© Christina / WOCinTech stock
Тіл – адам ерекшелігі
Тілдер бір жас шамасынан бастап жәнәстық жетілуге дейін әсіресе жақсы игеріледі. Осыдан кейін тілдерді үйрену қабілеті біртіндеп төмендейді. Алайда ересек адам, қалауы болса, жаңа тілді өте жақсы үйренуі мүмкін– бұны ғылыми зерттеулер көрсетті.
Тілді өңдеу үшін мидың бірнеше бөлігі тығыз өзара әрекеттесуде жұмыс істеуі тиіс. Олардың кейбіреулері сөйлем құру немесе грамматика үшін, басқалары сөздердің мағынасы үшін маңызды. Мұны кішкентай балаларда оңай байқауға болады: мидың әртүрлі бөліктерін біріктіретін жүйке талшықтарының шоқтары, ақпараттық магистаральдар сияқты, тек біртіндеп дамиды. Соныдықтан балалар күрделі сөйлемдерді біртіндеп түсіне алады немесе оларды өздігінен құрастыруы мүмкін. Оқыту қарқыны бұл ретте әртүрлі болады: егер кейбір балалар алғашқы сөздерін сегіз айында айтса, онда басқалар тек қана екі жастан асқанда сөйлей бастайды.
Тіл адамды жасайды
Макс Планк Қоғамының Лейпцигтегі Когнитивтік ғылымдар және ми туралы ғылымдар институтының директоры Анжела Фридеричи үшін тіл – ол адамды сипаттайтын нәрсе. Кейбір жануарлар, маймылдар немесе иттер сияқтылар, жеке бір сөздердің мағынасын игеруі мүмкін, алайда тек қана адам сөз таптарын бекітілген ережелерге сәйкес қисынды қиыстыруы мүмкін. Анжела Фридеричи және оның қызметкерлері ең алдымен тілдің дамуында шешуші рөл атқаратын мидың жетілуін зерттейді. Бұл мидың тіл үшін жауапты бөліктері әртүрлі жылдамдықпен дамуымен байланысты. Шамамен үш жасқа дейін біздің тіліміздің орталығы болып мидың самай үлесіндегі Вернике облысы (тілді түсіну) табылады. Тек қана осыдан кейін біртіндеп мидың екінші тіл ортылығы қосылады: бас миының маңдайлық үлесіндегі Брок облысы (сөйлеу). Енді саналы, неғұрлым күрделі сөлемдер құрастырылуы мүмкін. Бірақ бас миының екі бөлігі арасындағы жалғаулық байланыстар толығымен дамығанша көптеген жылдар өтеді. Енді тек қана жыныстық жетілу соңында біз кұрделі тұжырымдамаларды қарапайымдарды сияқты жылдам түсіне алатын боламыз.

Музыка мен тілде ортақ нәрселері көп. Макс Планк Қоғамының Эмпирикалық эстетика институтының нейропсихологы Даниэла Саммлер пікірінше, бұл, мысалы, анасы баласы ән айтқанда немесе онымен белгілі бір түрде сөйлескенде байқалады. Бала осы әуенде берілетін сезімдерді түсінеді. Тілде сияқты, әр мәдениет музыкасында дыбыстар мен үндестіктің анық реттілігі – басқа сөздермен айтқанда, «грамматика» бар. Музыканттар осы ережені бұзғанда, сөйлемде грамматикалық қате жасаған кездегідей, мидың бір бөліктері белсендіріледі. Тіл мен музыканың арқасында адамдар қатынасудың бір де бір тірі жанда жоқ екі тәсілін тапты. Даниэла Саммлер осының себебі болып мида ақпаратты өңдеу табылады деп мсенімді. Сондықтан оны зерттеуші тобы біздің қатынасымыздағы тіл әуенінің, сонымен қатар біз музыкадағы әуендерді қалай қабылдайтымыздың маңыздылығын зерттейді.
© Макс Планк Қоғамының Когнитивтік ғылымдар мен ми туралы ғылым институты, Лейпциг Пианиношы, магниттік-резонансты томографта жатып, осы мақстатар үшін арнайы әзірленген пианинода ойнайды. Ғалым оның ойынын және оның бас миының белсенділігін бақылай алады.
Тіл генде қаланған
Кейбір адамдар өздерінің ойларын тіл деңгейінде жақсы айта алады және шетел телдерді оңай үйренеді. Басқалар үшін бұл айтарлықтай қиын болады. Сондай-ақ бұл қоршаған ортаға да байланысты, бірақ сөйлеу мен тілдің дамуына арналған алғышарттар біздің генетикамызда қаланған. 1998 жылы Саймон Фишер ашқан FOXP2 және жиі «тіл гены» деп аталатын ген маңызды рөл атқарады. Бірақ ол тіл дамуының жалғыз алғышарты болуы мүмкін емес, өйткені сонымен қатар FOXP2 маймылдарда, кеміргіштерде, құстарда және тіпті балықтарда кездеседі. Бүгін FOXP2 – бұл транскрипциялық фактор екендігі белгілі. Ол нейробиологиялық желідегі 1000-ға дейін басқа гендарды белсендіреді. Осылайша, бірыңғай «тіл гены» жоқ – тіл, генетикалық деңгейде болса да, өте күрделі. Поэтому исследователи из отдела Фишера в Институте психолингвистики Общества Макс Планк Қоғамының Психолингвистика институтының Фишер бөлімінің зерттеушілері тіл мен сөйлеуді мүмкін ететін генетикалық және нейробиологиялық желілерді қалайды.
© Сара Рихтер/Pixabay