(c)
Ғарыштағы біздің үйіміз
Біздің Күн жүйеміз Ғаламда айтарлықтай қарапайым орын алады. Бұл біздің туған галактикамыз, Құс жолының, кішкентай ғана бір бөлшегі.
Мұнда, біздің Күннен басқа, 100-ден 400 миллардқа дейін басқа жұлдыздар бар. Құс жолын айналатын жалпақ диск түрінде елестетуге болады. Оның диаметрі 120 000 жарық жыл құрайды, алайда қалыңдығы – небәрі 1000 жарық жыл. Оның ортасында орасын зор қара құрдым орналасқан. Ол біздің Күннен төрт миллион есе ауыр болады.
Біздер, адамдар, үшін тек жалғыз Құс жолының өлшемдері ақылға сыймайтындай болып саналады. Алайда бұл бірнеше жүз миллиард галактикалардан тұратын бүкіл Ғаламның өте, өте, өте кішкентай ғана бөлшегі.
Біз Құс жолындамыз
Біздің Күн Құс жолының Орион жеңінің құрамына кіреді және 25 000-нан 28 000 жарық жылға дейінгі қашықтықта галактика ортасын айналады. Мерген А* орталық қара құрдымның орбитасына шығу 220-дан 240 миллион жыл қажет болды – осының барлығы шамамен 800 000 км/сағ құрайтын тыныс алдыратын орбиталық жылдамдықта.
Біздің Күн жүйеміз
Бңз өмір сүретін Күн жүйесі шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын будақтаған газ бен шаңнан тұратын дискіден қалыптасқан болатын. Ол Күн мен сегіз планетадан тұрады. Планеталар – ол жұлдызды айналатын және өздері жарқырамайтын үлкен, домалақ аспан денелері. Олар өздерінің орбиталарында жалғыз болады, өйткені олардың салыстырмалы үлкен салмағы олардың жолдарында жатқан өзге аспан денелерін тартып алады. Римдіктер планеталарға олар әлі күнге дейін аталып жүрген атау берген болатын.
Күн
Барлық жарқырайтын жұлдыздар сияқты, біздің Күніміз де энергия таратады. Бұл энергия Күннің ішіндегі реакциялардың нәтижесінде пайда болады, онда сутектің екі атомы гелий ядроларымен қосылады. Бұл процестер Жердегі бүкіл пайдала энергияның көзі болып табылады деуге болады.
Ұзақ уақыт бойы адамдар Жер Ғаламның ортасында орналасады деп сенімді болатын. Астроном әрі математик Николай Коперник 1514 жылы бұның дұрыстығына күдіктенді. Ол планеталар, яғни Жер де, Күнді айналады деп сенімді болған. Тек қана 17-ғасырда әлемге деген осы көзқарас жалпыға танылды.
© Макс Планк Қоғамы
Меркурий
Меркурий небәрі 88 күн ішінде Күннің айналасында бір айналым жасайды. Сондықтан римдіктер оған құдайлардың шапшаң хабаршысы Меркурийдің атын берді. Біздің Күн жүйеміздегі ең кішкентай планетада аса жұқа атмосферасы бар. Сондықтан оның бетіндегі температура түндегі -173 градус Цельсийден күн жарығындағы +427 градус Цельсийге дейін өзгереді.
Шолпан
Егер Жерден қарайтын болсақ, онда, Шолпаннан басқа бір де бір «жұлдыз» ашық жарқырамайды. Кешке таман бұл көзге көрінетін алғашқы, ал тәңертең – соңғысы болып жоғалатын аспан денесі. Сондықтан оны «кешкі жұлдыз» или «таңғы жұлдыз» деп атайды. Алайда Шолпан өзімен өзі жарқырамайды. Ол Күннің жарығын шағылыстырады – өзге планеталар сияқты.
Жер
Жер Күннен дұрыс қашықтықта орналасқаны қандай сәттілік. Тек қана осы жағдайда Жерде тіршілік дамуы мүмкін. Күнге жақын болсақ, тым ыстық, ал алыстау болсақ – тым суық болар еді. Тек қана адам мекендейтін осы аумақта су үнемі сұйық күйде болуы мүмкін. Бұл біз білетін тіршіліктің дамуына арналған негізгі алғышарт болады.
Марс
Марс темірлі жыныстардан тұрады. Оның қызғылт сары-қызыл түсі – тоттан басқа ештеңе емес! Ең үлкен марстық жанартаудың биіктігі 20 километрден астам. Жерлдегі ең биік тау – Эверест, оның биіктігі 8848 метр – оның қасында өте кішкентай болып көрінеді. Марс бетінде жүрішулердің бірнешесі планетаны геологиялық тұрғыдан зерттеп болды.
Юпитер
Юпитер, сөзсіз, біздің К.н жүйеміздегі ең үлкен планета болып табылады. Алып газды планетаның құрамы Күндікіне ұқсас – бірақ тұтануы және жұлдызға айналуы үшін ол тым жеңіл. Юпитердің кем дегенде 79 серігі бар.
Сатурн
Сатурнның әйгілі сақиналары мұз бен әртүрлі өлшемді тастардан тұрады. Жалпақ дискіде жиыны 100 000-ден астам сақина бар. Басқа планеталардың да сақиналары бар, бірақ олар соншалықты айқын қалыптаспаған, сондықтан оларды көру оңай емес.
Уран
Неміс-британдық астроном әрі музыкант Вильгельм Гершель Уран мұзды планетаны алғашқы рет 1781 жылы ашты. Уранның кем дегенде 27 серігі бар, олардың көбі Уильям Шекспир шығармаларының кейіпкерлері сияқты аталған.
Нептун
Нептун – құралсыз Жерден көруге болмайтын жалғыз планета. Сондықтан оны тек қана, астрономом Иоганн Готфрид Галле1846 жылы ашқан болатын. Бұдан ертерек математик Урбен Леверье осы планетаның бар болуын және оның шамалы орналасуын есептеп қойған. Осылайша, Галле ол не іздейтінін білген.

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес
Сізді сондай-ақ қызықтыруы мүмкін
© Макс Планк атындағы нейробиология институты, Мартинсрид/ Фолькер Штайгер (Кесінді; Kocmoc компаниясымен өңделген)