұны «тар шеңберлі  мамандар» деп айтуға болады. Олар өздері жасағанында өте жақсы, жиі адамдардан да жақсырақ болар – бірақ олар өзге ештеңе жасай алмайды. Бүгін қолданылатын ЖЗ әрқайсысы – бұл әлсіз ЖЗ.

Күшті ЖЗ
Күшті ЖЗ бір салада үйренгенін сондай-ақ басқа салаларда қолдана алады. Бұл зияты бойынша адамға тең күшті ЭЗ жасап шығаруға мүмкіндік беретін еді. Алайда әлі күнге дейін күшті ЖЗ жоқ. Тіпті ең күрделі жүйелер – мысалы,  автономды жүргізу жүйелері сияқтылар  – әлсіз ЖЗ болып табылады, өйткені олар әлі күнге дейін бір белгілі саламен анық шектелшен, Адам миымен салыстыруға болатын зиятқа жету әлі өте алыс. Жасанды нейрондық желілер  – бұл машиналық оқытудың ең күрделі типі.  Олар күшті ЖЗ-ға апаратын жолда шешуші рөл атқарады.

Супер-ЖЗ
Супер-ЖЗ немесе жасанды  суперзият адамдардан да ақылды болар еді,  жай ғана белгілі мәселелерді немесе қойылған мақсаттарды шешуде ғана емес, сондай-ақ өздерінің шығармашыл және әлеуметтік қабілеттерінде. Супер-ЖЗ өзінің меншік мақсаттары мен құндылықтарын қойып, оларды кез келген жағдайға бейімдеуі мүмкін болуы қажет. Бұған қоса, супер-ЖЗ сана-сезімді қамтитыны туралы сұрақ пайда болады. Жеке жүйелерді  – айрықша шапшаң және қуатты іздеу жүйелері сияқтыларды – кейді иногда называют «астам зияткерлік» деп атайды. Бірақ олар адамнан пайдаланудың тек қана ішкі салаларда және нақты салада асып түседі, сондықтан ақыр аяғында әлсіз ЖЗ болып табылады. Нағыз супер-ЖЗ, сөзсіз, әлемді түбегейлі өзгертетін еді

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес

GI-Logo MPG Logo