© kocmoc
Тас дәуіріндегі төңкеріс
20 000 жыл бұрын барлық адамдар жинаушы аңышлар болған. 5000 жыл бұрын осындай болып тек қана он пайызы қалды – қалғандары отырықшы егіншілер мен малшы шаруаға айналды. Осы өзгеріс немен түсіндіріледі?
Ауыл шаруашылығы шамамен 11 000 жыл бұрын «Құнарлы жарты ай» деп аталатын жерде – қазіргі кездегі Ирак пен Сирия арасында жайылған. Сол жерде шамамен 15 000 жыл бұрын біртіндеп күн жыли бастайды, сонда бұрын қайырсыз болған далада үлкен дәнді жабайы шөптер өсе бастайды. Жинаушы аңшылар енді бір жерде жиі қалуы мүмкін. Бірақ климат ылғи осындай жұмсақ болып қала бермейді. Адамдар тіпті ең нашар кезеңдерде жақсы тамақтануға мүмкіндік болуы үшін ең жақсы шөптерді мақсатты түрде таңдап, өсіре бастайды. Егіншілер бір орында мекендейді. Олар, қор жинап, үлкен отбасыны тамақтандыра алады.
Шамамен 8000 жыл бұрын ауыл шаруашылығы Анатолиядан фермерлермен бірге Еуропаға келіп жетеді. Олар онда жинаушы аңшылармен кездеседі және әдетте бір-біріне жақын жерде өмір сүреді. 4 800 лет жыл бұрын иммиграцияның екінші толқыны басталды: Шығыс даласынан ірі қара малдың үлкен табындары бар малшы шаруалар келеді. Мәдени және техникалық тұрғыдан олар жергілікті тұрғындардан әлдеқайда озып кеткен.
Баршамызға орын жеткілікті!
8000 жыл бұрын Еуропада анатолиялық егіншілер жергілікті жинаушы аңшылармен кездеседі. Егіншілер егін егумен айналысады, бірақ оларда әлі сүтті мал жоқ. Екі топ кем дегенде іргелері тиіп 2000 жыл өмір сүріп келеді. Ешкім басқалар сияқты өмір сүруге қызықпайды: жинаушы аңшылар өте жақсы тамақтанады және сау, мысалы, олардың тістерінде тісжегі жоқ – өйткені олар шайнаған кезде қантқа айналатын дақылдарды білмейді. Бірақ оларда тек бірнеше балалардан бар, өйткені көп жылдар бойы оларға емшек сүтін берген. Өздерінің тірі қалуын қамтамасыз ету үшін жинаушы аңшыларға күніне екіден төрт сағатқа дейін қажет. Осылайша оларда «бос уақыт» көп болады.
Егіншілердің отбасылары, керісінше, күні бойы қайраттанып жұмыс істеуі қажет. Алайда олар айтарлықтай үлкен отбасын тамақтандыра алады және олардыа балалары біршама көбірек болады. Олар елді мекендерде өмір сүреді және олардың меншіктері бар. Егер олар аз жұмыс істейтін болса, олар өздерінің үлкен отбасыларын асырай алмаушы еді. Егер қақтығыстар орын алып қалса, жинаушы аңшылар фермерлер үшін пайдасыз жерлерге қоныс аударып кетеді. Үлкен ормандарда орын жеткілікті.
Ауыл шаруашылығының өнертабысы
Осыдан 12-14 мың бұрын жинаушы аңшылар қазіргі кездегі Израиль мен Иорданияның аумағында жабайы дақылдарды жинаған. Олар ұн жасаған. 13 000 жыл бұрын жаңбырдың болымсыз мөлшерімен салқындаушылық орын алды, тамақ қорлары азайды. Сондықтан адамдар ерекше «жақсы» қасиеттері бар дақылдарды іріктеп, арнайы өсіре бастайды деген ой бар. 10 500 жыл бұрын олар өызіргі кездегі бидайдың ізашарын, эммерді өсірумен айналыса бастаған. Эммердің масақтары берік бекітілген, сондықтан бос дәндер жинаған кезде жерге құламайды – бұл ерекшелік егінші үшін пайда болды, бірақ жабайы дақыл үшін өрескел болушы еді. Арпа да көптен бері бар: Макс Планк Қоғамының Йенадағы Адамзат тарихы институтының ғалымдары халықаралық зерттеушілік топпен бірге Өлі теңіз маңындағы арпаның 6000-жасты дәндерін қазіргі жергілікті сұрыптармен салыстырады. Олар генетикалық тұрғыдан айырмашылықты мүлде таба
алмады деуге болады. Осылайша, дақылдардың іріктелімі тас дәуірінде айтарлықтай деңгейді аяқталған деп айтуға болады
6000 жылдан астам сақталған арпа дәні – Өлі теңіз маңындағы үңгірде табылған. © nature genetics, ЦИО: 101038/ng.311
6000 жылдан астам сақталған арпа бидайы – Өлі теңіз маңындағы үңгірде табылған.
Көші-қон мен идеяларды жіберу нәтижесіндегі өзгерістер
Генетикалық талдаулар көмегімен ауыл шаруашылығы Еуропаға анатолиялық егінішілердің қоныс аударғандарының арқасында шамамен 8000 бұрын келгенін біз енді білеміз. Бірақ бұл адамдар кім және олар ауыл шаруашылығын қайдан біледі? Бұны білу үшін ғалымдар Анатолия тұрғындарының шамамен 15 000 жылға дейін сақталған тарихқа дейінгі қаңқаларын зерттеді. Нәтижесі: анатолиялық егіншілер жинаушы аңшылардың тікелей ұрпақтары болып табылады – олардың гендік қоры 7000-нан астам жыл бойы тұрақты болып қала береді. Осылайша, бұл жағдайда жергілікті халық жаңа идеялар мен мәдени тәсілдерді қабылдап, өмір салтын өзгерткен.
Жаңа қоршаған орта – жаңа келбет
18 000 жыл бұрын соңғы суық кезең аяқталғаннан кейін терілері қара және
көздері көгілдір болатын жинағыш аңшылар Орталық Еуропада келесі мыңжылдықтар бойы өмір сүрді. Бұл адамдар балық пен ет жейді және осылайша D дәруменін көп қабылдайды.
Екінші жақтан, 8000 жыл бұрын Анатолиядан Еуропаға қоныс аударған егіншілер көбінесе өсімдіктермене тамақтанған, сондықтан оларда D дәруменінде тапшылық болған. Адам ағзасы да осы дәруменді өздігінен шығара алады – бірақ теріге ультракүлген жеткілікті мөлшерде сіңетін болса. Бірақ солтүстік ендіктерде іс тек қана тері ақсары болған жағдайда жүзеге асырылады. Осылайша ақсары тері егіншілер арасында эволюциялық артықшылыққа айналады. Бүған қоса, қара терінің ультркүлгіннен Африкада қалыптасқан қатты қорғанысы мұнда енді аса маңызды емес. Онда көгілдір көздер неге қалды екен?
Олардың нақты артықшылығы мүлде жоқ
деуге болады. Бәлкім, сөз сұлулықтың
бұрынғы мінсіздігі туралы қозғалған шығар, және де көздері көгілдір адамдар серіктес ретінде қалаулы шығар.
Тамақтанудың жаңа салтының ғажап салдары
Адам тілініің дыбыстары айтарлықтай алуантүрлі. Көп уақыт бойы барлық дыбыстар шамамен 300 000 жыл бұрын Homo sapiens дамығанда пайда болған деп саналған. Бірақ жаңа зерттеу «ф» және «в» сияқты дыбыстар жақында ғана - тістердің жаңа жайғасуына байланысты екендігін көрсетеді! Жинаушы аңшыларда қатты және қатқыл тамақтан «тура тістемі» болады. Бұл ретте жоғарғы және төменгі жақтарының күрек тістері бір біріне дәл тиіп тұрады. Жұмсақ тамақты көп мөлшерде қабылдаумен болымсыз «терең тістем» басым болады. Жоғарғы күрек тістер астынғы тістерден сәл шығыңқы болады. Тістердің осындай жайғасуы бүгінгі күні әлемдегі барлық тілдердің жартысында бар жаңа дыбыстарды шығаруға мүмкіндік береді. Осы дыбыстарды шығарғанда жоғарғы күрек тістер, «ф» дыбысын айтқандағыдай, төменгі ерінге тиеді.
© Тимея Бодоган
Тамақтың түрі тістердің және тілдің жайғасымына әсер етеді (сол жақта: тура тістем, оң жақта: терең тістем). © Тимея Бодоган
Сүт айырмашылықты орнатады
Сүтқоректілердің тек қана күшіктері
сүтті қорыта алады. Олар лактаза ферментінің көмегімен сүтті қантты (лактозаны) бөліп шығара алады және осылайша оны сіңіруі мүмкін. есейген шақта ферментті бөліп шығару тоқтатылады – ол кездерде сүт ішу ас қорытумен күрделі мәселелерге әкеледі. 4800 жыл бұрын көшіп -қонған адамдар Еуропаға даладан мүйізді ірі қара мал, қабындарын әкелген. Мал шаруаларында тамақтанудың қосымша жақсы көзі бар: олар сүтті төзе алмаса да, оны пайдалануы мүмкін. Бұл сүтті айран, йогурт немесе ірімшік сияқты лактозасыз өнімдерге қайта өңдейтін технологияларды әзірлегендеріне байланыстты.
Кейінірек эволюциялық кездейсоқтық іске қосылады: кейбір адамдарда өсіп жеткенде лактаза ферментін шығаруды тоқтататын ген өзгереді. Осылайша, ересек адамдар да енді сүт іше алады. Орталық Еуропада осы «лактозаға төзімділік» деген мутация өрістік шаруашылықпен бірге – және де бас айналдыратын жылдамдықпен таралады! Бүгінгі күні Германияда халықтың шамамен 85 пайызы сүтке төзе алады, ал Қытайда – тек шамамен бес пайызы ғана.
Тістер не туралы мәлімдейді
Адамдар қашан және қайда сүтті өздерінің рационына қосып, жүйелі түрде сүт өнімдерін өндіре бастады? Осыны Кристина Вариннер, Макс Планк Қоғамының Йенадағы Адамзат тарихы институтының зерттеу тобының басшысы, анықтағысы келеді. Бұл үшін ол ежелгі тістердің тіс тасын зерттейді. Тасқа айналған тіс өңезінде ол бактериялдың ДНҚ, сондай-ақ сүт нәруызын табады. Әсіресе сарысу нәруызы (бета-лактоглобулин) қызықты. Мысалы, ол қой, сиыр мен ешкі сүтінің құрамында бар, бірақ адамның емшек сүтінде жоқ. Оның аминқышқылды реттілігі жануардың бір түрінен басқа түріне қарай ерекшеленеді. Зерттеушілер тіпті қандай сүт қайда және қашан өңделгенін көре алады.
© Кристина Вариннер / Макс Планк Қоғамының Адамзат тарихы институты, Йена
Көпғасырлық ежелге тыс тасы біздің бабаларымыздың рационы туралы бізге көп ақпарат береді.
Ештеңе жай әншейін болмайды
Ауыл шаруашылығы адамдарға көптеген игіліктер әкеледі, бірақ жаңа өмір салтының өзінің бағасы да бар: жұқпалы аурулар дәуірі басталады! Адамдардың үлкен топтары бір-біріне жақын жерде өмір сүреді және де бүрге мен егеуқұйрықтар сияқты үй жануарларымен, сонымен қатар паразиттермен қатынаста болады.
Бүгін палеогенетиктерге обаның жасы шамамен 5000 жыл құрайтын бірнеше қоздырғышы белгілі болды. Бірақ ауру қайдан келеді екен? Дала тұрғындары обаны өздерінің жылқыларымен Орталық Еуропаға әкелді ме немесе ауру оғанға дейін болды ма? Бұл сұраққа жауап беру өте қиын. 5500 және 4800 жылдар бұрын арасындағы кезеңде Еуропада ұаңұалы сүйектер өте аз қалған – бәлкім, сол кезде оба қаһарын төккенде адамдар өлгендерді өртеп жіберді ме екен? Дала тұрғындары шөлді жерлерге қоныс аударды ма? Бұны Еуропада тұратын егіншілер мен бақташылар арасындағы әскери жанжалдар болғанының дәлелдері жоқ.
Төңкерістің кері жағы
Жинаушы аңшылар мәдениетінен ауыл шарушылаққа және мал өсірушілікке көшу аурулардың жаңа қоздырғыштарының пайда болуына мүмкіндік туғызады – зерттеушілер бұрыннан күдіктенген болатын. 2019 жылы олар дәлелдеді: жасы шамамен 6500 жыл болатын адам сүйектерін кең ауқымды зерттеу барысында жасы бірнеше мыңжылдыққа келген сальмонелла штаммының генетикалық материалын қайта құрастыра алды. Егіншілер мен мал шаруаларының сүйектерінде табылған сальмонеллалар Paratyphi C бактериялық штамның ізашары болып табылады, ол тек қана адамдарға жұғады және сүзекке ұқсас симптомдарды тудырады. Тарихи сальмонеллалар, керісінше, әлі күнге дейін соншалықты іріктеулі емес сияқты, адамдарды да, сонымен қатар жануарларды жұқтырады.
© Mediscan / Alamy-дегі тақырыптық фото
Сальмонелла мысалында зерттеушілер егіншілер мен жануарлардың тығыз қатар өмір сүруі жаңа аурулардың пайда болуына әкелетінін алғашқы рет көрсетті.

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес
Сізді сондай-ақ қызықтыруы мүмкін
© Макс Планк атындағы нейробиология институты, Мартинсрид/ Фолькер Штайгер (Кесінді; Kocmoc компаниясымен өңделген)